Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1967 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өркен" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 586 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:

"Шәмшидинова                - Қазақстан Республикасының Білім
Күләш Ноғатайқызы             және ғылым вице-министрі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Шәмшидинова                - "Өркен" акционерлік қоғамының басқарма
Күләш Ноғатайқызы             төрайымы";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қуанғанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы            ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

Келімбетов                  - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры"
Қайрат Нематұлы               акционерлік қоғамының басқарма
                              төрағасы";

      мына:

"Өтеулина                   - "Өркен" акционерлік қоғамының басқарма
Хафиза Мұхтарқызы             төрайымы";

      деген жол алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бір ай мерзімде тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады