Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1687 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовты, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровті, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевты, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановты қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 27 - 29 қазан кезеңіне;
Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасов, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров, Алтынбек Қосайұлы Егізбаев, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчанов 2009 жылғы 27 - 31 қазан кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тәуліктік және:
Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовты, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровті, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевты, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановты қоспағанда, қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы мүшелеріне Алматы - Пекин - Үрімші - Алматы бағыты бойынша;
Сейітқажы Қажыкенұлы Оқасовқа, Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровке, Алтынбек Қосайұлы Егізбаевқа, Руслан Зауытқанұлы Нұрбатчановқа Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов