Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының делегациясын Анкара, Анталья және Стамбул қалаларына (Түрік Республикасы) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1569 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6-қосымшасына сәйкес Астана - Стамбул - Анкара - Стамбул - Астана бағыты бойынша;
8-қосымшасына сәйкес Алматы - Стамбул - Анкара - Стамбул бағыты бойынша;
10-қосымшасына сәйкес Алматы - Стамбул - Астана бағыты бойынша;
12-қосымшасына сәйкес Алматы - Стамбул бағыты бойынша;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов