Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы
қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін
нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; N 5 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 1 9-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»):
1) 494-2-бап алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көзделген жер учаскелерін сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен ұзарту арқылы жүргізілуі мүмкін.»;
2) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін төлеу мерзімін
ұзартып сату кезінде оларға құқықтар алу
1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі жер учаскесінің құнын төлей отырып, сатып алушының жазбаша өтініші бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге мерзімін ұзартып сатып алу-сату шартын жасасу жолымен сатылуы мүмкін.
2. Сатып алушы сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде жер учаскесінің құнынан кемінде елу процент құрайтын мөлшерде аванс енгізуге тиіс. Кейіннен жер учаскесі үшін ақы төлеуді сатып алушы сатып алу-сату шартына қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне ай сайын енгізеді. Жер учаскесіне ақы төлеу сатып алу-сату шартында көрсетілген сатушының шотына қолма-қол да, қолма-қолсыз тәсілмен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алушы өз міндеттемелерін толық көлем де, ішінара да мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Міндеттемелерді ішінара өтеген жағдайда төлем кестесі қайта бекітілуге тиіс.
3. Жер учаскесі үшін ай сайынғы ақы төлеу мерзімі ұзарған жағдайда сатып алушы сатушыға жер учаскесінің төленбеген сатып алу құнынан әрбір мерзімі өткен күн үшін 0,1 процент мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Егер сатып алушы қатарынан үш айдың ішінде жер учаскесіне ақы төлеуді жүргізбеген жағдайда, сатушы сатып алушыдан алынған төлемдер сомасы жер учаскесінің сатып алу құнының жартысынан асатын жағдайларды қоспағанда, сатып алу-сату шартын бұзуға және сатылған жер учаскесін қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесіне қатысты кепілге беруді қоспағанда, оның сатып алу құнын толық төлегенге дейін мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Сатып алушының жер учаскесін кепілге беруіне оның сатып алу құнының кемінде елу проценті төленген кезде жол беріледі.»;
3) 79-баптың 4-тармағындағы «24-бабының 4-тармағында» деген сөздер «49-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 36-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын;
2) 37-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, олардың күшін тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;»;
3) 40-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасымен» деген сөздер «осы Кодекспен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;»;
5) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Су пайдалану құқығының түрлері
1. Субъектілердің шеңбері бойынша:
1) ортақ су пайдалану құқығы;
2) арнайы су пайдалану құқығы;
3) оқшау су пайдалану құқығы;
4) бірлесіп су пайдалану құқығы деп бөлінеді.
2. Туындау негіздемелері бойынша:
1) бастапқы су пайдалану құқығы;
2) қайталама су пайдалану құқығы деп бөлінеді.
3. Қолдану мерзімі бойынша:
1) тұрақты су пайдалану құқығы;
2) уақытша су пайдалану құқығы деп бөлінеді.
4. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшін ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды.
5. Арнайы су пайдалану құқығы осы Кодекспен белгіленген тәртіппен берілген рұқсат алынған кезден бастап туындайды.»;
6) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Арнайы су пайдалану
1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
1) суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
2) жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
3) ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;
4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
5) гидравликалық электр станцияларын;
6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
7) суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін;
8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
9) ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар);
10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
11) су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;
12) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
13) көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;
14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде сонда айқындалған мақсаттар үшін ғана жүзеге асырады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
3. Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану арнайы су пайдалануға берілетін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
4. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді.
5. Уәкілетті орган шетелдік заңды тұлғаларға арнайы су пайдалаңуға рұқсат береді.
Уәкілетті органның аумақтық органдары шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат береді.
6. Жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат осы су пайдаланудың шарттары келісілгеннен кейін беріледі:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары - барлық жағдайда;
2) тиісті аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын атқарушы органдар - барлық жағдайда;
3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары - шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын жер қойнауынан алып пайдалану бөлігінде;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары - мал шаруашылығы мұқтаждары үшін суды жинап алу, сондай-ақ мал шаруашылығы үй-жайлары мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардан сарқынды суларды ағызу кезінде;
5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары - балық шаруашылығында маңызы бар тоғандардан жер үсті суларын жинап алу кезінде және оған сарқынды және сорғыту суларын ағызу кезінде.
7. Мыналар:
1) олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылар теңгерімінде бар;
2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
3) су жіберу және (немесе) сарқынды және сорғыту суларын ағызуға қайталама су пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға жер үсті суларын жинап алуға және (немесе) пайдалануға тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да сарқынды суларды жер бетіндегі су объектілеріне ағызуға рұқсат етіледі.
8. Мыналар:
1) олардың көмегімен жер асты су объектілерінен суды жинап алу жүзеге асырылатын қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылар теңгерімінде бар;
2) су жинап алуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
3) қайталама су тұтынушыларға су беруге шарты бар;
4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды мен жер асты су объектісі туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға тәулігіне елуден екі мыңға дейін текше метр су алу лимиттерімен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат беріледі. Мемлекеттік геологиялық ақпарат теріс мәнде болған жағдайда 2 жылға дейінгі мерзімге геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу әрі бұл мерзім өткеннен кейін жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның қорларға мемлекеттік сараптамасы болуы шартымен рұқсат беріледі.
9. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға және оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін;
3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелерінің немесе құрылғысының паспортын;
4) салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
5) осы баптың 6-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді.
10. Су жинап алуға арналған су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіліктері туралы мәліметтер;
2) су жинауды есепке алу мен жинап алынатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
11. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
3) балық қорғау және балық өткізу құрылыстары туралы мәліметтер;
4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың өтініш берілген көрсеткіштері туралы деректер.
12. Су жинап алусыз жер үсті су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
3) кемеде жиналатын сарқынды сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдауға арналған жағалаулық және жүзу құрылғыларымен қамтамасыз етілу туралы деректер;
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
13. Уәкілетті орган немесе оның тиісті өңірлік органы рұқсатты 30 күн мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініші берілген күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей береді.
14. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттың қайта ресімделуін талап етеді.
Су шаруашылығы жүйелерін реконструкциялау немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайтадан рұқсат алуды талап етеді.
15. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган оның қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда;
2) Қазақстан Республикасының су немесе экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталғанда.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады.
Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде қайта басталады.
Су пайдаланушыдан тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама алған сәттен бастап рұқсаттың қолданысы тоқтатылады немесе қайта басталады.»;
туындатқан себептер жойылғаннан кейін оның қолданылуы жаңартылады, бұл туралы су пайдаланушы жазбаша нысанда хабардар етіледі.».
7) 69-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бастапқы және қайталама су пайдалануға арналған шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.»;
8) 75-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 5), 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға берілген рұқсатты кері қайтарып алу негіздемелері, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау барысында айқындалады.
Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті орган су пайдалану құқығын тоқтату негіздемелері болып табылатын фактілерді айқындаған жағдайда, оларды жою туралы жазбаша нысанда нұсқама шығарады және оларды жою үшін нұсқама шығарылған сәттен бастап екі айдан аспайтын мерзімді белгілейді.
Арнайы су пайдалануға берілген рұқсатты кері қайтарып алуға су пайдаланушының нұсқама талаптарын белгіленген мерзімде жоюдан бас тартқан немесе жоймаған жағдайда ғана жол беріледі.
Арнайы су пайдалануға берілген рұқсатты кері қайтарып алуды уәкілетті орган жүргізеді.»;
9) 82-баптың 1-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 75-баптың 3-тармағындағы «қажетті өтінім мен» деген сөздер алып тасталсын;
2) 77-баптың 2, 3-тармақтарындағы «тоқтата тұруы мүмкін», «жоюы мүмкін» деген сөздер тиісінше «тоқтатыла тұрады», «жояды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 116-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.»;
4) 117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) табиғат пайдаланушының экологиялық нормалар мен талаптарды бұзуы қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына елеулі залал келтіруге әкеп соққан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны тоқтата тұру немесе айыру бойынша және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалануға және алуға арналған шартты (келісім-шартты) бұзуға және (немесе) табиғат пайдалануға берілген экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұруға және оларды жоюға ұсыныстар енгізу;»;
5) 166-баптың 1-тармағындағы «алынуы мүмкін» деген сөздер «алынады» деген сөзбен ауыстырылсын.
6) 286-баптың 2-тармағындағы «техногендік минералды түзілімдерге» деген сөздердің алдынан «, олардан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 293-баптың 2-тармағындағы «шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін» деген сөздер «шектеледі немесе оған тыйым салынады» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж, № 15, 107-құжат; 2008 ж, № 10-11, 39-құжат; 2010 ж, № 7, 32-құжат):
1) 20-баптың екінші бөлігіндегі «командирлер мен бастықтар» деген сөздердің кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-баптың бесінші абзацындағы «облыстық және соларға теңестірілген соттардың» деген сөздерден кейін «, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «еңбекпен түзеу мекемелерінде» деген сөздер «түзеу мекемелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж, № 1, 3-кұжат; 1995 ж, № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, № 14, 275-құжат; 2002 ж, № 15, 147-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат):
1) 8-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер «осы заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж, № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж, № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 7, 79-құжат; 1999 ж, № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж, № 20, 257-құжат; 2003 ж, № 15, 135-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж, № 2-3, 8-құжат):
4-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж, № 13-14, 199-құжат; 1995 ж, № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, № 14, 275-құжат; 1998 ж, № 24, 436-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; 2001 ж, № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж, № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж, № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж, № 13, 53-құжат; 2007 ж, № 2 18-құжат; 2009 ж, № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж. № 10, 48-құжат):
8-баптың 9) тармақшасындағы «қылмыстық процесте пайдалану үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж, № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 12, 184,190-құжаттар; 1998 ж, № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж, № 20, 257-құжат; 2002 ж, № 15, 147-құжат; 2004 ж, № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж, № 7, 32-құжат):
3-баптың 1-тармағы «адам» деген сөзден кейін «мен азаматтың» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж.,в № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат: 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17,; 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат):
34-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 107, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат);
5-баптың 4-тармағындағы, 16-баптың 1, 3-тармақтарындағы «, жұмысшылары мен қызметшілерінің», «, жұмысшылар мен қызметшілер» деген сөздер тиісінше «және қызметкерлерінің», «және қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат, № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін жэне Қазақстан Республикасының аумағында оларды қорғау тәртібін бекіту»;
2) 21-баптың 1-тармағының сегізінші абзацындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» дегең сөздермен ауыстырылсын.
13. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-қүжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 Ж:, № 823, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21., 97-құжат):
мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттігі
1. Төтенше жағдайды жою басшысы:
1) төтенше жағдай аймағында барлау жүргізуді және жағдайды бағалауды ұйымдастырады, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
2) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін неғұрлым қауіпті учаскелерді, күштер мен құралдардың қажетті санын, құтқару жұмыстарын жүргізудің әдістері мен тәсілдерін айқындайды;
3) авариялық-құтқару жұмыстарын төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес жүргізуді ұйымдастырады;
4) төтенше жағдайлар аймағындағы объектілер мен ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылдайды;
5) авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына міндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауіпсіздігін және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруін бақылауды жүзеге асырады және тиісті шешімдер қабылдайды;
7) қажеттілік шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнын (ауданын) айқындайды;
8) күштер мен құралдардың резервін құруды ұйымдастырады, ауысыммен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;
9) төтенше жағдайдың жаһандық және өңірлік ауқымда таралуы кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде олардың қабылдаған шешімдері туралы хабарлайды;
10) күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртібін айқындайды;
11) аса қажет болған (адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген) жағдайда төтенше жағдайдың жаһандық және өңірлік ауқымда таралуы кезінде төтенше жағдайды жою басшысы:
төтенше жағдай аймағына адамдар мен көліктің кіруін шектейді;
төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметін тоқтата тұрады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерікті авариялық-құтқару құрамаларын және көрсетілген құрамалардың құрамына кірмейтін құтқарушыларды, оларда құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге олардың аттестатталғанын растайтын құжаттары болған кезде тартады;
шұғыл жұмыстарды жүргізуге ерікті негізде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келісімімен құтқару жұмыстарын жүргізуге тартады;
төтенше жағдай аймағында көшіру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады;
төтенше жағдайларды жою үшін төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерін броньнан алады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кейіннен шығыстардың орнын толтыра отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлік құралдарын және өзге де мүлкін тартады;
аса қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдардың басшыларына олар қабылдаған шешімдер туралы шұғыл хабарлау жөнінде шаралар қабылдайды;
төтенше жағдайлардың өршуіне әрі құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына негізделген басқа да қажетті шараларды қабылдайды.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жою басшысының төтенше жағдайды жоюға бағытталған шешімі төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады.
3. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Үкіметі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою туралы жариялағаннан кейін тоқтатылады.»;
2) 17-баптың 2-тармағындағы «Үкіметі айқындайды» деген сөздер «заңымен айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағының бесінші бөлігіндегі «бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті басшылыққа ала отырып» деген сөздер алып тасталсын;
3) 15-баптың 4-тармағының алтыншы абзацындағы «талап ету құқығы беріледі» деген сөздер «талап етуге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «бір бөлігі» деген сөздерден кейін «штат санының лимиті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат):
1) бүкіл мәтіндегі «өкілетті» деген сөз «уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«радиациялық қауіпсіздік — белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсері шектелетін атом энергиясын пайдалану объектісінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;».
16. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):
1) 10-бапта:
4-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзацтағы «немесе оның қолданылу мерзімін ұзартудан» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
2) 20-баптың екінші бөлігіндегі «алып қоюы мүмкін» деген сөздер «алып қояды» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж. № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат):
15-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «мемлекеттік органдарға» деген сөздерден кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж, № 21-22, 87-құжат; 2007 ж, № 5-6, 37-құжат; 2009 ж, № 24, 129-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік комиссиялар» деген сөздер «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар қызметкерлерінің бүкіл жұмыс кезеңінің ішінде комиссияда еңбек функцияларын жүзеге асырғанға дейін жүргізілген селекциялық жетістіктерді жасау, анықтау және шығару жөніндегі селекциялық жұмыс жағдайларын қоспағанда, комиссияға селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінім ұсынуға құқығы жоқ.»;
2) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер көрсетілген мерзім ішінде өтініш беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса, не аппеляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.»;
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер сараптама ұйымына бір уақытта екі немесе одан көп бірдей селекциялық жетістікке патент беруге өтінім келіп түссе, басымдық неғұрлым ертерек жіберілген өтінім бойынша белгіленеді. Осы өтінімдердің жөнелтілген күні бірдей болған жағдайда, егер өтініш берушілердің арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, патент сараптама жасау ұйымы тіркеу нөмірін неғұрлым ертерек берген өтінім бойынша беріледі.»;
4) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) тұқымдар бойынша - Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия өткізетін шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынақтар нәтижелері бойынша;
2) сорттар бойынша - Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия өткізетін шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынақтар нәтижелері бойынша енгізеді.».
19. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 24-құжат; № 84, 122-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағындағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де міндеттерді орындауға» деген сөздер алып тасталсын;
2) 17-1-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат, № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж. № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):
1) 7-баптың 5-тармағындағы «жойылуы мүмкін» деген сөздер «жойылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ұйымдар» деген сөздің алдына «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 16-баптың 2-тармағындағы «жүргізілуі мүмкін» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 19-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «мәслихаттың» деген сәзден кейін «өзге» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 20-баптың 3-тармағында:
2) тармақша «әрекетке қабілетсіз» деген сөзден кейін «немесе әрекет ету қабілеті шектеулі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «, депутатты қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз деп таныған сот шешімі заңды күшіне енгенде» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «айырылса» деген сөз «тоқтатса» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «жалпы отырыстарына» деген сөздерден кейін «немесе өзі құрамына сайланған мәслихат органдарының отырыстарына» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастыруды жэәе жүзеге асыруды үйлестіреді;».
21. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2,. 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдедегі «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электронды үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
3) 11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
4) 14-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «ұсыныс енгізуге құқылы» деген сөздер «ұсыныс енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат):
1) 3-бапта:
тақырып «Қауіпті өндірістік объектілер» деген сөздерден кейін «және техникалық құрылғылар» деген сөздермен толықтырылсын;
1Қ тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары;
радиоактивті және ионды сәулелену көздері;»;
2), 5), 6) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қауіпті техникалық құрылғыларға:
1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий
градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін
техникалық құрылғылар;
2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.»;
2) 11-баптың 29) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 7-тармағындағы «аккредиттеген» деген сөз «аттестаттаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 14-12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «жатады» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қауіпті өндірістік объектіні декларациялау және жерлерді оларға беруге келісу туралы шешім қабылдау үшін қажет жоба алдындағы шешімдер жатады.»;
5) 14-13-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «құқығына аттестатталуға тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталуға тиіс.».
23. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы. Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-кұжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
1-бапта:
1) тармақшадағы «көмуге» деген сөз «кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «көмуге немесе» деген сөздер алып тасталсын.
24. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.».
25. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат, № 15, 71-құжат):
1) 1-баптың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«43) ішкі сауда объектілері - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сатуды жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;»;
2) 14-1-бапта:
3-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердің орнын тасымалдау (ауыстыру) кезінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ карантин аймақтарында және жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде» деген сөздермен толықтырылсын;
«жұқпалы ауруларының» деген сөздерден кейін «таралуының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 9) тармақшасында «ветеринариялық куәлік,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 25-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және диагностикасын қамтамасыз етуге;»;
5) 27-баптың 4-тармағында «белгілеуі мүмкін» деген сөздер «белгілейді» деген сөзбен ауыстырылсын.
26. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «облыстың» деген сөздің алдынан «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген бірегей тұқымдар мен элиталық тұқым сорттарын өсіруге, сатуға және сатып алуға субсидия беру;»;
3) 5-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген бірегей тұқымдар мен элиталық тұқым сорттарын өсіруге, сатуға және сатып алуға субсидия беру тәртібін айқындайды;»;
4) 6-баптың 1-тармағында:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды;»;
мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«30) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасын сараптау бойынша зертханаларды аттестаттауды жүргізеді;
31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарымның, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді.»;
5) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу туралы ұйғарым беруге және тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;»;
6) 23-3-баптағы «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-4-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) бірегей, элиталық тұқымдарға және одан кейінгі көбейтілген тұқымдарға зертханалық сорттық сынақтар жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы саласындағы баспа өнімдерін және ақпараттық бюллетендерді өткізуден түсетін қаражат;».
27. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағындағы «белгіленуі мүмкін» деген сөздер «белгіленеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 30-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
3) 45-баптағы «болуы мумкін» деген сөздер «болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж, № 1-2, 1-құжат; 2007 ж, № 9, 67-құжат; 2008 ж, № 6-7, 27-құжат; 2010 ж, № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін және Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін бекітеді;»;
3) тармақшадағы «Қарулы Күштерді қолдану жоспарын,» деген сөздерден кейін «қорғаныс мүддесі үшін Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 1) тармақшасы «саланың» деген сөздің алдынан «аумақтық қорғаныс іс-шараларына» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 19-баптың екінші бөлігіндегі «қорғаныс бөлімдері» деген сөздерден кейін «жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс құралымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15), 16) тармақшаларымен толықтырылсын:
«15) меншік нысанына қарамастан, өндірістің барлық кезеңдерінде орындаушы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері берген мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады;
16) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылайды.»;
5) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж, № 13, 52-құжат; 2007 ж, № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; № 23, 124-құжат; 2009 ж, № 17, 82-құжат; № 24; 29-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат; № 5; 23-құжат; № 15, 71-құжат):
18-баптың 6-тармағындағы «қызметтік тұрғын үймен» деген сөздерден кейін «не қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, жергілікті атқару органы жеке-меншік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын-жаймен» деген сөздермен толықтырылсын.
30. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «ерікті түрде» және «келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-баптың 2-тармағында «ерікті» деген сөз алып тасталсын;
3) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «әскери қызметті өткеріп жүрген немесе» деген сөздер алып тасталсын;
4) 31-бапта:
6-тармақтағы «немесе тәртіпсіздігі» деген сөздер «, тәртіпсіздігі, сондай-ақ өзге де теріс қылықтары үшін немесе өз бастамасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баптағы «өз бастамасы» деген сөздерден кейін «немесе теріс қылықтары үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 32-баптың 1-тармағындағы «бітіргеннен кейін» деген сөздерден кейін «не» деген сөзбен толықтырылсын;
6) 37-бапта:
2-баптың 2) тармақшасы «ауысуына» деген сөзден кейін «, уәкілетті органға сайлануына немесе судья лауазымына тағайындалуына» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы «кейінге қалдыру» деген сөздерден кейін «немесе шақырылудан босатылу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Сарбаздар және сержанттар құрамындағы 27 жасқа толмаған бір жылдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен осы баптың 2-тармағы 3), 6) тармақшаларының және 3-тармағы 1) тармақшасының негізінде босатылған келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберіледі.».
31. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат):
32-баптың 1-тармағындағы «қолдануға құқылы» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті