Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 768 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 1791 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы N 1250 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1250 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 768 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 364-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 9 қарашадағы 
N 1791 қаулысына.    
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2007 жылғы 5 қыркүйектегі 
N 768 қаулысымен      
бекітілген       

Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) шарттардың және (немесе) келісім-шарттардың көшірмелерімен расталатын бір күнтізбелік жыл ішінде астықты ішкі нарықта және (немесе) экспортқа сату жөніндегі астық нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;
      2) кәсіпкерлік субъектісіне (шағын, орта, ірі) тиесілігі туралы ақпараты бар түсіндірме жазбаның болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады