Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 10 қарашадағы
N 1803 қаулысымен     
бекітілген     

Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 742 Қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 10-бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚІжТКША" - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
      3. "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 249-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "II кезең 2009 - 2010 жылдар" деген бөлімде:
      "Инвестициялық саясат" деген кіші бөлімде:
      "2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту" деген тарауда:
      реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "6. Мәдениет және спорт" деген тарауда:
      реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы" деген тарауда:
      реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "8. Қаланы абаттандыру" деген тарауда:
      реттік нөмірлері 126, 127, 128, 130-жолдардың 4-бағанындағы "Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 51-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      "5. Орнықты экономикалық прогресс" деген бөлімде:
      "5.1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "5.2. Орнықты және серпінді технологияларды енгізу" деген кіші бөлімінде:
      реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "КІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
      5. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы N 209 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 2.1-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1199 Қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 924 Қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.11 № 130 Қаулысымен.
      9. "2009 — 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 38-жолдың 4-бағаны "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
      "6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44-жолдардың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "9. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 80-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпе "ҚҚА — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚІжТКША — Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
      10. "Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1100 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура алынып тасталсын;
      "3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 9, 10-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпедегі "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын.
      11. "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 45, 514-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасында:
      "2009 — 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірлері 15, 18 және 19-жолдардың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпе "ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі".
      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.29 N 1389 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады