Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2041 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап:
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық өндірістің алкоголь өніміне арналған;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкелінетін алкоголь өніміне арналған жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.
      2. Алкоголь өнімін 2010 жылғы 31 мамырға дейін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етілсін.
      3. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1473 (2010.12.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2041 қаулысына   
1-қосымша       

Голографиялық қорғаныс элементі
бар есепке алу-бақылау таңбасы
Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы
65 х 17 форматты

(қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2041 қаулысына   
2-қосымша       

Голографиялық қорғаныс элементі
бар есепке алу-бақылау таңбасы
(әкелінетін өніміне арналған)
Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы
65 х 17 форматты

(қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады