«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 653-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2015 жылғы 23 мамырдан бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау мүмкіндігімен,
2017 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 497-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 123-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов