"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1325 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; N 22, 245-құжат; 2008 ж., N 29, 281-құжат; N 46, 523-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. АЭА:
      1) Астана қаласын құрылысқа инвестицияларды тарту және озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау арқылы жеделдете дамыту;
      2) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру мақсатында құрылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2.1. Мыналар АЭА аумағындағы негізгі өндірістік қызмет түрлері болып табылады:
      1) өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
      2) машиналар мен жабдықтарды жасау;
      3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      5) химия өнеркәсібі.";
      9-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) тауарларды жеткілікті түрде өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге, өңдеуге және пайдалануға арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда) мен материалдар;
      4) осы Ереженің 2-1-тармағында көрсетілген негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер;
      5) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және оқу-білім беру бағдарламаларын жүргізу үшін қажетті аспаптар, құрылғылар, тауарлар мен материалдар.";
      9-2-тармақтың 3) тармақшасындағы "орындау" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) тауарларды қайта өңдеу;
      5) осы Ережеге сай негізгі өндірістік қызмет түрлеріне сәйкес АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
      6) тауарларды сатуға дайындау;
      7) өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау";
      2) "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат; 2007 ж., N 3, 35-құжат; 2008 ж., N 38, 404-құжат; N 44, 495-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мыналар АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері болып табылады:
      1) тұрмыстық электр құралдарын шығару;
      2) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару;
      3) химия өнеркәсібі;
      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
      5) өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру;
      6) металлургия өнеркәсібі;
      7) дайын металл бұйымдарын жасау;
      8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
      9) мұнай-химия өнімдерін шығару.";
      3) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат, 2008 ж. N 38, 404-құжат):
      кіріспедегі "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "2013 жылғы 1 қазанға" деген сөздер "2028 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "342,9" деген цифрлар "163,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 560-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "1787,4" деген цифрлар "3475,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтардағы "және аралас", ", іліспе және аралас", ", іліспе, аралас" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақтағы ". АЭА-ның периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сыртқы инфрақұрылым объектілері (кірме автомобиль жолы, кірме темір жол, құбыржолдар, электр беру желілері) құрылыс кезеңіне уақытша (жылжымалы) қоршаулармен жабдықталады. Құрылыстың аяқталуы бойынша сыртқы инфрақұрылым объектілері тең аралықтар арқылы "Кедендік бақылау аймағы" деген тану белгілерімен белгіленеді.";
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2009 жылғы "___" ________
N _____ Жарлығына   
1-Қосымша       

      Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2003 жылғы
18 тамыздағы N 1166  
Жарлығымен бекітілген 
"Ақпараттық технологиялар
паркі" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге жоспар

"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары (Жалпы 8 = 163,02 гектар)

РҚАО-ның ескетрпесі. Қағаз мәтініне қараңыз

Қазақстан Республикасының
Президентінің    
2009 жылғы "___" ________
N _______ Жарлығына  
2-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы   
Президентінің        
2007 жылғы 19 желтоқсандағы 
N 495 Жарлығымен бекітілген 
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия
технопаркі" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге    
қосымша           

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының сызбасы

РҚАО-ның ескетрпесі. Қағаз мәтініне қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады