Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 768 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы N 1250 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1250 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы«5 қыркүйектегі
N 768 қаулысымен   
бекітілген   

Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі - Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
 

      2. Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
 

      3. Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары лицензиялау субъектілері болып табылады.
 

      4. Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (бұдан әрі - лицензия) қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін бас лицензия болып табылады.
 

      5. Лицензия иеліктен айырылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

2. Лицензияны беру, қайта рәсімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі

      6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлға үшін - жарғы мен өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері;
      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) астықты экспортқа сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
 

      7. Лицензия беру үшін лицензиарға тапсырылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиар құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (беріледі).
 

      8. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттарымен бірге өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелденген жауап беруге міндетті.
 

      9. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында»"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
 

      10. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда және заңды тұлға бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылғанда, заңды тұлғаның атауы өзгерген, қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, сондай-ақ егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар негізінің өзгеруіне әкеліп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
 

      11. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
 

      12. Егер:
      1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен астықты экспортқа сату жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
      3) лицензияланатын қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
 

      13. Егер лицензия осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

3. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату, лицензияны қайтарып алу

      14. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
 

      15. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) заңды тұлға таратылғанда бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен осы түр алып тасталғанда тоқтатылады.
 

      16. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

4. Есеп және бақылау

      17. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
 

      18. Лицензиар өз құзыреті шегінде лицензиаттан тиісті құжаттар беруді талап етуге және лицензиялық бақылау жүргізу үшін қажетті жазбаша немесе ауызша түрде ақпаратты алуға құқылы.
 

      19. Лицензиаттың лицензиарға беретін ақпараты дұрыс болуға тиіс.
 

      20. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрылған, қайта берілген және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялар тізілімін жүргізеді.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 5 қыркүйектегі  
      N 768 қаулысымен      
бекітілген      

Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1791 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Астықты экспортқа сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) шарттардың және (немесе) келісім-шарттардың көшірмелерімен расталатын бір күнтізбелік жыл ішінде астықты ішкі нарықта және (немесе) экспортқа сату жөніндегі астық нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;
      2) кәсіпкерлік субъектісіне (шағын, орта, ірі) тиесілігі туралы ақпараты бар түсіндірме жазбаның болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады