Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Оман Сұлтандығында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Оман Сұлтандығында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Маскат қаласында (Оман Сұлтандығы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев