Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1192 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде :
      "А-25 Ақтөбе-РФ шек. (Орск қаласына)" деген жолдағы "135" деген сандар "127" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "23502,6" деген сандар "23494,6" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады