Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 1491 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2230 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин және Чэнду қалаларына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 1491 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ «13 - 19 қазан кезеңіне» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Қайратұлы Евниев 2009 жылғы 13 - 17 қазан кезеңіне»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға, 4-қосымшаға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға, 5-қосымшаға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Үрімші — Пекин - Чэнду - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
      А.Қ. Евниевке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады