"Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 1546 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 11 - 23 қазан кезеңіне;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы инвестициялық келісім-шарттардың шеңберінде өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Балжан Боранбайқызы Жанбекова мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік режимдер бөлімінің бастығы Нұрлан Күлмесханұлы Байназаров 2009 жылғы 11 - 17 қазан кезеңіне;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Викторович Тен 2009 жылғы 14 - 23 қазан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне, Б.Б. Жанбековаға, Н.К. Байназаровқа және И.В. Тенге қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 1776 қаулысына
қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Байболов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мұхтар Қазыбекұлы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
кедендік бақылауды ұйымдастыру
басқармасының бастығы
Ефимчук - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Николаевич министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
құқықтық қамтамасыз ету басқармасының
бастығы
Мамашева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дина Талғатқызы Кедендік бақылау комитетінің талдау және
статистика басқармасы бастығының
орынбасары
Тәниев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Ержан Бақытұлы Кедендік бақылау комитетінің кедендік
кірістер басқармасы бастығының орынбасары