Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы N 1538 және 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы N 1863 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.09.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы N 1538 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 465-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 қарашадағы
N 1863 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 7 қазандағы
N 1538 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының (бұдан әрі - Қор) құрамына жатқызу тәртібі, оларды есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қор - Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;

      2) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кәсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) мұрағат қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттар жиынтығы;

      4) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметінде құрылған және бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріктірілген құжаттар жиынтығы.

      4. Қор мемлекеттік және жеке меншіктегі құжаттардан тұрады.

2. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын
Қордың құрамына жатқызу тәртібі

      5. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Қордың құрамына жатқызуды осы Ережеде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару уәкілетті мемлекеттік органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптаудың негізінде жүзеге асырады.

      6. Республикалық меншіктегі құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру үшін уәкілетті орган Орталық сараптау-тексеру комиссиясын (бұдан әрі - ОСТК), коммуналдық меншіктегілер үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) сараптау-тексеру комиссияларын (бұдан әрі - СТК) құрады.

      7. ОСТК туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді, СТК туралы ережені және оның құрамын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      8. Құжаттардың пайда болуы, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері оның құндылығының өлшемі болып табылады.

      9. Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі оң болған кезде уәкілетті орган құжатты Қордың құрамына жатқызу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

      10. Уәкілетті орган құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау қорытындысы теріс болған кезде Қордың толықтыру көздеріне Қор құрамына құжатты енгізуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      11. Қордың толықтыру көздері СТК қорытындыларына ОСТК-ға шағым жасауы мүмкін.

      12. Қордың мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік мұрағаттары мен олардың Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін филиалдарына беріледі.

      13. Қордың жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда тіркеледі.

      14. Қордың құжаттарын және олардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік, ведомстволық және жеке мұрағаттарда тұрақты және уақытша сақтау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды
Қордың құрамынан шығару тәртібі

      15. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығаруды құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      16. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса, құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару міндетті болып табылады.

      Қордың құрамынан саяси және идеологиялық пікірлерге байланысты шығаруға тыйым салынады.

      17. Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін мемлекеттік мұрағаттар уәкілетті органға құжатты Қордың құрамынан шығару туралы өтініш жолдайды.

      18. Уәкілетті орган ОСТК немесе СТК оң қорытындыларының негізінде құжатты Қордың құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.

      Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі теріс болған кезде мемлекеттік мұрағаттарға құжатты Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолданады.

      19. СТК қорытындыларына мемлекеттік мұрағаттар ОСТК-ға шағым жасауы мүмкін.

4. Қордың құжаттарын есепке алу және сақтауды ұйымдастыру
тәртібі

      20. Қор құжаттарының меншік нысандарына қарамастан, олар орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуға тиіс.

      21. Қордың құжаттарын мемлекеттік есепке алу тәртібі орталықтандыру, біріздендіру, реттілік, толымдылық пен шынайылық қағидаттарына негізделеді.

      22. Қордың құжаттарын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады