"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалың актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы.

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1481 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қазақстандық қамту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат, N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар, N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; 2009 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 11 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      167-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді қолдану бөлігіндегі талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға қырықтан бастап елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      оныншы бөліктегі "бірінші және төртінші" деген сөздер "бірінші, төртінші және 6-1-" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертудегі "алтыншы бөлікте" деген сөздер "алтыншы және 6-1-бөліктерде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 22, 170-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      29-1), 30), 31), 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "29-1) Қазақстанда шығарылатын тауар - оның Қазақстан Республикасының аумағында шығарылғанын растайтын ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар;
      30) тауардағы қазақстандық қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар мен тауарларды өндірушінің шығындары құнының тауардың түпкі құнындағы проценттік қатынасы;
      31) тауарларды қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
      32) жұмыстарды, қызметтерді қазақстандық өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қызметкерлердің жалпы санынан Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес процентін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
      мынадай мазмұндағы 30-1), 31-1), 32-1), 32-2), 32-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "30-1) жұмыстардағы (қызметтердегі) қазақстандық қамту - жұмыстарды (қызметтерді) өндірушінің еңбекақы төлеу қорында жұмысты орындау және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жұмысшыларға еңбекақы төлеу кезінде пайдаланылатын тауарлардағы қазақстандық қамту құнының жұмысты (қызметті) орындауға арналған шарттың жалпы құнындағы процентпен көрсетілген жиынтық сомалық үлесі;
      31-1) Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіруші - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндіретін жеке және заңды тұлғалар;
      32-1) келісім-шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеудің проценттік мазмұны:
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың филиал(дар)ы үшін: Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеудің жалпы сомасының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиал(дар) жұмысшыларына еңбекақы төлеудің жалпы қорына қатынасы;
      Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалар және/немесе кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеудің жалпы сомасының осы тұлға жұмысшыларына еңбекақы төлеудегі жалпы қорына қатынасы;
      32-2) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;
      32-3) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды бақылауға және мониторингілеуге, сондай-ақ электрондық сатып алуды жүргізуге және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;";
      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді.";
      3) 8-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру және келісім-шарттар талаптарын бұзу анықталған жағдайда шаралар қабылдау.";
      мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебінің және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту;
      15) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз ету;
      16) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      17) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұрату;
      18) жинақтау мен талдау үшін сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға бірлесіп бекітілген нысанға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық қамту жөнінде жалпы ақпарат беру.";
      4) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындауына мониторингті және құзыретті органмен бірлесіп, бақылауды жүзеге асырады;
      16) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      17) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан жүргізілетін және жүргізілген әрі жоспарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпарат сұрайды.";
      5) 8-3-бапта:
      1-тармақтағы 1), 3), 4), 6), 7) тармақшалар алып тасталсын;
      6) 42-баптың 2-4-тармағы "міндеттемелері" деген сөзден кейін ", сондай-ақ қазақстандық қамту бойынша міндеттемелері" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 63-баптың 1-тармағында:
      13-1), 13-2)тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-1) жыл сайын, сатып алуды жүргізу үшін жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша оған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
      13-2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, құзыретті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөнінде есеп ұсынуға;";
      19) тармақшадағы "міндетті." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бес жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды құзыретті органға ұсынуға;
      21) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімінде тіркелуге міндетті.";
      8) 63-1-бапта:
      1-тармақтың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ашық конкурс;";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі арқылы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ашық конкурс тәсілімен сатып алу кезінде конкурс өткізу туралы хабарландыру "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі" ақпараттық жүйесінде және аптасына кемінде үш рет жарияланатын әрі Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс";
      5-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртібін бұза отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт міндеттемелерін орындауы ретінде ескеретін шығыстардан алып тасталады.";
      9) мынадай мазмұндағы 77-баппен толықтырылсын:
      "77-бап. Өтпелі ережелер
      1. Осы Заңның 63-1-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының ережесі 2010 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
      2. Осы Заңның 63-1-бабы 2-1-тармағының ережесі 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.".
      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж.,  N 2-3, 9-құжат):
      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24), 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      "24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органға береді;
      25) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастырады.".
      4. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21, 97-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 34-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
      "34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
      1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінің негізінде жүзеге асырылады.
      Жанама иелену әрбір келесі ұйымның өзге ұйым акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп процентін меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен иеленуін білдіреді.
      2. Егер Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:
      1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы - тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің бағаларын шартты төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге;
      2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің өтініштерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағалардың шартты төмендеуін қолдануға;
      3) тендерлік баға ұсыныстары тең болған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілерге артықшылық беруге тиіс.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде оған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту жөнінде ақпарат беруге міндетті.
      Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.".
      5. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 88-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 21, 97-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "барлық өлшемдердің" деген сөздерден кейін ", оның ішінде қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 21-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы "қамтуға тиіс" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелерді;
      19) концессионердің жыл сайын, сатып алу жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде оған алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсыну жөніндегі міндеттемелерін қамтуға тиіс".
      6. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат; N 9-10, 47, 49-құжаттар; N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 11 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 12 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      5) тармақшадағы "тауарларға," деген сөз алып тасталсын;
      6-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-2) қазақстандық қамту - мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуі және толық өндіруі өлшемдеріне сәйкес тауар(лар)да белгіленген үлестің(тердің) Қазақстанда шығарылған құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауар(лар)дың жалпы құнынан проценттік мазмұны;";
      4-баптың 1-тармағының 44) тармақшасы алып тасталсын;
      13-бапта:
      19) тармақшада:
      "республикалық" деген сөз алып тасталсын;
      "осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер, отандық 9 кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың неғұрлым: қомақты шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілерге ұсынылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіруші, жұмыстарды орындаушы, қызметтерді көрсетуші ұйымдардан ғана осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      4. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіруші, жұмыстарды орындаушы, қызметтерді көрсетуші ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін, көлемін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Бұл ретте мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің аталған ұйымдарындағы мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының елу бір процентінен кем болмауы тиіс".
      7. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., N 2-3, 17-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде:
      1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы - отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің бағаларын шартты төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге;
      2) отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағалардың шартты төмендеуін қолдануға;
      3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге артықшылық беруге тиіс.
      Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.
      Жүргізілетін сатып алу туралы ақпарат ұлттық басқарушысы холдинг тұлғасындағы индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде оған шоғырландырылған түрде ұсынылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады