Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі N 1293 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 543 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 543 қаулысымен.

      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 398 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1293 қаулысымен
бекітілген

Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 398 қаулысымен.

Р/с

N

Жобаның атауы

1

2

1

Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру

2

Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту

3

Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту

4

Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру

5

Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу

6

Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу

7

Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу

8

Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту

9

Балқаш ЖЭС-ін салу

10

Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту

11

Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистралдық газ құбырын салу

12

Астана қаласында локомотив құрастыру зауытын салу

13

Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

14

Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту

15

Мойнақ СЭС-ін салу

16

Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу

17

Орал ГТЭС салу

18

Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, 2-кезең

19

Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

20

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

21

Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

22

Калий тыңайтқыштарын өндіру

23

Күкірт қышқылын өндіру

24

Р65 түріндегі магистралдық рельстер шығару

25

Цифрлы телевидение жасау

26

Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу

27

Мемлекеттік медицина ұйымдары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру

28

Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында шығарылатын тепловоздармен локомотив паркін жаңарту

29

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы "Бәйтерек-А" акционерлік қоғамы базасында электровоздар шығаруды ұйымдастыру

30

"Казхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу"


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы

      ЖЭС - жылу электр станциясы

      СЭС - су электр станциясы

      ГТЭС - газ-турбиналық электр станциясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады