Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «бекітілсін» деген сөз алып тасталып, «;» тыныс деген белгісі қойылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «және бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала (қыз) асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасы немесе әкесі, бала (қыз) асырап алушы, қамқоршы (қорғаншы).»;
екінші абзацта:
«Өтініш жасаған кезде» деген сөздердің алдынан «Жоғарыда санамаланған жәрдемақыларды тағайындауға» деген сөздермен толықтырылсын;
«бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «не тууы туралы акті (актілер) жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада «Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).» деген сөздер «Ережеге 1-қосымшаға сәйкес);» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін).»;
8-тармақтағы «қамқорлыққа» деген сөз «қорғаншылыққа (қамқорлыққа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тараудың тақырыбындағы «және бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады.»;
13-тармақтағы «осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес» деген сөздер «осы Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган істерді қабылдап алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және уәкілетті ұйымдарға жібереді.»;
17-тармақта:
бірінші абзацтағы «Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы» деген сөздер «Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар болған жағдайда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.»;
17-1-тармақтың бірінші абзацында:
«Айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздерден кейін «және (немесе) ең төменгі жалақының» деген сөздермен толықтырылсын;
«4-қосымшаға сәйкес нысандағы шешімнің жобасын дайындайды» деген сөздер «4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысандағы шешімнің жобасын дайындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
бірінші абзацта:
«Бала күтімі жөніндегі» деген сөздерден кейін «, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
«көрсетілген жәрдемақыны алу құқығына» деген сөздер «көрсетілген жәрдемақыларды алу құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «бала күтімі жөніндегі» деген сөздерден кейін «және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
18-1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздер «Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «оны» деген сөз алып тасталсын;
18-2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды» деген сөздер «Бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «оны» деген сөз алып тасталсын;
19-тармақтың екінші абзацындағы «және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтар алғаш өтініш берген кезде балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Азаматтар бір күнтізбелік жылдың ішінде қайталап өтініш берген кезде учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда, өтініш беруші ұсынған деректер нақтыланған кезде қабылданады.»;
4-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» деген сөздер «Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«баланың туу туралы куәлігін» деген сөздерден кейін «(баланың тууы туралы акті жазбасын)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің» деген сөздер «Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген бала туғанда берілетін жәрдемақы (немесе) және бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысанындағы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» деген сөздер «Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініштің нысанында:
«____________________________________________________ »
(қию сызығы)
деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«уәкілетті органның құжаттарды ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінен қабылдап алған күні туралы белгі 20__ ж. «__» _________, ______ ____________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдап алған адамның Т.Ә.А.,
лауазымы)»;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш нысанымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2307 қаулысына
1-қосымша
Балалы отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау және
төлеу ережесіне
4-1 қосымша
Мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау
(тағайындаудан бас тарту) туралы
ШЕШІМ
№_____ 20__ ж. «__» ________
_______________ облысы (қаласы) бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Істің №_____
Азамат (ша) ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш берген күні __________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігінің (баланың тууы туралы акті жазбасының)
№ ________________________________
Берілген күні _________________ баланың туу туралы куәлігін (баланың тууы туралы акті жазбасын) берген органның атауы ____________________
Мүгедек баланың Т.А.Ә._______________________________________________
Мүгедек баланың туған күні __________________________________________
Мүгедектігі туралы анықтама ___________________________
Мүгедектік 20__ ж. «__» бастап 20__ ж. «___» ________ қоса алғандағы мерзімге белгіленді
20__ ж. «__» ___________ бастап 20__ ж. «__» ________ қоса алғанда мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы ______ теңге __________________________________
(жазбаша)
Азамат (ша)
Т.А.Ә.___________________________________________________________
ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне және (немесе) жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың туындауына байланысты мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «__» ________ бастап 20__ ж. «__» ________ қоса алғанда
сомасы __________ теңге _________________________________________
(жазбаша)
_________________ себебінен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды.
Жәрдемақы төлемі мынадай себептермен тоқтатылды:________________
М.О.
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің директоры __________ ________
(қолы) (тегі)
Зейнетақылар мен жәрдемақылар
тағайындау бөлімінің бастығы __________ ________
(колы) (тегі)
Тағайындау жөніндегі маман __________ ________
(қолы) (тегі)
Шешімнің жобасы әзірленді:
М.О. ЗТМО бөлімінің бастығы __________ ________
(қолы) (тегі)
ЗТМО бөлімшесінің маманы __________ ________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2307 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 2 қарашадағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін
өтініштің нысаны
_________________ облысы
(қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің директоры
_________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш
________________________________________________________________
(мүгедек баланың тегі, аты, туған күні)
мүгедек баланы тәрбиелеуіне байланысты жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Тегі ____________________________________________________________
Аты ______________ Әкесінің аты _________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Баланың мүгедектігі туралы анықтама _______ 20__ ж. «__» ________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі __________________________
Сериясы __________ нөмірі __________ кім берген _________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)* _________________
Жеке шотының № ____________ Банктің атауы _______________________
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
20__ ж. «__» ___________ _____________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар
20__ ж. «__» ___________ қабылданды
_________ ________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
_________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Қоса берілген құжаттармен азамат _________________ өтініші ______ данада 20__ ж. «__» ___________ қабылданды.
__________ _______________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
Ескертпе:
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.