Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 1237 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты үшін екі мұздатқыш машина сатып алуға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5750000 (бес миллион жеті жүз елу мың) теңге бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.11 N 2085 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады