Республикалық және шетел жаңалықтары сюжеттерінің күн сайынғы мониторингі үшін жабдықтар кешенін жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 2054 Қаулысы

      "Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының теңгерімдік құны 101756916 (бір жүз бір миллион жеті жүз елу алты мың тоғыз жүз он алты) теңге республикалық және шетел жаңалықтары сюжеттерінің күн сайынғы мониторингі үшін жабдықтар кешенін (бұдан әрі - кешен) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне ерікті және өтеусіз беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кешенді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады