Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1692 және 2009 жылғы 28 қазандағы № 1693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2127 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының делегациясын Амман қаласына (Иордания Хашимит Корольдігі) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1692 қаулысында:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Амман қаласына (Иордания Хашимит Корольдігі) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің консультанты Нүкежанов Ержан Болатқанұлы енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің консультанты Әбдіхалықова Салтанат Айтбайқызы шығарылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының делегациясын Амман қаласына (Иордания Хашимит Корольдігі) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 1693 қаулысында:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының делегациясы:
      Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты, Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевты, Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевты, Айбек Қуанышұлы Нұрбалинді және Александр Владимирович Аксютицті қоспағанда, осы қаулының қосымшасына сәйкес 2009 жылғы 3 - 4 қараша кезеңіне;
      Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев 2009 жылғы 1 - 5 қараша кезеңіне;
      Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев 2009 жылғы 29 қазан - 5 қараша кезеңіне;
      Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев және Айбек Қуанышұлы Нұрбалин 2009 жылғы 2 - 4 қараша кезеңіне;
      Александр Владимирович Аксютиц 2009 жылғы 30 қазан - 4 қараша кезеңіне Амман қаласына (Иордания Хашимит Корольдігі) іссапарға жіберілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша:
      Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты, Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевты, Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевты, Айбек Қуанышұлы Нұрбалинді және Александр Владимирович Аксютицті қоспағанда, осы қаулының қосымшасына сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға;
      А.Қ. Күрішбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Стамбул - Амман - Әбу-Даби - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
      А.С. Шабдарбаевқа қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға;
      Қ.Б. Саудабаевқа және А.Қ. Нұрбалинге қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға;
      А.В. Аксютицке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Әбу-Даби - Амман бағыты бойынша көліктік шығыстарға шетелдік валютада қаражат бөлсін;
      2009 жылғы 1 - 3 қараша кезеңінде Алматы - Астана - Амман - Алматы бағыты бойынша арнайы рейстің көліктік шығыстарын төлесін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады