Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Варшава қаласына (Польша Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 1450 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым департаменті ізгілік басқармасының бастығы Саягүл Болатқызы Қонақбаева 2009 жылғы 27 қыркүйек - 7 қазан кезеңіне";
2-тармақтың үшінші абзацындағы "Алматы - Майндағы Франкфурт - Варшава - Майндағы Франкфурт - Астана" деген сөздер "Алматы - Майндағы Франкфурт - Варшава - Майндағы Франкфурт - Алматы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшадағы "Қонақбаева Саягүл Болатқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым департаментінің басқарма бастығы" деген жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов