"Мойнақ СЭС қуатын беру схемасы" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдігін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қарашадағы N 1771 Қаулысы

      "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" "КЕGОС" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "КЕGОС" АҚ) іске асыратын "Мойнақ СЭС қуатын беру схемасы" жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) "КЕGОС" АҚ-мен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне (бұдан әрі - Банк) "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер берудің лимиті шегінде 48000000 (қырық сегіз миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша "КЕGОС" АҚ-ның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "КЕGОС" АҚ-ның мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын  талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады