Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
77-тармақ «Баға ұсыныстарын» деген сөздердің алдынан «Осы Ереженің 77-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
«77-1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері растаған тегін медициналық көмектің (жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген бағадан аспайтын отыз күндік қажеттілік кезеңіне сатып алуға жол беріледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2010 жылғы 10 наурыздан бастап қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов.