Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақта:
бірінші абзацтың екінші сөйлемі "міндеттерін" деген сөзден кейін ", оның ішінде, білікті заң көмегін алу, ал ҚІЖК-нің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда оны тегін алу құқығын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген түрін жүзеге асыру кезінде, оған моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілгені туралы факт анықталғаннан кейін адам дереу жәбірленуші деп танылады.";
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Егер мүліктік зиян аса ауыр қылмыс жасау нәтижесінде келтірілсе және сотталғанда оны өтеу үшін жеткілікті мүлік болмаса, сот азаматтық талапты қанағаттандыру кезінде, жәбірленушілердің немесе оның құқықтық мирасқорларының өтініші бойынша ҚІЖК-нің 75-бабының 7-бөлігіне сәйкес олардың әрқайсысына республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, ақшалай өтемақыны төлеу туралы қаулы шығаруға тиіс. Соттың аталған қаулысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте еріксіз орындалуға жатады.";
4) 8-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"ҚІЖК-нің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда өкілдердің еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";
5) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық процесті жүргізуші орган моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген қылмыс туралы әрбір іс бойынша қылмыстық істе азаматтық талап қоюға жәбірленушінің құқығын түсіндіруге, ал мұндай талап қойылған кезде оны азаматтық талапкер деп тануға және оған тиісті құқықтарын түсіндіруге міндетті. Егер талап қойылмаса ҚІЖК-нің 371-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағына сәйкес сот үкім шығару кезінде қылмыспен келтірілген мүліктік зиянның өтелуге жататындығы туралы талқылауға міндетті. Аталған мәселе оң шешімін тапқан жағдайда сот ҚІЖК-нің 169-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен берілсе, жәбірленушінің талабын қанағаттандыру құқығын таниды.";
6) 23, 24, 25-тармақтар "апелляциялық" деген сөздерден кейін, тиісінше ", кассациялық" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Осыған байланысты соттар қылмыстық істі басты сот талқылауында қарастыру кезінде де және іс бойынша шыққан сот актілерін апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде қайта қарау кезінде де, сонымен қатар сотталушыны жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін қарастыру кезінде жәбірленуші мен оның өкілінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, сот оларға іс материалдарымен танысу, соның ішінде түскен шағымдармен, наразылықтармен, өтінімдермен танысу, сотқа жазбаша қарсы пікірлерін, өтініштерін және өтінімдерін жолдау, сот отырыстарына қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілін жіберу немесе олардың қатысуынсыз істі қарастыру туралы сотқа жазбаша хабарлау құқықтарын түсіндірулері қажет.";
8) 27-тармақтағы бірінші сөйлем алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |