Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2139 Қаулысы

      «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Отбасы саны» деген 2-бағанда:
      «Алматы» деген жолдағы «3800» деген сандар «4000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау» деген жолдағы «500» деген сандар «650» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл» деген жолдағы «1800» деген сандар «1950» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды» деген жолдағы «1200» деген сандар «1000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда» деген жолдағы «500» деген сандар «400» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3000» деген сандар «2800» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады