Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Респуубликасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 45 Қаулысы

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет корсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 30 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен      
бекітілген     

Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген
2010 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу
мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік
емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі

      1. «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық» акционерлік қоғамы.
      2. «Айт-Отель» қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      3. «Отель Астана» қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      4. «Окан-Қазинтер» қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
      5. «Байланыс-Құрылысшы» мемлекеттік акционерлік компаниясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады