Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.08 N 911 Қаулысымен.
"Өркен" акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 452 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Назарбаев Зияткерлік мектептері" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлардың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.08 N 911 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
N 586 қаулысына
қосымша
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" акционерлік қоғамының
директорлар кеңесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.06 N 1184, 2009.11.30 N 1967, 2010.03.19 № 221, 2010.09.08 N 911 Қаулыларымен.
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы көмекшісі
Кармазина - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы вице-министрі
Даленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Шәмшидинова - "Өркен" акционерлік қоғамының басқарма
Күләш Ноғатайқызы төрайымы
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының
Махметғали Нұрғалиұлы Білім және ғылым вице-министрі
Келімбетов - Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат коры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Томас Кучера - тәуелсіз директор
Чарман Кеннес Пол - тәуелсіз директор
Мурзабекова - тәуелсіз директор
Светлана Викторовна
Даниэль Бэстиэн - тәуелсіз директор
Әшімбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары»,
Сәрінжіпов - «Назарбаев, Университеті» коммерциялық
Аслан Бәкенұлы емес акционерлік қоғамның президенті