Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 - 2013 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 267 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.28 № 360 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 - 2013 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 8 наурыздағы  
№ 267 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2012 - 2013 жылдарға арналған перспективалық жоспары

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Әділетмині

Үкімет

Парламент

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын ic-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетіктерін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2012 жылғы 1-тоқсан

2012 жылғы 1-тоқсан

2012 жылғы 1-тоқсан

2.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тeмip жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ККМ

2012 жылғы 1-тоқсан

2012 жылғы 1-тоқсан

2012 жылғы 2-тоқсан

3.

2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

4.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

5.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

6.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА (келісім бойынша)

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 3-тоқсан

2012 жылғы 4-тоқсан

7.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жылғы 4-тоқсан

8.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратты дамыту және ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БАМ

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жылғы 4-тоқсан

2012 жылғы 4-тоқсан

9.

Жол қозғалысы туралы

ІІМ

2012 жылғы 2-тоқсан

2012 жылғы 2-тоқсан

2012 жылғы 2-тоқсан

10.

Шаруашылық серіктестіктер туралы

Әділетмині

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 1-тоқсан

11.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруашылық серіктестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 1-тоқсан

12.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилер қатысуымен сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖС (келісім бойынша)

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 1-тоқсан

2013 жылғы 2-тоқсан

13.

Бітімгершілік қызмет туралы

Қорғанысмині

2013 жылғы 2-тоқсан

2013 жылғы 2-тоқсан

2013 жылғы 2-тоқсан

14.

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2013 жылғы 2-тоқсан

2013 жылғы 2-тоқсан

2013 жылғы 2-тоқсан

15.

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

ЭДСМ

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 3-тоқсан

16.

2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 3-тоқсан

17.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 3-тоқсан

2013 жылғы 4-тоқсан

18.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жылғы 4-тоқсан

19.

«Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ЖРБА

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жылғы 4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржымині — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ЖРБА — Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 267 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 75-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 және 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1185 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 332-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің 2010 - 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің 2010 - 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 16-тармағы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 168-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 347-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады