Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1941 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 608-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ "Осы қаулы" деген сөздерден кейін "2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады