"Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 398 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 543 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 543 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі мындай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:

      "

30

"Казхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу"


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады