Астана қаласындағы "Астанаөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-технологиялық кешеніндегі өрттің салдарынан болған топтық жазатайым жағдайдың себептерін арнайы тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қарашадағы N 1809 Қаулысы

      2009 жылғы 9 қарашада Астана қаласындағы "Астанаөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-технологиялық кешеніндегі өрттің салдарынан болған топтық жазатайым жағдайдың себептерін арнайы тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Астана қаласындағы "Астанаөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік-технологиялық кешеніндегі өрттің салдарынан болған топтық жазатайым жағдайдың себептерін және өрттің салдарларын жою, арнайы тексеру жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.
      2. Комиссия жедел түрде жұмысқа кіріссін, топтық жазатайым жағдайдың себептерін және мән-жайын жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген шығынның көлемін анықтасын, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Комиссия жетекшісі В.К. Божко топтық жазатайым жағдайды тексерудің нәтижелері және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 11 қарашадағы
N 1809 қаулысына  
қосымша      

Астана қаласындағы "Астанаөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің өндірістік-технологиялық кешеніндегі өртті
тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия

Божко                      - Қазақстан Республикасының
Владимир Карпович            Төтенше жағдайлар министрі, төраға

Крылов                     - Астана қаласы әкімінің орынбасары,
Василий Леонидович           төрағаның орынбасары

Петров                     - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович           Төтенше жағдайлар вице-министрі,
                             төрағаның орынбасары

Бисақаев                   - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серікқали Ғұмарұлы           халықты әлеуметтік қолдау министрлігі
                             Бақылау және әлеуметтік қорғау
                             комитетінің төрағасы, төрағаның
                             орынбасары

Кузнецов                   - Қазақстан Республикасы Төтенше
Александр Георгиевич         жағдайлар министрлігі Өртке қарсы
                             қызмет комитеті мемлекеттік өрт
                             бақылауы басқармасының бастығы, хатшы

Жөргенбаев                 - Қазақстан Республикасы Бас
Мұхтар Әкебайұлы             прокурорының орынбасары

Әубәкіров                  - Қазақстан Республикасы Төтенше
Серік Ғабдұлұлы              жағдайлар министрлігі Өртке қарсы
                             қызмет комитетінің төрағасы

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы            вице-министрі

Сүлейменов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы               және бюджеттік жоспарлау вице-министр

Жошыбаев                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы            істер министрлігінің жауапты хатшысы

Әміров                     - Қазақстан Республикасы Ішкі
Мұхарам Серікұлы             істер министрлігі Тергеу комитетінің
                             төрағасы

Ахметов                    - Астана қаласы "Алматы" ауданының
Сапар Қайратұлы              әкімі

Ермеков                    - Астана қаласы жұмылдыру дайындығы,
Тұрсынбек Өмірәліұлы         азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей
                             апаттардың алдын алуды және жоюды
                             ұйымдастыру басқармасының бастығы

Мифенко                    - "Стройпромпол" жауапкершілігі шектеулі
Петр Игоревич                серіктестігінің директоры

Богданов                   - "Ақтөбе-Экорт" жауапкершілігі шектеулі
Игорь Владимирович            серіктестігінің директоры

Сейітқалиев                - "Сабырлы" жауапкершілігі шектеулі
Берік Қапарбекұлы            серіктестігінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады