"Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2035 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2008 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың
кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі - кеден одағына қатысушы мемлекеттер) бірыңғай кеден аумағында тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім кеден одағында кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін (бұдан әрі - әкелінетін тауарлар) және осы аумақтан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындайды, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары соларға сәйкес әзірленеді.

2-бап

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «кедендік құнды декларациялау» - тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті мәліметтерді мәлімдеу;
      «кедендік құн декларациясы» - тауарлардың кедендік құны және оны айқындау үшін қажетті мәліметтер көрсетілетін кедендік құжат.

3-бап

      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау осы тауарларды декларациялау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

4-бап

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау Тараптардың бірінің тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органына тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің мән-жағдайларымен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

6-бап

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау жазбаша, электронды және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарымен айқындалған өзге нысандарда жүргізіледі.

7-бап

      Кедендік құн декларациясында мәлімделетін мәліметтер кедендік мақсаттар үшін қажетті мәліметтер болып табылады.
      Әкелінетін тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты ұсынылатын мәліметтер дұрыс, сандық жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпаратқа негізделуі тиіс.
      Кедендік күн декларациясында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарымен айқындалған тұлға жауапты болады. Кедендік құн декларациясын тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы қабылдаған сәттен бастап бұл декларация заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжат болып табылады.

8-бап

      Кедендік құн декларациясы кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер кедендік декларацияда мәлімделеді.
      Кедендік құн декларациясын міндетті түрде толтыру белгіленбеген барлық жағдайларда, тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы әкелінген тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растау үшін кедендік құн декларациясын ұсынуды талап етуге құқылы.

9-бап

      Кедендік құн декларациясының нысандары мен оларды толтыру ережесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. Олар күшіне енгенге дейін Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасының нормалары қолданылады.
      Кедендік құн декларациясының нысандары мен оларды толтыру ережесі Тараптар мемлекеттерінде ресми жариялануға тиіс.

10-бап

      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аумағында тауарды кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы валюта бағамы қолданылады.

11-бап

      Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда мүдделі Тараптардың кез келгені мұндай дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

12-бап

      Осы Келісімге Тараптардың уағдаластығы бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

13-бап

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
      2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясына өзінің функцияларын бергенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті болып табылатын депозитарийде сақталады.
      Депозитарий әрбір Тарапқа осы Келісімнің куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                Қазақстан              Ресей
   Республикасының        Республикасының        Федерациясының
    Үкіметі үшін           Үкіметі үшін           Үкіметі үшін

      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады