Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2083 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 152 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген 2-бөлімде:
      "Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту" деген 2.1-кіші бөлімде:
      төртінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мәселен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы ЖІӨ өндірісі 2007 жылмен салыстырғанда 3,3 %-ға өсті, бұл 2007 жылға қарағанда 5,6 пайыздық тармаққа төмен.";
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,1 %-ға ұлғайды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,5 %-га, электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлуде - 5,4 %-ға ұлғайды.";
      сегізінші абзацтағы "2,6 %" деген сандар "2,9 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру" деген 2.2-кіші бөлімде:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі қабылданған стратегиялық бағдары шеңберінде оны іске асырудың 2010 жылға дейінгі бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты елді дамытуды ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауды жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасы әзірленетін болады.";
      "Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері" деген 3-бөлімде:
      "Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту" деген 1-стратегиялық бағытта:
      "Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету" деген 1-мақсатта:
      Нысаналы индикаторларда:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2009 жылы ЖІӨ-нің өсуі - 0,1 %; 2010 - 2011 жылдары 2,4 % - 2,5 %";
      "3,4 %" деген сандар "3,5 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      "9,5 %" деген сандар "10,2 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Макроэкономикалық талдау және болжамдау сапасын арттыру" деген 1-міндетте:

"

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет өлшемдері болжамын әзірлеу

ҚРҮ отырысының хаттамасы


1

1

1

1

"

      деген жолдағы "және бюджет өлшемдері" деген сөздер алынып тасталсын;

"

Елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге, соның ішінде on-line режимінде жедел мониторинг жүйесін енгізу

ҚРҮ-ге есеп


6

12

12

12

"

      деген жолдағы "жүйесін енгізу" деген сөздер "жүргізу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау" деген 4-міндетте:

"

"30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларды Серпінді жобалар тізбесіне енгізу кезеңдерін қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, "Серпінді жобалардың базалық тізбесі" ұғымын айқындау

НҚА жобасы



1



"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу

НҚА жобасы



1



";

"

Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасын оңтайландыру

Заң жобасы



1



"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Заң жобасы




1


";

      "Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру" деген 2-стратегиялық бағытта:
      "Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру" деген 3-мақсатта:
      Нысаналы индикаторлар мынадай редакцияда жазылсын:

"

Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізу:
2009 жылы - жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін 30 %;

2010 жылы - жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 60 %;

2011 жылы - жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 %"

";

      "Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі" деген 4-бөлімде:
      "Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту" деген 1-стратегиялық бағытта:
      "Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету" деген 1-мақсатта:
      "Мемлекеттік органның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған қызметі" деген 2-бағанда:
      "Үшінші. "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді.", "Тұтастай алғанда, "30 корпоративті көшбасшы" бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиіс", "Бейіндік министрліктердің, "Қазына" қоры мен өзге де холдингтердің, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, "серпінді" жобаларды іске асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болады." деген сөйлемдер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"


Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Нұр Отан" ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 326 Өкімі

";

      "Бюджеттік бағдарламалар" деген 7-бөлімде:
      001 "Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер" деген бюджеттік бағдарламада:
      "1. Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі" деген бөлімде:
      "Нәтижелер көрсеткіштерінде":

"

2009 - 2011 жылдардағы ЖІӨ өсімі 1-3%

%


3,1

1-3

1-3

1-3

"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

ЖІӨ өсімі %-бен

%


3,3

0,1

2,4

2,5

";

      "2. Инвестициялық саясатты қалыптастыру, мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тиімділігін қамтамасыз ету" деген бөлімде:
      "Сандық көрсеткіштерде":

"

"30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларды Серпінді жобалар тізбесіне енгізу кезеңдерін қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, "Серпінді жобалардың базалық тізбесі" ұғымын айқындау

НҚА жобасы



1



"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

"Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу"

Жарлық жобасы



1



";

      "3. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу, бюджетаралық қатынастар саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, өңірлік (аумақтық) саясатты қалыптастыру" және "4. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша мониторинг және талдау жүйесін жетілдіру" деген бөлімдерде:
      6-бағанның "Нәтиже көрсеткіштерінде" "3,4" және "9,5" деген сандар тиісінше "3,5" және "10,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      "10. Лицензиялау, тарифтік саясат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру" деген бөлімде:
      "Нәтиже көрсеткіштерінде":

"

Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасын оңтайландыру

Заң жобасы



1



"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Заң жобасы




1


";

      "2009 жыл" деген бағанда:
      004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарларын техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Сандық көрсеткіштерде" және "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "36" және "2 077 493,0" деген сандар тиісінше "18" және "1 432 473,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      006 "Концессиялық ұсыныстардың, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттарды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау" деген бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) мынадай редакцияда жазылсын:
      "006 "Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау";
      "2009 жыл" деген бағанда:
      "Сандық көрсеткіштерде" және "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "176" және "562 612,0" деген сандар тиісінше "132" және "471 149,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2009 жыл" деген бағанда:
      007 "Экономика және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Сандық көрсеткіштерде" және "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "20" және "1 114 328,0" деген сандар тиісінше "22" және "934 432,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      010 "Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "30 600,0" деген сандар "28 248,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      011 "Халықаралық ұйымдармен бірге жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулерді іске асыруды қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Сандық көрсеткіштерде" және "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "10", "2 385 000,0" және "900 000,0" деген сандар тиісінше "18", "2 405 413,0" және "920 413,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      025 "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "50 387 000,0" деген сандар "67 345 613,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      026 "Орталық-Азия өңірін дамытуды қолдайтын халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету";
      028 "Кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделеріне өкілдік етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу";
      043 "Біріктірілген, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру мақсатында мастер-жоспарлар әзірлеу" деген бюджеттік бағдарламалар алынып тасталсын;
      "2009 жыл" деген бағанда:
      045 "Рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі консалтингтік қызметтерді сатып алу" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "150 000,0" деген сандар "0,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      003 "Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені құру және дамыту" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстарда" "490 131,0" деген сандар "489 411,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      044 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Компьютерлік техниканы сатып алу" деген жолдың "Сандық көрсеткіштерінде" "50" деген сандар "64" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бюджеттік шығыстардың жиынтығы" деген кестенің "2009 жыл" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "74 382 580,2", "6 547 556,2", "67 835 024,0", "27 323 086,0", "46 086,0", "27 277 000,0", "101 705 666,2", "6 593 642,2" және "95 112 024,0";
      "Стратегиялық бағыттар бойынша шығыстарды, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламаларды бөлу" деген кестеде:
      "004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарларын техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдың "2009 жыл" деген бағанында "2 077 493,0" деген сандар "1 432 473,0" деген сандармен ауыстырылсын;

"

006 "Концессиялық ұсыныстардың, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттарды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау" бюджеттік бағдарламасы

50 028,0

182 248,0

562 612,0

697 698,0

697 698,0

"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

006 "Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау" бюджеттік бағдарламасы

50 028,0

182 248,0

562 612,0

697 698,0

697 698,0

";

      "2009 жыл" деген бағанда:
      "007 "Экономика және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу"бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "1 114 328,0" деген сандар "934 432,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "010 "Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "30 600,0" деген сандар "28 248,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "011 "Халықаралық ұйымдармен бірге жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулерді іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "2 385 000,0" деген сандар "2 405 413,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "025 "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "50 387 000,0" деген сандар "67 345 613,0" деген сандармен ауыстырылсын;

"

1-Стратегиялық бағыт Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту






1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету






5-мақсат. Бәсекеге қабілеттілікті, оның ішінде Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингтерін арттыру жөніндегі қызметті мониторингтеу мен талдау жүйесін жетілдіру






026 "Орталық-Азия өңірін дамытуды қолдайтын халықаралық қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы

0,0

0,0

150 000,0

0,0

0,0

";

      және

"

1-Стратегиялық бағыт Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту






1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету






4-міндет. Экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау






043 "Біріктірілген, өзара байланысты және ілеспе өндірістер кешенін құру үшін мастер-жоспарлар әзірлеу" бюджеттік бағдарламасы

0,0

0,0

350 000,0

0,0

0,0

"

      деген жолдар алынып тасталсын;
      "2009 жыл" деген бағанда:
      "045 "Рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі консалтингтік қызметтерді сатып алу" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "150 000,0" деген сандар "0,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      "003 "Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені құру және дамыту" бюджеттік бағдарламасы" деген жолдағы "490 131,0" деген сандар "489 411,0" деген сандармен ауыстырылсын;

"

1-Стратегиялық бағыт Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту






1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету






4-міндет. Экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау






028 "Кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделеріне өкілдік етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу" бюджеттік бағдарламасы



15 060,0



"

      деген жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджетінің жиыны" деген жолдағы "86 311 151,2" деген сандар "101 705 666,2" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады