Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы «ішкі істер органдарынан» деген сөздер «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Бағдарламаға қатысушы болып табылмайтын оралмандарға:
      1) біржолғы жәрдемақылар:
      отбасы отағасына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) өз бетімен қоныс аудару кезінде тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеуге қаражат. Бұл ретте оралман отбасының әрбір мүшесінің жол жүру ақысын төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі. Жеке мүлкін апару ақысын төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
      3) оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат бөлінеді. Бұл ретте оралман отбасы отағасының жеке шотына аударылған бөлінген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы теріс айырма оралмандардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен төленеді, ал оң айырма оралман отбасында қалады.
      12. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұратын жеріне бару және мүлкін апару жөніндегі шығыстарды өтеу қаражатын қамтитын біржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
      1) отбасы отағасына 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) отбасының әрбір мүшесіне аумақтық даму осьтері бойынша қоныстануына байланысты:
      Солтүстік осьте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Орталық осьте (Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) 65 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Оңтүстік осьте (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сараланып бөлінеді.
      Бағдарламаға қатысушы оралмандар Солтүстік осьте қоныстанған жағдайда олардың біржолғы жәрдемақы сомасы 2,0 арттырушы коэффициентіне және Орталық осьте 1,7 арттырушы коэффициентіне көбейтіледі.
      13. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұрғын үйді салу, қалпына келтіру немесе сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеңілдікті кредиттік қарыздар беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады