Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 12 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:
      8-тармақта:
      9) тармақшадағы «мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді» деген сөздер «мүдделі органдарға жәрдем көрсетеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
      9-тармақта:
      9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
      11-тармақтың екінші абзацындағы «қарау кезінде» деген сөздер «сот қараған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақта:
      төртінші абзацтағы «, он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар» деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы «және әкімшілік құқық бұзушылық» деген сөздер алынып тасталсын;
      18-тармақтың үшінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады