"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 15 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы
12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі жұмысты одан әрі дамыту мақсатындаҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 42, 456-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы «әрбір мамандық бөлінісінде» деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын мүдделі мемлекеттік органдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келісім бойынша жұмыс тәртібін және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуін бағалау парағын бекітеді;
      7) мемлекеттік тілді білудің және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың талаптарын ескере отырып, шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейін және пәндік емтихандар бойынша ең төменгі шекті балын, сондай-ақ психологиялық тестілеу бойынша ең төменгі шекті балын белгілейді;»;
      9) тармақшадағы «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) Стипендия тағайындау және одан айыру мәселелерінен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің арыздары мен өтініштерін қарау жөніндегі комиссияны құрады.».
      2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады