Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 1874 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
      Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат;
      Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей:
      Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат;
      Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы қорытынды ақпарат;
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2010 жылғы 25 шілдеден және 2011 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 18 қарашадағы
N 1874 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың
2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар, млн. теңге 2010 жыл

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

1

Республиканың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына 2010 жыл ішінде мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп*

АШМ (жинақтау), мүдделі орталық атқарушы органдар, облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 ақпан


Талап етілмейді

2

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын іске асыруды аяқтау

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

2. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

2.1. Сумен жабдықтау

2.1.1

Нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ауыз сумен жабдықтау объектілерін салу мен қайта жаңарту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері

2010 жылғы 10 қаңтар

151,3

Жергілікті бюджет

2.1.2

Ауылдық елді мекендердегі ауыз сумен жабдықтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

968,3

Жергілікті бюджет

464,5

Басқа көздер

2.1.3

Тасымалданатын суды және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесін пайдаланатын тұрғындарының саны 1000 адамнан астам ауылдық елді мекендердегі ауыз сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңарту

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 1 ақпан

10 212,1

** Республикалық бюджет

10 812,5

Жергілікті бюджет

2.2. Электрлендіру

2.2.1

Техникалық мүмкіндіктері бар электрлендірілмеген ауылдық елді мекендерді электрмен жабдықтау жөніндегі шараларды қабылдау

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

165,2

Басқа көздер

2.2.2

Ауылдық электрмен жабдықтау объектілерін салу, қайта жаңарту және жөндеу жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1915,0

** Республикалық бюджет

525,7

Жергілікті бюджет

125,9

Басқа көздер

2.2.3

Ауылдық елді мекендерде қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат*

ЭМРМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

2.3. Ауыл жолдары***

2.3.1

Жыл сайынғы көктемгі және күзгі байқаулардың нәтижелерін пайдаланып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және қайта жаңартуды жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

ККМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

5 290,9

** Республикалық бюджет

4 743,9

Жергілікті бюджет

0,2

Басқа көздер

2.3.2

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

ККМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

10 044,8

** Республикалық бюджет

18 518,4

Жергілікті бюджет

2.4. Байланыс, телефон орнату, почта-жинақ жүйесі

2.4.1

Тұрғындарының саны 50 адамнан аз ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, республиканың ауылдық елді мекендеріне толықтай телефон орнатуды қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат*

АБА (жинақтау), облыстардың әкімдері, "Қазақтелеком" АҚ

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

2.5. Газдандыру

2.5.1

Ауылдық елді мекендерді, оның ішінде магистральды газ құбырларына жақын орналасқандарды газдандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

ЭМРМ (жинақтау), ҚТКШІА, облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

4 078,1

** Республикалық бюджет

10 789,7

Жергілікті бюджет

3. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

3.1. Білім беру

3.1.1

Ауылдық жерлерде авариялық және бала саны өте көп мектептердің орнына білім беру объектілерін салуды, сондай-ақ шалғай мал шаруашылығы қызметкерлерінің балаларын оқыту үшін мектеп-интернаттар салуды жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

БҒМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

10 233,0

** Республикалық бюджет

19 120,4

Жергілікті бюджет

3.1.2

Ауылдық жерлерде білім беру объектілеріне қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

5 689,5

Жергілікті бюджет

8,968

Басқа көздер

3.1.3

Ауылдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

2 712,0

Жергілікті бюджет

24,7

Басқа көздер

3.1.4

Оқушыларды шалғай селолар мен ауылдардан мектепке жеткізуді қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

280,5

Жергілікті бюджет

3.2. Денсаулық сақтау

3.2.1

Ауылдық елді мекендерде бейімделген, авариялық және жалға алынған үй-жайлардағы объектілердің орнына денсаулық сақтау объектілерін салуды жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

ДСМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

27 055,2

** Республикалық бюджет

8 665,2

Жергілікті бюджет

3.2.2

Ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау объектілеріне қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

2 281,7

Жергілікті бюджет

0,02

Басқа көздер

3.2.3

"Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицина мен ұтқыр медицинаны дамыту" жобасын іске асыру

АШМ-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

747,7

** Республикалық бюджет

3.2.4

Ауылдық жерлерде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдау

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1 563,04

Жергілікті бюджет

0,446

Басқа көздер

3.2.5

Ауылдық денсаулық сақтау объектілері желісін бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдау

ДСМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

3.3. Мәдениет

3.3.1

Тұрғындарының саны 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекендерде мәдени-демалыс орталықтарын салуды жүзеге асыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1 083,3

Жергілікті бюджет

3.3.2

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істемей тұрған мәдениет ұйымдарын (клубтар, кітапханалар) қалпына келтіруді қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1 054,8

Жергілікті бюджет

45,5

Басқа көздер

3.3.3

Ауылдық жерлерде мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1 702,9

Жергілікті бюджет

6,2

Басқа көздер

3.3.4

Мәдениет ұйымдары желісінің мемлекеттік ең төменгі нормативін әзірлеу

АШМ-ге ақпарат*

МАМ

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

3.3.5

Ауылдық жерлерде мәдениет объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

89,0

Жергілікті бюджет

3.4. Тұрғын үй

3.4.1

Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келетін әлеуметтік сала қызметкерлері үшін ауылдық елді мекендерде тұрғын үй салуды қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат*

ҚТКШІА (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

621,8

Жергілікті бюджет

3.5. Спорт, туризм

3.5.1

Ауылдық спорттық құрылыстар объектілерін салуды, қайта жаңарту мен жөндеуді жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

1 567,5

Жергілікті бюджет

1,9

Басқа көздер

3.5.2

Ауыл жастары арасында спорттың алуан түрлері бойынша жарыстар өткізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

187,5

Жергілікті бюджет

3,4

Басқа көздер

3.6. Халықты жұмыспен қамту

3.6.1

Ауыл халқының әлеуметтік осал топтарына шағын кредит беруді жүзеге асыру

АШМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

822,3

Жергілікті бюджет

3.7. Қоғамдық қауіпсіздік

3.7.1

Қызметтік үй-жайлары жоқ ауылдық елді мекендерде учаскелік полиция инспекторлары үшін учаскелік полиция пункттерін құру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

3.7.2

Ауылдық учаскелік полиция пункттерін қажетті мүкәммалмен жарақтандыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

66,0

Жергілікті бюджет

4. Жер қатынастары

4.1

Ауылдық елді мекендерді картографиялық материалдармен (аэротүсірілім, далалық және камералық жұмыстар) қамтамасыз ету

АШМ-ге ақпарат

ЖРА (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

17,8

Жергілікті бюджет

5. Ауылды таратып орналастыруды модельдеу

5.1

Әрбір ауылдық елді мекеннің әлеуетті сыйымдылығын, тіректі ауылдық елді мекендерді анықтау

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

5.2

Ауылдық елді мекендерді "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестігіне түгендеу жүргізу және таратылған ауылдық елді мекендерді есепке алу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

5.3

Шекаралық аумақтарда орналасқан ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі шараларды іске асыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

5.4

"Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберінде ішкі көші-қон ағынын реттеу жөніндегі шараларды іске асыру

АШМ-ге ақпарат*

Еңбекмині (жинақтау), облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

5.5

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

4 063,2

** Республикалық бюджет

6. Ауылдық аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6.1

Ауылдық елді мекендерде тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпті өндірістер мен технологиялардың мониторингін жүргізу

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар


Талап етілмейді

6.2

Ауылдық аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

4 609,9

Жергілікті бюджет

111,8

Басқа көздер

6.3

Авариялығы жоғары су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру

АШМ-ге ақпарат*

Облыстардың әкімдері

2011 жылғы 20 қаңтар

550,0

** Республикалық бюджет

      Ескертпе:
      * - ауылдық елді мекендер бөлінісіндегі ақпарат
      ** - шығыстардың болжамды сомалары 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады
      *** - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде көзделген

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АШМ       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ДСМ       - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      БҒМ       - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ККМ       - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                  министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                  әлеуметтік қорғау министрлігі
      ЭМРМ      - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
                  ресурстар министрлігі
      МАМ       - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                  министрлігі
      ҚТКШІА    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                  үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      АБА       - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
                  агенттігі
      ЖРА       - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                  агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады