2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 1416 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 1416 қаулысымен     
бекітілген        

2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін
мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға
ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі

Р/с
N

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны (мың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге)

Қарыз алушы

1

Қазақстан Ұлттық электр желісіне 500, 220 кВ кернеулі желілерін қоса отырып, 500/220 кВ "Алма" қосалқы станциясын салу

29 967 598

2009 - 2013

29 777 598

"Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы" акционерлік қоғамы

2

Мойнақ су электр станциясының қуатын беру схемасы

7 487 155

2009 - 2011

7 326 730

"Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады