1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді орындау жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 1405 Қаулысы

      1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімді орындау жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.24 № 1228 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Келісім бойынша қазақстан тарапынан уәкілетті органның тағайындалғаны туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады