Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 317-құжат).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

Атауы                  Қазақстан Республикасында машина жасауды
                       дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
                       бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеуге арналған   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
негіздеме             14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген
                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                       Республикасын үдемелі
                       индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                       2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
                       бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                       жоспарының 5-тармағы

Жауапты орындаушы    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлігі

Мақсаты               Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді
                       ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін
                       барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту

Міндеттер             1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және
                       жаңа өндірістер құру
                       2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді
                       пайдалану
                       3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және
                       дамыту
                       4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті
                       кадрлармен қамтамасыз ету

Іске асыру            2010 - 2014 жылдар
мерзімдері

Нысаналы              1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды нақты
индикаторлар          мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға
                       ұлғайту.
                       2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін
                       нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3
                       есеге ұлғайту.
                       3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі
                       отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008
                       жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін
                       қамтамасыз ету.

Қаржыландыру          Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының
және                   қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері             және шетелдік инвестициялар мен республикалық
                       бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге
                       асырылады. 2010 - 2014 жылдарға арналған
                       республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың
                       қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды.
                       Соның ішінде:
                       2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
                       2011 жылы - 1 991, 009 млн. теңге;
                       2012 жылы - көзделіп отырған жоқ;
                       2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға
                       арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде
                       көзделеді.

2. Кіріспе

      Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
      Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
      Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
      Бағдарламаны:
      саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған бағдарлама;
      қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту бағдарламасы;
      машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

3.1 Саланың қазіргі заманғы жай-күйін бағалау

      Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
      2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі - 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % - ын құрайды.
      2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы - 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.

1-кесте. Машина жасау өндірісінің құндық көлемінің серпіні

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд. теңге

5 253,0

6 509,9

7 815,9

10 196,2

8 925,2

2

Машина жасау, млрд. теңге

179

229

281

303

282,5

3

Машиналар мен жабдықтар өндірісі, млрд. теңге

53

67

98

128

115,5

4

Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдық өндірісі, млрд. теңге

42

54

66

71

61,5

5

Көлік құралдары мен жабдығы өндірісі, млрд. теңге

80

108

117

104

105,5

6

Өнеркәсіптік өнім көлеміндегі машина жасау үлесі, %

3,4

3,5

3,6

3,0

3,2

      Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті.  Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
      Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады (1-кесте).
      Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды.

2-кесте. Машина жасау кәсіпорындарындағы негізгі қызмет персоналының саны

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Персонал саны, мың адам

80,0

81,0

84,3

85,6

79,8

Алдыңғы жылға қарағанда % -бен

110,3

101,3

104,1

101,5

93,2

      2-кесте деректері машина жасау саласынан білікті кадрлар кетуінің елеулі болғанын көрсетеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша бұл салада 79,8 мың адам жұмыс істеген, 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 93,2 %-ды құрады.
      Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 - Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
      Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды. Машина жасау кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері 3-кестеде келтіріледі.

3-кесте. Машина жасау кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістер саны - барлығы

1583

1566

1589

1504

1409

оның ішінде:






«Өнеркәсіп» қызметінің негізгі түрімен

861

854

860

883

856

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

179491

228732

281243

302771

282497

4-кесте. Машина жасау өндірісінің нақты көлемі индексінің серпіні     

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

104,8

107,2

105,0

102,1

101,7

Машина жасау өнімінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

124,7

119,4

114,6

92,6

85,7

      Машина жасау өнімі өндірісінің нақты көлем индексін талдау бірте-бірте төмендеу серпінін көрсетіп отыр (4-кесте). 2009 жылы нақты көлем индексі 85,7 %-ды құрады.

5-кесте. Машина жасау өнімінің импорты мен экспорты 



2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы, млрд. теңге, оның ішінде:

4012,7

5852,4

4558,0

8563,4

4190,3

6371,4

ТМД елдері

1788,4

976,1

2104,9

1332,7

1780,0

1001,7

әлемнің басқа да елдері

2224,2

4876,3

2453,2

7230,7

2410,3

5371,2

оның ішінде:







Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық

1078,9

42,9

1209,3

55,0

1140,0

40,3

ТМД елдері

245,5

34,3

287,4

40,6

233,8

25,6

әлемнің басқа да елдері

833,4

8,6

921,9

14,4

906,1

14,8

Жер үсті, әуе және су көлігі құралдары

698,5

69,9

551,5

96,5

421,9

16,2

ТМД елдері

199,9

16,1

182,5

26,0

125,1

5,3

әлемнің басқа да елдері

498,6

53,8

369,0

70,5

296,8

10,9

Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары мен аппараттары

91,7

2,2

100,8

3,0

93,8

2,5

ТМД елдері

17,4

0,7

18,2

1,3

15,9

0,9

әлемнің басқа да елдері

74,3

1,5

82,6

1,8

77,9

1,6

Машина жасауда аталғандардың барлығы:

1869,2

115,0

1861,6

154,5

1655,7

59,0

ТМД елдері

462,8

51,1

488,2

67,9

374,9

31,7

әлемнің басқа да елдері

1406,3

63,8

1373,5

86,6

1280,8

27,2

      Қазақстандағы машина жасау өніміне деген қазіргі сұраныс импорт есебінен толықтай қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемі 1655,7 млрд. теңгені (5-кесте), ал ішкі өндіріс 282,5 млрд. теңгені құрады.
      Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады - оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады.

      1-сурет. 2008 жылы машина жасау өнімінің экспортымен импортының құрылымы.

      Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады (1-сурет).
      Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
      Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.

3.2 Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

      Қазақстанда машина жасауды одан әрі дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді нақты айқындау қажет.
      Төменде келтірілген 6-кестеде Қазақстандағы машина жасаудың негізгі күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер ұсынылған. Одан арғы шараларды айқындау үшін келеңсіз факторларды жою, қауіп-қатерлердің алдын алу және сонымен бірге оң факторларды күшейту, мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

6-кесте. Машина жасау жағдайын SWОТ - талдау

Күшті жақтары:
1. Ішкі сұраныстың бірінші кезекте жанама салалар тарапынан артуы.
2. Көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның негізгі өндірістік кластерде болуы.
3. Ірі кәсіпорындарда өндірістік инфрақұрылымның болуы.
4. Қолда бар машина жасау кәсіпорындары.

Әлсіз жақтары:
1. Ішкі нарықтың тіпті болашақта да салыстырмалы кіші көлемі.
2. Білікті кадрлар тапшылығы, соның ішінде мамандардың шет елге кетуі.
3. Қазақстанның машина жасау өнімінің бәсеке қабілеттігі деңгейінің төмендігі (негізгі қорлар тозуының жоғары болуы, қуаттардың төмен жүктемесі себебінен және т.б.).

Мүмкіндіктері:
1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруіне байланысты нарықтың кеңеюі.
2. Белгілі бір сегменттерде және тауашаларда технологиялық көшбасылар болып табылатын АҚШ және Еуропа компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру есебінен технологиялар трансферті (дағдарыс мүмкіндіктерін қолдана отырып).
3. Елдің ішкі және халықаралық кооперацияларының дамуы, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және төменгі шектегі компонентті базаларды жеткізушілер ретінде Ресей және Қытайға жақындықты 1 пайдалану.

Қауіп-қатерлер:
1. Шикізат тауарларына баға мен сұраныстың және өз кезегінде Қазақстанның машина жасау өніміне ішкі сұраныстың қысқаруына әкелетін әлемдік дағдарыс ұзақтығының сипаттамасы.
2. Басқа елдердің машина жасау кәсіпорындары тарапынан бәсекелестік.
3. Білікті кадрлардың жас шамасының ұлғаюы.

3.3 Машина жасаудың басым сегменттерін айқындау және талдау

      Жүргізілген талдаудың негізінде бірінші және екінші басымдығына жататын машина жасау сегменттері айқындалды.
      Бірінші басымдықтың сегменттері жоғары тартымдылығымен және іске асырылатындығымен ерекшеленеді (2-сурет).
      Екінші басымдық сегменттерінің не жоғарғы тартымдылығы бар, бірақ салыстырмалы түрде іске асырылуы төмен, не іске асырылуы жоғарғы, бірақ тартымдылығы орташа.
      Мынадай Қазақстан Республикасының машина жасау сегменттері бірінші басымдыққа жатады:
      мұнай-газ өнеркәсібі үшін машина жасау;
      тау-кен және металлургия өнеркәсібі үшін машина жасау;
      темір жол машиналарын жасау;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;
      электр жабдықтарын өндіру.

      2-сурет. Қазақстан Республикасында машина жасаудың басым сегменттерін таңдау матрицасы.

       Бұл сегменттер ішкі сұраныстың едәуір деңгейімен, экспорт мүмкіндігімен (көбінесе ТМД-да), қазіргі өндірістік базаның болуымен, қалыпты тәуекелмен және бәсекелестікпен ерекшеленеді.
      Екінші басымдыққа мынадай сегменттер жатады:
      автомобиль өнеркәсібі;
      құрылыс техникасы;
      станок жасау;
      тұрмыстық техникалар өндірісі;
      компопенттік база.
      Бұл сегменттер белсенді мемлекеттік қолдау кезінде саланың айтарлықтай өсуін қамтамасыз етуі де мүмкін. Тартымды, бірақ күрделі іске асырылатын сегменттер кезінде (бірінші кезекте, автомобиль өнеркәсібі, станок жасау, тұрмыстық техника өндірісі) кіруге тосқауылдарды жеңуде, өндірісті ұйымдастыруда (мүмкін бірлескен) және одан әрі бәсекелестікті арттыруға жәрдемдесу қажет. «Компоненттік база өндірісі» сегментіне бірінші кезекте, экспортты қолдау және қолда бар өндірісті ұлғайту талап етіледі.

3.3.1 Мұнай-газ машиналарын жасау

      Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндірісінің ірі тұтынушысы болып табылуына негізделген.
      2008 жылы Қазақстан Республикасының нарық көлемі 168 млрд. теңгені құрады, оның 12 %-ын отандық өнімді сату құрады. Қалған мұнай-газ жабдықтарына қажеттілікті импорт қанағаттандырды, оның көлемі 2008 жылы 150 млрд. дерлік теңгені құрады.
      Қазақстан кәсіпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшін әртүрлі күрделі жабдықтарды шығаруды іске асырады, бұл теңіз платформалары өндірісін игеруге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерін жасау ойдағыдай игерілді, олардың көбі әлемдік стандарт бойынша өндіріледі.
      Осы сегменттің басымдығы мұнай-газ жабдықтарына сұраныс бірінші кезекте Қазақстандағы мынадай негізгі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына негізделген: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндіруші ірі компаниялардың жоспарына сәйкес 2020 жылға мұнай өндіру көлемі 2,4 есе ұлғаяды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында Каспий қайраңында жаңа ірі кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Сұраныстың жоғарлауының екінші маңызды факторы технологиялық артта қалудың және мұнай өңдеу өнеркәсібі қуатының тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының 80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусіз пайдаланылуда.

7-кесте. Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау өнімі өндірісі

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Сұйықты қайта айдауға арналған ортадан тепкші сорғы; өзге сорғылар; сұйық көтергіштер, дана

7115

5758

7773

10253

12900

Мұнай-газ өңдеу жабдықтары, млн.теңге

535

366

133

148

398

Мұнай кәсіпшілік жабдықтары, млн.теңге

1547

1434

1902

1386

1452

      7-кесте деректеріне сәйкес республикада сорғылар және көтергіштер өндірісінің өсуі байқалады (2009 жылы өсу қарқыны 2005 жылмен салыстырғанда 181 %-ды құрады). 2008 жылға дейін өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалды: мұнай кәсіпшілігі жабдықтары және мұнай-газ өңдеу жабдықтары, бірақ 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі өнім түрлері бойынша өсу байқалады: мұнай-газ өңдеу - жабдықтары 2,7 есеге дейін, ал мұнай кәсіпшілігі жабдықтары 4,8 %-ға өсті.

3.3.2 Тау-кен металлургиясы машиналарын жасау

      Әсіресе 2008 жылдың соңына дейін шикізаттық өріс кезеңінде Қазақстан Республикасында көмір, кендер мен металлургия өндіруді белсенді даму нәтижесінде тау-кен металлургиялық машина жасау саланың тез өсетін сегменттерінің бірі болып табылады.
      Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд. теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі машина жасау өнімінің импорты есебінен қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі 27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
      Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада инжинирингтік қызмет пен технологиялар трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін қанағаттандыруы мүмкін
      Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйіне жүргізілген  талдау олардың бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
      Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнімі ішінде барынша перспективалық салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндірісі және т.б. болып табылады.
      Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өніміне сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен 7 % өседі деп болжанып отыр.
      Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
      пайдалы қазбалар көлемі мен болат және басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
      тау-кен металлургия секторының негізгі қорларын жаңарту қажеттілігі.

8-кесте. Тау-кен металлургия машиналарын жасау өнімі өндірісі

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар

дана

184

480

430

372

341

Пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

млн. теңге

9 168,0

11 233,1

21 201,4

27 948,2

25401,8

Металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі

млн. теңге

7 548,7

7 763,4

11 180,8

14 657,2

12 054,6

Көтеру көліктік жабдықтары өндірісі

млн. теңге

3 625,6

4 131,3

5 397,8

6 785,6

7866,0

      Келтірілген 8-кесте деректері бойынша өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалады: тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар (2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға төмендеді), машина және пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылыс өндірісі (9 %-ға), металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі (17,7 %-ға).

3.3.3 Темір жол машиналарын жасау

      Әлемдік машина жасау өндірісінің жалпы көлемінде темір жол машинасын жасаудың үлесі аз - 1 % қамтиды. Осыған қарамастан, темір жол машиналарын және жабдықтарын сату өсімінің серпіні орта есеппен жылына 23 %-ды құрады - бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
      Қазақстандағы жалпы локомотив паркі - 1 689 локомотивті, оның ішінде, 578,5 электровозды, 1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды. Пайдалану паркі 1220 бірлікті (78 %-ы мүкәммалдық).
      2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы жүк вагондары паркі 94 348 бірлікті құрады, оның ішінде 59 381 бірлігі (63 %) мүкәммалдық, ал 34 967 бірлігі (37 %) - жекеменшік болып табылады. Пайдаланатын парктің жалпы мүкәммал вагондар санындағы үлесі 75 % (44 563 бірлікті) құрайды. Жүк вагондарының қызмет мерзімі және техникалық жағдайы бойынша істен шығуы жаңару және мүкәммал паркін толықтырудан айтарлықтай озық болып отыр.
      Қазақстан Республикасының темір жол машиналарын жасау өніміне ішкі сұранысты жүк вагондары мен локомотивтердің негізі тұтынушысы — «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады. Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға дейін жыл сайын шамамен 1,4 - 5,2 мың вагон және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ қолда бар вагондар мен локомотивтер паркіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол машиналарын жасау өніміне сұраныстың өсуіне негіз болатын негізгі факторлар жүк айналымының өсуі мен темір жол техникасы паркі тозуының жоғарылығы болып табылады.
      Экономика үшін көлік түрі ретіндегі темір жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының 60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темір жол арқылы жүреді) экономиканың жоспарланып отырған өсімімен біріге жүк тасмалының өсуіне алып келеді (темір жол жүк тасымалы өсуінің орташа жылдық болжамы 2008 - 2014 жылдар аралығында жылына - 4 %-ды құрайды).
      Сұраныстың өсуіне әсер ететін басқа маңызды фактор жұмыс істеп  тұрған техника паркі тозуының жоғары болуы болып табылады. Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар вагондарының сындарлы тозу шегінің 70 %-ынан асады.
      Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы 97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың әр түрлі үлгідегі жүк вагондарын құрады (шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесілі), бұл импортты-алмастыратын өндірістер құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
      Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар өндірушілер игеретін темір жол өнімінің номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға дейін ұлғайтуды және отандық тауар өндірушілерден машина жасау өнімін сатып алудың көлемін он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

3.3.4 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

      Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемі 2008 жылы 127 млрд. теңгені, тұрақты бағалардағы өсім қарқыны - 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткізілімдерінің есебінен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімі экспортының көлемі 2008 жылы  шамамен 2 млрд. теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары - 45 мың машинаны, дән себетін машина - 91 мың бірлікті, егін оратын машина - 15 мыңды құрады. 2001 - 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 - 3,2 %-ды құрады, бұл 10 - 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келді: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзімінен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзімі 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркінің 70 %-ы 16 жылдан астам мерзім бойы пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың ішінде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егін оратын машиналардың 71 %-ы және егін себетін машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады.
      Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етуді арттыру қажеттілігіне байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жеріне - 4, ал Канадада - 9, Италияда - 17, Германияда - 20 комбайн келеді. Машинамен жеткіліксіз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егін жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келеді, бұл нәтижесінде егіннің сапасын төмендетеді.
      Қазақстанның трактор паркінің құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екісін: «Кировец» типі 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелекті тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бірі Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелекті тракторлары пайдаланылады.

9-кесте. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімін өндіру

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

Ауыл шаруашылығы тракторлары өндірісі

млн теңге

2 240,9

2 433,0

3 246,8

5 532

4 686,1

Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндірісі

млн. теңге

4 329,6

4 243,6

8 853,2

12 198,6

12 112,8

Қатарлық жатқалар

дана

338

222

259

367

188

      Ауыл шаруашылығы тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды құрады) өндірісінде тепе-тең емес серпін байқалады, қатарлық жаткалар өндірісі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды (9-кесте).
      Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазіргі кезде түгелге дерліктей импорт өнімдері иеленеді. Отандық өндірушілер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешені, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментінде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментінде - 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментінде ең аз үлеске ие.
      Бүгінде Қазақстанда астық жинау комбайндары өндірісі Қостанай дизель зауытының базасындағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамында (бұдан әрі — АҚ) ғана жүргізіледі. 2008 жылы 467 комбайн құрастырылды.
      Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшін 3 және 4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелекті тракторлар, аспа жабдығы мен астық және жемдік дақылдарды қайта өңдеуге арналған машиналар сегментінде барынша жоғары әлеует бар.
      Қазақстан Республикасында оның әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларына барынша бейімделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары бар. Паркті жаңарту және өңделетін жердің ұлғаюына орай оған елеулі сұраныс та бар.

3.3.5 Электр жабдығы

      2008 жылы Қазақстан Республикасында нарық көлемі 159 млрд. теңгені құрады, олардың 26 %-ын отандық өнімді сату құрады. Сегмент өніміндегі қажеттіліктің елеулі бөлігі 2008 жылы көлемі шамамен 118 млрд. теңгені құрған импорт есебінен қанағаттандырылады.
      2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты өнімінің 79 %-ын  Рессей импорттады және Ресеймен отандық импорт көлемі орташа есеппен жылына 62 %-ға өсті.
      Қолда бар өндірістердің арасында 2008 жылғы Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының төрттен үшінен астамын аккумуляторлар мен трансформаторлар өндірісі иеленді (3-сурет).
      Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында мыналар өндіріледі:
      электрлік тізбекті қайта қосу немесе қорғауға арналған аппаратура;
      электр конденсаторлары;
      электр қозғалтқыштары;
      оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер (оның ішінде оптикалық талшықты) және т.б.

3-сурет. Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының серпіні, ағымдағы бағамен млрд. теңге

10-кесте. Электр жабдықтары өндірісі

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Электрлік трансформаторлар

мың кВа

650

1308

1587

2056

1511

Электр аккумуляторлары мен олардың бөліктері

млн. теңге

4337

4151

6737

8523

4070

Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарын өндіру

млн. теңге

25,6

28,6

32,4

23,6

32,1

Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарынан басқа, өзге де электр жабдықтарын өндіру

млн. теңге

4 110,6

5 681,3

6 771,2

2 949,5

4 433,9

Электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі

млн. теңге

8 898,1

10 799,3

13 189,2

14 142,1

13 464,8

      10-кестедегі деректерге сәйкес 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда республикада электрлік трансформаторлар (27 %-ға) және аккумуляторлар (52 %-ға) өндірісінің көлемі төмендеген, қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтары өндірісінің көлемі 36 %-ға, өзге де электр жабдықтары өндірісінің көлемі 50 %-ға артқаны байқалады.
      Электр энергетикасының негізгі қорлары айтарлықтай тозған. Бөлу желілерінің тозуы сарапшылардың бағалауы бойынша 70 %-дан асады. Олардың ұзындығы 370 мың км құрайды; басым бөлігі 30-35 жыл бұрын салынған болатын. Бұл электр жабдықтарына, атап айтқанда, трансформаторларға және оқшауланған өткізгіштерге жоғары жедел сұранысқа әкеледі.
      Электр жабдығына сұранысты дамытудың екінші маңызды факторы электр энергиясы генерациясының көлемін арттыру болып табылады. Болжамдарға сәйкес таяу бес жылда Қазақстан Республикасы Бірыңғай энергетика жүйесі бойынша барынша электр жүктемесі шамамен ширекке ұлғаяды. Бұл үшін жинақтаушы қуаттылықтар мен электр жүйесінің құрылысын дамыту қажет.
      Ауылдық жерлерде 112 мың км астам 110 кВ және одан төмен кернеулі жоғары вольтты желілерін, жиынтық қуаты 4,13 млн. кВт 110 және 35 кВ кернеулі 614 бөлу қосалқы станцияларын және жиынтық қуаты 4,3 млн. кВт астам 23,7 мың тұтыну қосалқы станцияларын салу қажет.

3.3.6 Автомобиль жасау

      Ескерту. 3.3.6-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

      Автомобиль паркі
      Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегментi саладағы ең үлкен iшкi сұранысқа ие және 2008 жылы жалпы машина жасау өнiмдерi көлемiнің 16 %-ын құраған, бұл ретте 2004 – 2007 жылдар кезеңiнде халық табысының ұлғаюы және соның салдары ретінде жеңiл автомобильдердi сатып алуының арқасында нарық 28 %-ға өстi.
      Қазақстан Республикасында көлік құралдарының жалпы саны 1991 жылғы 1,4 млн автомобильден 2011 жылы 4 млн автомобильге дейін ұлғайды, оның ішінде 3,5 млн. жеңіл автомобиль, 414 мың жүк автомобильдері және 98 мың автобус.
      Қазақстан Республикасында 1000 тұрғынға шаққандағы автомобиль құралдарымен қамтамасыз ету 242 бірлікті құрайды, бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда төмен болып табылады және өсім үшін әлеуеттің болуы туралы куәландырады. Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) өсімінің оң серпінін және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатының артуын ескере отырып, автомобиль техникасын ішкі тұтынуды ұлғайтуға оң алғышарттар бар.

      11-кесте. Кейбір елдерде 2012 жылы автомобиль құралдарымен қамтамасыз етілу, 1000 тұрғынға шаққанда автомобиль құралдарының бірлігі

Ел

Бірлік

Ел

Бірлік

Монако

908

Суринам

282

АҚШ

802

Мексика

276

Исландия

746

Ресей

271

Люксембург

739

Сербия

252

Жаңа Зеландия

718

Қазақстан

242

Франция

598

Таиланд

165

Германия

564

Украина

158

Ұлыбритания

523

Қытай

47

      Ақпарат көзі: «Автостат» АА

      Жеңіл автомобильдер
      Қазақстан Республикасы автомобиль нарығының қалыптасуы мыналардың есебінен болады:
      автомобильдердің ішкі өндірісі;
      жаңа автомобильдер импорты;
      қолданыста болған автомобильдер импорты.
      2007 – 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының автомобиль нарығы ұлттық экономиканың өсу қарқынын бәсеңдеткен әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың келеңсіз әсеріне ұшырады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша республикада жаңа жеңіл автомобильдер өткізу көлемі теріс рекорд – сатылған 14,8 бірлікті көрсетті. Тұтыну белсенділігін кейіннен қалпына келтіру және Кеден одағының шеңберінде кеден-тариф режимін өзгерту 2010 – 2012 жылдар кезеңінде нарықтың бес есеге өсуін қамтамасыз етті.
      Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі парк құрылымы
      Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі жеңіл автомобильдер паркінің құрылымы кестеде ұсынылған.

      11-1-кесте. Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі жеңіл автомобильдер саны, мың бірлік

Ел

Барлығы

3 жылдан аспайтын

3 жылдан асатын, бірақ 7 жылдан аспайтын

7 жылдан асатын, бірақ 10 жылдан аспайтын

10 жылдан асатын

өзгелері

Қазақстан Республикасы

3503

108,4

360,5

247,0

2 774,9

12,3

      Ақпарат көзі: ҚР Ішкі істер министрлігі.

      Шағарылған жылы бойынша Қазақстан Республикасының автопаркі негізінен қызмет ету мерзімі 10 жылдан асатын автомобильдерден тұрады, 10 жылдан аса пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 79 %-ды құрайды. Пайдалану мерзімі 3 жылдан асатын, бірақ 7 жылдан аспайтын автомобильдер үлесі 10 %-ға тең. Пайдалану мерзімі 7 жылдан асатын, бірақ 10 жылдан аспайтын автомобильдер үлесіне шамамен автомобиль паркінің 7 %-ы келеді.
      Пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын автомобильдердің саны жалпы санның 3 %-ын құрайды.
      Жаңа автомобильдерді сату
      2010 жылға қарағанда сатылымның өсу қарқыны ұлғайды. 2011 жыл ішінде Қазақстан Республикасында ресми ұсынылған автомобильдердің 37409-ы өткізілді, бұл 2010 жылға қарағанда 116,1 %-ға көп. 2012 жылы жаңа автомобильдердің ресми сатылымы 85,7 мың бірлікті құрады.
      Қазақстан Республикасының ресми дилерлерінің сатуын бренд иесі болып табылатын елдердің бөлінісінде салыстырсақ, мынадай үрдіс байқалады:
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінен әкелінетін автомобильдер сатылымының жоғары өсімі. Сатылымдардың елеулі үлесін өзінің құнына және ҚР аумағында өндірілуіне байланысты «Lada» автомобильдері алады;
      «Chevrolet», «KIA» және «Ssang Yong» сияқты брендтердің ҚР аумағындағы өндірісінің және өндірісі Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) жолға қойылған «Hyundai Accent» және «КІА Rіо» бюджеттік седанның нарыққа шығуының арқасында автомобильдердің кореялық маркалары сатылымының өсуі.
      Сатылым құрылымы
      2012 жыл ішінде ең көп сатылатын автомобильдер «С класс», «В класс», және SUV сегменттерінде шоғырланған болатын. «В класс», «С класс» сегментіне мынадай модельдер кіреді: «Lada Priora» – 13,99 %, «Lada Samara» – 13,42 %, «Daewoo Nexia» – 6,95 %, «Lada Granta» – 5,54 %, «Hyundai Accent» – 4,93 %, «Toyota Corolla» – 1,45 %, «Kia Cerato» – 2,53 %, «ZAZ Chance» – 2,24 %, «Chevrolet Aveo» – 0,93 %, «Chevrolet Cruze» – 2,12 %.
      2012 жылы өтімділігі жоғары болған автомобильдер арасында «ықшам» SUV сұранысқа ие болды, онда «Lada 4х4» көшбасшы болып табылды – 5,3 %, бұдан әрі көшбасшы модельдер «NIVA Chevrolet» – 1,46 %, «Hyundai Tucson» – 0,97 %, «Nissan Juke» – 1,43 % болып табылды.
      «Орташа мөлшерлі» SUV арасындағы барынша көп сатылымдар былайша бөлінді: «Toyota Prado» – 1,72 %, «Ssang Yong Kyron» – 1,31 %, «KIA Sorento» - 0,9 %, «UAZ Hunter» – 0,79 %.
      Жеңіл автомобильдер импорты
      2010 жылдың басына дейін Қазақстан Республикасының автомобиль нарығы ТМД елдері арасындағы ең либералды нарықтардың бірі болды. Бұл әкелу баждарының төмен деңгейімен, алыс шетелден бұрын қолданыста болған автомобильдерді әкелуге кедергінің болмауымен, парктің жаңаруын ынталандыратын салық жүйесінің болмауымен түсіндіріледі. Бұл Қазақстан Республикасының автомобиль нарығында алыс шетелден әкелінетін, бұрын қолданыста болған автомобильдердің басым болуына әкеп соқтырды.

      11-2-кесте. 2006 – 2012 жылдарда жеңіл автомобильдер импортының серпіні, бірлік

Көрсеткіш атауы

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Жаңа автомобильдер

Саны, бірлік

43,8

79,4

35,7

20,5

22,6

40,5

74,7

Өсім, %

18,9

81,34

-56

-43

10

79

85

Бұрын қолданыста болғандар автомобильдер

Саны, бірлік

353,2

309,2

119,6

91,2

150

200,1

6,4

Өсім, %

76,3

-12,4

17

-24

64

33

-97

      Елдің Кеден одағына кіруіне және Бірыңғай кедендік тарифтің күшіне енуіне дейін жаңа автомобильдер нарығы бұрын қолданыста болған автомобильдер тарапынан қысым көре отырып, барынша баяу дамыды. Елдің Кеден одағына кіруі Қазақстан Республикасының автомобиль нарығына негізінен жаңа автомобильдер сатуға қайта бағдарлануға және соның салдары ретінде паркті жаңғыртуды жеделдетуге, Қазақстан Республикасының ішінде автомобильдер өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
      Қазақстан Республикасы нарығында жаңа жеңіл автомобильдер сатуға әсер ететін факторлар.
      Автомобиль техникасына деген сұранысқа экономикалық, әлеуметтік факторлар, сондай-ақ кедендік режимді өзгерту елеулі әсер көрсетеді. Айталық, 2008 жылы қаржы дағдарысына қатысты Қазақстан Республикасында пессимистік күтулер болды, оның нәтижесінде автомобильді пайдалану айтарлықтай төмендеді. 2010 жылы өткізілген автомобильдер саны 2009 жылы өткізілгенмен салыстырарлықтай болды. Бұл ретте құлдырау серпіні өсімге ауысты. 2010 және 2011 жылдардағы статистикалық деректер сатылымның тұрақты өскенін көрсетеді. Бұл ретте, сұраныс жаңа автомобильдер тарапына қарай ауады. Бұл үрдіс 2012 жылы бұдан да анығырақ байқалды.
      Қазақстан Республикасының автомобиль нарығына тікелей әсер еткен негізгі оқиғалар:
      1. Қазақстан Республикасы экономикасының дағдарыстан кейінгі қалпына келуі және осының салдары ретінде халықтың сатып алу белсенділігінің артуы.
      2. Қолданыста болған автомобильдерді әкелуге кедергі болатын баждардың белгіленуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кеден одағына ықпалдасуымен байланысты басқа да өзгерістер.
      3. Әйгілі маркалар модельдерінің өндірісін дамыту.
      4. Рулі оң жақта орналасқан автомобильдерді әкелуге тыйым салу.
      5. Отандық автомобильдерді мемлекеттік органдармен сатып алу.
      Коммерциялық автомобильдер
      Жүк автомобильдерінің паркі
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль паркі жүк автокөлігі құралдарының саны 414 мың бірлік болған. Оның 58,2 %-ын жеке иеліктегі жүк автомобильдері құрады.

      11-3-кесте. Қазақстан Республикасындағы жүк автомобильдері, бірлік.

Ел

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қазақстан Республикасы

223 063

224 872

281 538

311 828

359 194

414 332

410 793

397 598

414 018

      Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

      Автобустар паркі
      2011 жылы Қазақстан Республикасында автобустар паркі 98 441 бірлікті құрады. 2003 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында автобустар санының тұрақты өсімі байқалады. Аталған кезеңде автобустар саны 60 %-ға ұлғайды.

      11-4-кесте. Қазақстан Республикасындағы автобустар, бірлік.

Ел

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қазақстан Республикасы

61 391

62 894

65 698

75 042

83 372

89 220

94 824

93 956

98 441

      Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

      Коммерциялық техниканың 2011 жылғы импорты
      2011 жылы Қазақстан Республикасына жалпы сомасы 783 622,7 мың АҚШ долларына 25 773 бірлік көлемінде коммерциялық техника импортталды. Жаңа коммерциялық техника жалпы сомасы 766 474 мың АҚШ долларына 19107 бірлік көлемінде импортталды.
      Жаңа коммерциялық техника импортында Ресей Федерациясы мен Қытай ең үлкен үлеске ие болды. Көрсетілген елдердің жалпы үлесі импорттың жалпы көлемінің 79,4 %-ын құрады.
      Саны 6666 бірлік бұрын қолданыста болған коммерциялық техника жалпы сомасы 17 148 мың АҚШ долларына импортталды.
      Бұрын қолданыста болған коммерциялық техника импортында ең көп үлеске АҚШ, Германия және Ресей Федерациясы ие болды. Көрсетілген елдердің жалпы үлесі импорттың жалпы көлемінің 94,4 %-на тең.

      1-диаграмма. 2010 – 2011 жылдардағы коммерциялық техника импортының серпіні, бірлік.

      Дереккөз:
      2010 ж. – Кеден одағы елдерімен сыртқы және өзара сауда бойынша ақпарат – ҚР Қаржымині Кедендiк бақылау комитетi
      2011 ж. - Кеден одағы елдерімен сыртқы және өзара сауда бойынша ақпарат – ҚР Қаржымині Кедендiк бақылау комитетi
      2011 жылғы шілдеден бастап - Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда бойынша ақпарат – ҚР Статистика агенттігі

      Қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы.
      Көлік құралдарының жеке өндірісінің ұлғаюына қарамастан, өндіріс көлемі салыстырмалы түрде төмен күйінде қалуда және көлікті импорттау жалпы сұраныстың 80 %-ынан кемін құрайды. Қазақстан Республикасында көлік құралдарын шығару бойынша өндірістік қуаттың көлемі жылына 80 мыңнан астам бірлікті құрайды, автомобиль компаниялары өскелең сұранысқа сәйкес көлік шығару көлемдерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
      Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін автоқұрастыру өндірістері қазіргі кезеңде SKD өндірісін (ірі торапты жинақтау) жүзеге асырады, ол қозғалтқышты, трансмиссияны, жүру бөлігін, автомобиль шанағына шығу жүйесін, кейіннен құю және автомобильдің барлық жүйелерін диагностикалау және сынақтан өткізе отырып, электр сымдарын коммутациялау және гидрожүйелерді қосуды монтаждау бойынша жинақтау операцияларын қамтиды. Бұған автобусты дәнекерлеу мен шанағын бояйтын автобустар өндірісі кірмейді.
      Аталған кезең әлемдік өндірушілердің техникаларын лицензиялық құрастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар бастапқы, негізгі кезең болып табылады. Қазіргі уақытта құрастыруға арналған барлық автоқұрамдауыштар іс жүзінде басты автоқұрастыру кәсіпорындарынан импортталады.
      Автомобиль жасаудың негiзгi өнiмдерiн өндiру 11-5-кестеде көрсетiлген.

      11-5-кесте. Автомобиль жасау өнiмдерiнің өндiрiсi

Көрсеткiш атауы

2008

2009

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

Жеңiл жолаушы автомобильдерi, дана

3 271

1 245

3 176

8 195

19 256

Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана

115

2

40

98

107

Жүк автомобильдерi, дана

1 013

353

501

795

1 698

Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

61

80

114

183

199

Тiркемелер және жартылай тiркемелер; контейнерлер, дана

57

38

46

50

53

      11-6-кесте. Жұмыс істеп тұрған автомобиль өндірісі

Компания

Ағымдағы жағдайы

Технологиясы

Модельдік қатар

Жобалық қуаты

Шығару көлемі

Оқшаулау

«АЗИЯ АВТО»
Жеңіл автомобильдер
2002 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 22
Lada 4х4;
Љkoda Octavia; Rapid; Superb; Yeti; Fabia.
Chevrolet; Cruze; Aveo; Orlando; Captiva; Treker Malibu.
KIA Picanto; Rio; Cerato; Sorento; Mohave; Cadenza; Sportage; Soul; Оptima; Quoris.

60 000 бірл./жыл

2011 – 7500 бірл.
2012 – 16513 бірл.

Үлгісіне байланысты адвалорлық үлесі бойынша 25-31 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Агромаш Холдинг»
Жеңіл автомобильдер
2003 жылы құрылған
Автомобильдер өндірісі 2010 жылы іске қосылған

SKD

Модельдер саны - 7
Ssang Yong Actyon; Actyon Sports; New Actyon; Rexton; Kyron; Chairman.
ZAZ Chance.

7 000 бірл./жыл

2011 – 869 бірл.
2012 – 2581 бірл.

Үлгісіне байланысты адвалорлық үлесі бойынша 25-31 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Daewoo Bus Kazakhstan»
Автобустар
2007 жылы құрылған

СKD

Модельдер саны - 4
Daewoo BS090; «BS106»; «BS 106А»; «BC 212MA»

1 200 бірл./жыл

2011 - 98 бірл.
2012 - 141 бірл.

Дәнекерлеу, бояу және шанағын, рамасын, шанақ бөлшектерін құрастыру есебінен 25 %

«СемАЗ»
Кіші тонналы жүк автомобильдері
2006 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 2
«FAWCA 1041 A және К»

2 000 бірл./жыл

2011 – 39 бірл.
2012 – 74 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«КАМАЗ-Инжиниринг»
Ірі тонналы жүк автомобильдері және арнайы техника
2005 жылы құрылған

SKD

Модельдер мен түрленімдер саны - 25
КАМАЗ жүк автомобильдері және КАМАЗ шассиі негізіндегі арнайы техника

2 000 бірл./жыл

2011 – 795 бірл.
2012 – 978 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 23 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Hyundai Auto Trans»
Кіші, орта, ірі тоннажды жүк автомобильдері және арнайы техника, автобустар
2010 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 9
Hyundai County шасси базасындағы коммерциялық техника, Hyundai HD45, HD65, HD72, HD78, HD120, HD 170, HD 270, Hyundai Porter,

10 000 бірл./жыл

2011 – 64 бірл.
2012 – 755 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %, шанағын бояу, жинақтау операциялары

«СарыАрқа Автопром»
Жеңіл автомобильдер
Кіші тонналы жүк автомобильдері және автобустар
2011 жылы құрылған

SKD

УАЗ Патриот, Пикап.
IVECO Power Daily

18 000 бірл./жыл

2011 – 0 бірл.
2012 – 59 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 13,8 % – 23,7 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«КазБелАЗ»
Ірі тонналы карьерлік өзіаударғыштар
2010 жылы құрылған

SKD

KAZBELAZ жүк көтерімділігі 35-40 т.

35 бірл./жыл

2011 – 2 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

      Қазақстан Республикасының автомобиль нарығын дамытудың базалық сценарийі оның 2020 жылға дейінгі өсімі болып табылады. 2020 жылға қарай жаңа автомобильдердің ішкі сатылымы жылына 300 мың бірлікті құрайды, ал бұрын қолданыста болған автомобильдер сатылымы 62,5 мың бірлікті құрайды.

      11-7-кесте. Қазақстан Республикасының нарығында жаңа автомобильдерді сату болжамы, мың бірл.

Автомобиль құралдарының түрі

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жеңіл

112,2

125,4

141,5

162,7

183,6

201,8

230,9

258,3

Коммерциялық көлік

13,6

16,4

19,4

24,5

27,9

32,5

36,7

41,4

Барлығы

125,8

141,8

160,9

187,2

211,5

234,5

267,6

299,7

      Ескертпе: Коммерциялық көлік: арнайы көлік құралдарын қамтитын автобустар мен жүк автомобильдері

      Бейтарап сценарийге сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасы қаржы дағдарысына дейін болған өсім қарқынын көрсетеді.
      Сценарийді іске асыру шарттары:
      Автомобиль өнеркәсібі экономиканың салалық құрылымын жетілдіру үшін қолдау табатын стратегиялық салалар қатарына қосылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін өтпелі кезең ішінде 12 жыл бұрын шығарылған қолданылған автокөлік құралдарын кәдеге жарата отырып, жаңа автомобильдерді сатып алуға субсидия береді.
      Қазақстан Республикасында шығарылатын автокөлік құралдарын мемлекеттік сатып алу ұлғаюда. Жеке қаржы компаниялары кредит берудің жоғары мүмкіндіктері бар тұтынушылар үшін төменгі пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз береді. Қазақстан Республикасының автоөндірушілері инновациялар есебінен құрастыру тиімділігін арттырады, білікті қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттырады және өндіріс ауқымдылығын үнемдеу есебінен бағаның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

3.3.7. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын күрделі технологиялар тізбесін қоса алғанда, саланың (сектордың) инновациялық-техникалық дамуын талдау

      Ескерту. 3-бөлім 3.3.7-кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

      Машина жасау саласында инновациялық саясатты іске асыруда басымдық түрінде технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық, оның ішінде мынадай күрделі технологияларды технологиялық болжау қорытындылары бойынша айқындалған ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға игерілетін болады: механикалық активтеу технологиясы, композиттік бөлшектерді өндіру, материалдарды механикалық әсерлерден, химиялық әсерден, термиялық әсерден қорғау, 3D-принтинг технологиясы, тораптарды жинау, жеке тораптар мен агрегаттарды, жинақтауыш өндіру, тұтас илемделген доңғалақтар мен орталықтарды әзірлеу, газ-турбиналық қозғалтқыштарды қалпына келтіру мен сынау.

3.4 Саланы дамытудың негізгі проблемалары

      Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытуға мынадай проблемалар кедергі болады:
      1) өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдық тозуының жоғары деңгейі (43 - 80 %);
      2) машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, ауқымсыз номенклатура және қазақстандық машина жасау өнімін тұтынудың үлесінің төмендігі;
      3) өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің, төмен техникалық жағдайы және саладағы инновациялық белсенділіктің мардымсыз деңгейі;
      4) қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау;
      5) саланың инвестициялық тартымсыздығы және кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіздігі;
      6) ірі металлургиялық өндірушілердің машина жасау кәсіпорындарына қатысты жосықсыз баға саясаты;
      7) өндіріс және кәсіпорынды басқару саласында білікті кадрлардың тапшылығы;
      8) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның маңызды бөлігін (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар, тәжірибе-экспериментальдық базалар, сынақтар мен техникалық бақылау орталықтары) жоғалту, стандарттау, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың болмауы, т.б.;
      9) республиканың машина жасау кәсіпорындары мен таяу шетел кәсіпорындарының және жетекші әлемдік соған ұқсас өнім өндірушілердің арасындағы кооперациялық байланыстар деңгейінің төмендігі;
      10) мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі;
      11) технологиялық болжау тетігінің болмауы;
      12) өндірісте қосылған құны жоғары ғылымды қажетсінетін өнімнің, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі;
      13) көптеген кәсіпорындар өнімді жекелеген мөлшерлерде және ұсақ партиялармен шығаруды жалғастыруда, бұл кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінде (бағада) теріс көрініс табады, яғни, сұрыпы мен сапасы бойынша соған ұқсас өнім импортына себеп болып табылады;
      14) кәсіпорындардың қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесінің болмауы, өндірісті басқарудың әлсіз маркетингі мен менеджменті;
      15) сатудан кейінгі машина жасау өнімдері сервисі деңгейінің төмендігі;
      16) мұнай және т.б. компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларды техникалық қайта жарақтау жоспарлары туралы ақпараттың болмауы.

3.5 Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау

      «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңында машина жасау басқа салалармен қатар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызылған.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашада № 1115 қаулысымен бекітілген Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылу үстінде, оның іске асырылу барысын талдау онда қойылған міндеттер толығымен орындалып жатқанын көрсетеді.
      Машина жасау саласына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жеткілікті қайта өңдеу тауарлары өлшемдерін 50 %-дан 30 %-ға дейін төмендетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 қаулысы қабылданды.
      Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті отандық автокөлік құрастыру өндірісі өнімін құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізілді.
      Қазақстанда мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жасау нәтижесінде дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, жүк және жеңіл автокөліктері, тұрмыстық техникалар, мұнай-газ жабдықтары және т.б. құрастыру өндірістері құрылды.
      Елде жүргізілген жұмысқа қарамастан, әзірге машина жасаудың негізгі проблемалары шешілген жоқ: оның өсуі тұрақсыз, кәсіпорындардың жүктемесі әлсіз, инновациялық белсенділік төмен, түпкілікті өнімді шығаратын кәсіпорындардың үлесі төмен және т.б.

3.6 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу

      Әлемдік көшбасылар - негізінен әр түрлі сегменттердегі өнімді шығаратын ірі әртараптандырылған компаниялар (Вusher, Саterріllar), алайда бірқатар жағдайларда мамандандырылған компаниялар (Jоу Global Inc.) табысты болуы мүмкін. Жоғары еңбек өнімділігінің (шамамен - бір адамға 250 - 450 мың доллар), басқарудың тиімді жүйелерінің және ауқым әсерін пайдаланудың есебінен компаниялар жоғары маржиналдықты (10 - 15 %, темір жол машиналарын жасау сегменті бойынша - 4 %) сақтап қала алады. Барлық әлемдік көшбасы компаниялар тігінен ықпалдасқан болып табылады: олар әзірлеуден сатуға дейін делдалдық жүйелер арқылы құндылық құру тізбегінің барлық буындарын бақылайды. Өндірістің бір бөлігі (негізгі емес не ерекше элементтер) әдетте аутсорсингке беріледі. Барлық ірі әлемдік компаниялар өз қызметінде сервистік жүйелердің, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, сондай-ақ, бірқатар жағдайларда өздерінің клиенттері үшін қаржылық өнімдерді дамытуға айрықша көңіл бөледі.
      1. Инновациялық белсенділікті арттыру және ғылыми зерттеу мен тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді (бұдан әрі ҒЗТКӘ) ынталандыру.
      Машина жасауды дамыту кезіндегі мемлекет алдында тұратын маңызды міндеттердің бірі бизнестің инновациялық белсенділігін көтеру болып табылады. Аталған сала барынша ғылымды қажетсінетіндердің бірі болып табылады. Барлық дамыған елдер және әсіресе көшбасы елдер машина жасауда жыл сайын бюджеттен қомақты сомаларды ҒЗТКӘ-ны қабылдауға және ынталандыруға жұмсайды. Мемлекеттік қаржыландырудың әрбір доллары әртүрлі бағалаулар бойынша ҒЗТКӘ-ға тартылған қосымша жеке инвестициялардың 0,35-тен 1,74 долларға дейін қамтамасыз етеді.
      Әлемдік тәжірибеде ҒЗТКӘ-ны салық әдістерімен қолдаудың әртүрлі тетіктері бар, олардың ішінен мынадай 3 негізгісін бөліп көрсетуге болады:
      ҒЗТКӘ-ға тепе-тең шығыстар мөлшеріне салық салу базасын азайту;
      салық жеңілдіктерін ұсыну - ҒЗТКӘ-ға арналған шығыстардың үлесі төлеміне салықты азайту;
      уақытша босату немесе салықтарды азайту.
      Дамыған еуропалық елдер ғылыми зерттеулерді қолдауға және оларды кейіннен коммерцияландыруға көңіл бөледі, әрі ірі кәсіпорындардың ҒЗТКӘ жүргізуін қолдайды. Мәселен, француз үкіметі жоғары технологиялық фирмаларды (бюджеті шамамен 100 млн. франк) ұйымдастыру бойынша конкурс өткізді, іске асыру үшін 244 жоба іріктеліп алынды, олардың 23 %-ы машина жасау саласында болды. 2006 жылы Франция үкіметі RRJ ресейлік өңірлік ұшағын әзірлеудегі француздық үлестің бөлігін қаржыландыруға 140 млн. евро бөлді.
      2. Шағын және орта бизнесті дамыту.
      Машина жасаудың дамыған көшбасы елдерінде қосылған құнның және сала шығарылымның едәуір бөлігі (Европалық одақ бойынша машина жасау қосылған құнының 30 %-дан астамы, Ұлыбританияда - 41 %, Португалияда - 49 %, Норвегияда — 46 %) шағын және орта бизнеске (бұдан әрі - ШОБ) жататын кәсіпорындар қалыптастырады. Германия мен Австрияда шағын және орта кәсіпорындар да машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне едәуір үлес қосуда. Мәселен, Германияның үлгілік машина жасау компаниясы шамамен 150 адам штаты бар және айналымы 25 млн. евро компания болып табылады. Австрияда сектордағы шамамен орта есеппен 90 қызметкер штаты бар 800 компания шағын және орта бизнеске жатады, компаниялар, әдетте ауқымсыз нарықта және арнайы өнім шығарумен мамандандырылады (мысалы, тауда жұмыс істеуге арналған машина). Қытайдағы машина жасауды дамытуды, көбінесе шағын және орта бизнес қамтамасыз етеді, Мысалы, 2007 жылы экспорттың шамамен 47 %-ын машина жасау өнімі құрайды, бұл ретте экспорттың жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 65 %-дан жоғары болды.
      Дамыған елдердегі ШОБ-тың дамуын талдау ШОБ-ты дамыту үшін барынша тартымды машина жасау сегменттерін айқындауға мүмкіндік береді. Германия, Ұлыбритания және Францияның машина жасау саласына жүргізілген талдау ШОБ-ты дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер станок жасау және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі сегментінде, ал аздаған мүмкіндіктер - тұрмыстық аспаптар мен кеңсе техникалары өндірісінде екендігін көрсетеді.
      Шағын және орта кәсіпорындарды табысты дамыту себептерінің бірі ірі өндірістің ШОБ-қа қарсы қойылмайтындығында. Дамыған елдерде ірі, шағын және орта кәсіпорындарды кооперациялау қағидаттары таратылған, бұл ретте олар әсіресе жеке өндірістерді мамандандыру және инновациялық әзірлемелер саласында бірін бірі өзара толықтырып отырады.
      3. Экспортты мемлекеттік қолдау.
      Өнеркәсіптік дамыған, елдерде экспортты мемлекеттік ынталандыру тетігі көпжақтылығымен және мемлекеттің белсенді қатысуымен сипатталады. Мемлекеттік шығыстар сыртқы саудадан түсетін пайданың өсуі, өндіріс пен жұмыспен қамтылудың өсуі, салықтар мен басқа да көздерден түсімдердің артуы есебінен жабылады.
      Өнеркәсіптік дамыған және дамушы елдерде де экспортты ынталандырудың барынша тиімді құралдарының бірі экспорттық операцияларды жеңілдікпен қаржыландыру және экспорттық агенттіктерді құру болып табылады.
      Ірі әлемдік экспорттаушы болып табылатын АҚШ-та (тауарлар мен қызметтер экспортының көлемі 2007 жылы 1,6 триллион АҚШ долларын құрады) экспорттаушылардың мүддесін қамтамасыз етуде негізгі рөлді Саудаға жәрдемдесу жөніндегі үйлестіру комитеті атқарады. Бұл комитет АҚШ аумағынан экспортты дамыту бойынша 19 агенттіктің күш-жігерін үйлестіреді.
      Экспортты дамыту бойынша мемлекеттік шығыстардың мөлшері әрбір 100 000 долларға (экспорттық қаржыландыруды және ауыл шаруашылығы қолдауын қоспағанда) 0,1 - 0,8 доллар деңгейінде тұр. Бұл ретте қолдау көрсетудің неғұрлым үлкен деңгейін Испания, Ұлыбритания және Италия үкіметтері - 0,7 - 0,83 доллар, неғұрлым төмен деңгейін - Германия, АҚШ және Жапония — экспорттың әрбір 10 000 долларына - 0,11 - 0,3 доллар көрсетіп отыр.
      Экспорттық агенттіктердің негізгі міндеттері жергілікті компанияларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету болып табылады. Әдетте, бұл:
      басым нарықтарда маркетингтік зерттеулер жүргізу;
      бірыңғай база құру және ШОБ кәсіпорындарына экспорттық мүмкіндіктер туралы ақпаратты ұсыну;
      экспорттық және импорттық рәсімдер туралы ақпаратты ұсыну;
      сыртқы нарықтарды жергілікті өндірушілердің мүдделерін білдіру.
      Халықаралық сауда тәжірибесінде экспортты ынталандырудың кең таралған және агрессивтік деп айтуға болатын нысаны оны тікелей субсидиялау болып табылады. Экспортты субсидиялау экспорттаушыға тауарларға бағаны айтарлықтай дәрежеде төмендетуге, ал көп жағдайларда тіпті оны өзіндік құннан аз етуге мүмкіндік береді. Жалпы субсидияларды пайдалану (ауыл шаруашылығы өнімін қоспағанда) шартты нысанда Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жасалған субсидиялар мен өтемдік баждар туралы келісімнің нормаларымен регламенттеледі.
      Көптеген елдерде (Ұлыбритания, Жапония, Франция, Германия) мемлекеттік органдар ұлттық кәсіпорындардың экспорттық қызметіне ұйымдық және ақпараттық қолдау көрсетеді. Бұл сауда көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастыру, сауда миссияларын шетелге жіберу, фирмаларды сауда-экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.

3.7 Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      Қоршаған ортаға түсетін өнеркәсіп шығарындылары ірі көлемі ішінде машина жасауға оның болмашы бөлігі - 1 - 2 % тиесілі. Бұл көлемге машина жасау кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери бағдарланған салалар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарындылары да жатады.
      Қазақстан Республикасында 2016 жылға дейін есептелген табиғатты қорғау шараларының кешені жүргізіледі. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін негізгі табиғатты қорғау шаралары жоспарланды және орындалды.
      Кәсіпорындарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту мақсатында газ тазалау қазандарын күрделі жөндеу, атмосфераға құрамында кремний бар шаң шығарындыларын қысқарту мақсатында пештерді газбен тазалау жүргізіледі. Шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдірілген шекемтастарды пайдалану есебінен жүргізіліп жатыр. Санитарлық қорғау аймағын жайластыру: учаскелерді жоспарлау, аймаққа шаң жүктемесін төмендету мақсатында ағаш және бұта отырғызу жүргізіледі.
      Зауыттардың өнеркәсіп алаңдарында топырақ суларын азайту бойынша іс-шаралар, су жоғалтуды қысқарту және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау мақсатында түрлі мақсаттағы суағарларды күрделі жөндеулер және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізе отырып, жерасты суларын қорғау бойынша іс-шара өткізіледі.
      Кәсіпорындардың көпшілігінде ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық менеджмент жүйесі әзірленіп, енгізілді. Бұл жүйе күш-жігерді барынша маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға әсерді тұрақты талдауды болжайды.
      Энергия ресурстары шығынын төмендету шеңберінде белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бірқатар кәсіпорындарда өндірісті қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылды, жабдықтар ауыстырылды. Ірі кәсіпорындарда жыл сайын энергия ресурстарының азаю жағына шығыстарының үлестік нормалары қайта қаралады.
      Алдын ала талдау негізінен энергияны қажетсінудің төмендеуі электр энергиясы шығындарын үнемдеу жолымен, ал еңбек өнімділігінің артуы жабдықты жаңғыртудың есебінен жүреді.
      Пайдаланылатын тәсілдерден басқа энергетикалық және материалдық ресурстарды болмашы өсімімен жалпы ішкі өнімді ұлғайтуға мүмкіндік беретін ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.
      Қазіргі уақытта машина жасаушы кәсіпорындар инвестициялар тарту және парникті жаңа технологияларды қолдануға, газдардың шығарындыларын қысқарту, энергияны және ресурсты үнемдеу, жерді және орман отырғызуды рекультивациялау жолымен саланың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

      Бағдарламаның мақсаты
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010  - 2014 жылдарға арналған Бағдарламаның негізгі мақсаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту болып табылады.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері
      1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру.
      2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
      3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және дамыту.
      4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикаторлар
      1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды нақты көріністе 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға ұлғайту.
      2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін нақты көріністе 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту.
      3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.
      Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері 12-кестеде келтіріледі.

      12-кесте. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірл.

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Көлік машинасын жасау, оның ішінде:








жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштарды өндіруді оқшаулау деңгейі

%

-

5

10

20

30


мамандандырылған платформа өндіру

бірл.

-

70

100

150

200


хоппер-вагон өндіру

бірл.

-

-

200

400

600

2

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, соның ішінде:








комбайндар өндіру

бірл.

-

258

565

590

650


тракторлар өндіру*

бірл.

1000

1000

1000

1000

1000

      Ескертпе: *жыл сайынғы жоспарланған өндіріс

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

      Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең (2010 – 2011 жылдар) – машина жасау кәсіпорындарының технологиялық аудитін жүргізу, салалық конструкторлық бюролар құру және саланың инфрақұрылымын бекіту.
      Бірінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнды 2012 жылға қарай 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      машина жасау өнімі өндірісі көлемін 2012 жылға қарай 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 2012 жылға қарай 64 %-ға ұлғайту (13-кесте).
      Екінші кезең (2012 – 2014 жылдар) – машина жасау кәсіпорындарының әлеуетін іске асыру, қарқынды өсу. Бұл кезеңде бірінші кезеңде алынған оң нәтижелерді тарату, саланы қолдау үшін қолданыстағы инфрақұрылымдарды жүйелі нығайту және жаңасын құру, саланы жүйелі нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы, электр-техникалық және теміржол машинасын жасау үшін жаңа өнім түрлері игерілетін болады.
      Екінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнды 70 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      сала ресурстарының жалпы көлемінде отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсімін қамтамасыз ету (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 2,3 есеге ұлғайту (13-кесте).

      13-кесте. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Негізгі көрсеткіштер

2008

2009

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Жалпы қосылған құнның 2008 жылғы деңгейге қарағанда өсуі, %

100

83,6

111,2

131,1

151,7

162,1

170

2

Еңбек өнімділігінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда өсуі, %

100

94,1

137,3

168,9

212,5

222,1

231

3

Сала ресурстарының жалпы көлемінде отандық машина жасау өндірісінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда үлесі, %

8,1

7,2

8,9

11,5

11,7

11,9

12,1

      Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін саланы дамыту жөніндегі мынадай негізгі іс-шараларды орындау қажет:
      1. Шығарылатын ассортиментті кеңейту бойынша икемді өндірістерді құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қолданыстағы кәсіпорындарды қайта құрылымдау перспективалы технологияларды сатып алуға/енгізуге арналған инновациялық гранттарды беру, өндірістік процестерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқарушылық технологияларды енгізу арқылы машина жасау кәсіпорындарының технологиялық аудитін жүргізу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ, Өскемен қаласы, өндірістік қуаты жаңғыртылады.
      Сондай-ақ «Агромашхолдинг» АҚ, Қостанай қаласы, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету жөніндегі сауда-сервистік орталықтар жаңғыртылады.
      2. Бөлшектер мен жинақтауыш өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген инвестициялық жобалардың шеңберінде бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, мынадай ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру жобаларын іске асыру көзделеді: «Жолаушы вагондарының өндірісі», «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклді автозауытты және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу». Саладағы негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаға 2-қосымшада келтірілген.
      3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнімінің өндірісі және сервистік көрсетілетін қызметтерді (инжиниринг) дамыту жөніндегі қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
      Көлік машинасын жасауда 2015 жылға қарай оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер және жинақтауыштарды құрастыру өндірісі ұйымдастырылады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген инвестициялық жобалардың шеңберінде «Азия Авто» АҚ базасында Өскемен қаласында инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда жинақтауыштар, оның ішінде: пластиктен жасалған бұйымдар (бампер, панель), резеңке техникалық бұйымдар, пайдаланылған газдар, отын бактарының өндірісі ұйымдастырылады. Аталған жобаны іске асыруға арналған инвестициялар көлемі 74 млрд. теңгені құрайды.
      Теміржол машинасын жасауда локомотивтердің, жүк вагондардың өндірісі ұлғайтылады. Кейіннен қуатын жылына 200 бірлікке дейін, хопперді вагондарды жылына 600 бірлікке дейін ұлғайта отырып, мамандандырылған платформа өндірісі игеріледі. Теміржол машинасын жасау мұқтаждары үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылады.
      «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС, Екібастұз қаласы қуаты жылына 2500 бірлік болатын жүк вагондарының өндірісі. Инвестициялар көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды.
      «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Астана қаласы, қуаты жылына 50 бірлік болатын электровоздарды құрастыру өндірісі. Инвестициялар көлемі 9,9 млрд. астам теңгені құрайды.
      Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотивтер өндірісі ұлғайтылады.
      Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 200 бірлікке дейін мамандандырылған платформа, жылына 600 бірлікке дейін хоппер-вагон өндірісі игеріледі.
      Өскемен қаласында «Шығысмашзауыт» АҚ базасында ірі габаритті құйма, оның ішінде: теміржол машинасын жасаудың мұқтажы үшін бүйір рамаларының, рессор үсті балкаларының өндірісі ұйымдастырылады.
      Тікұшақтарды жинау өндірісінде жергілікті қамту ұлғайтылады.
      2015 жылға қарай қос мақсаттағы пилотсыз ұшу аппараттарын (ПҰА) жинау мен оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі орталықты ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
      Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда 2015 жылға қарай өнім шығару 2 есеге ұлғаяды.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ базасында «Essil» комбайндарының өндірісі жылына 650 бірлікке дейін ұлғаяды.
      Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бірлік «Беларусь» тракторларының өндірісі ұйымдастырылады. Инвестициялар көлемі 1,36 млрд. теңгені құрайды.
      Ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету мақсатында елдің ірі облыстарында тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады, атап айтқанда: Солтүстік Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында біреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бір-бірден.
      Мұнай-газ машинасын жасауда 2015 жылға қарай құбыржол арматурасының, сұйықтық сорғылар мен бұрғылау машиналарының өндірісі ұлғайтылады.
      Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыт» АҚ, «Машзауыт» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыржол өткізу арматурасының, сұйықтық сорғылар мен ұтқыр-бұрғылау қондырғыларының өндірісі дамитын болады.
      Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу сервистік орталығы» ЖШС базасында газ-турбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу мен оларға сервистік қызмет көрсету, оның ішінде 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясы және «Siemens» Германия компаниясы арасындағы лицензиялық келісімді іске асыру арқылы енгізіледі.
      Тау-кен металлургиясы машинасын жасауда 2015 жылға қарай «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) сияқты машина жасау кәсіпорындары мен Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары өндірісін дамыту есебінен кен өндіру өнеркәсібіне арналған үшін жабдықтар өндірісі ұлғайтылады.
      Электр-техникалық машинасын жасауда 2015 жылға қарай аккумуляторлар, трансформаторлар және оқшаулағышпен оралған сымдар өндірісі ұлғайтылады, кернеулік класы 110-220 кВ трансформаторлар өндірісі игеріледі.
      Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қуаты 600 мың бірлік қорғасын аккумуляторларының өндірісі ұлғайтылады. Бұл өндіріске инвестициялар көлемі 570 млн. теңгені құрайды.
      Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-та трансформаторлар өндірісі 2010 жылғы 2 млн. кВА-тан 2014 жылы 4 млн. кВА-ға дейін ұлғаяды, сондай-ақ кернеулігі 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн. кВА дейін трансформаторлар шығару игеріледі.
      Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Саран қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС базасында, «EAST INDUSTRY CОMPANY ltd» ЖШС базасында қуаты жылына 33 600 км оқшаулағышпен оралған сымдар өндірісі ұлғаяды. Инвестициялар көлемі 753 млн. теңгені құрайды.
      Автомобиль құрастыруда бәсекеге қабілетті артықшылықтарды құру мақсатында автомобиль өнеркәсібінің экожүйесін қалыптастыру мәселесі пысықталатын болады.
      Қазақстан Республикасында құрылатын автомобиль өнеркәсібінің негізін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімі бар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар құрайды.
      Инновацияларды қолдау, байланысты қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы автоқұрастыру кәсіпорындарының, өндірушілер мен автоқұрамдауыштарды жеткізушілердің базасында автомобиль кластерін құру қажет.
      Шетелдік автоөндірушілердің тікелей инвестициялары үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл ретте қазақстандық және шетелдік автоөндірушілердің бірлескен кәсіпорындарын құруға бағытталу қажет.
      Жаңадан құрылатын өндірістер үшін Кеден одағы бойынша әріптес елдермен келісілген жағдайлар жасалатын болады.
      Елдің автомобиль құрастыру компаниялары өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жеке маркетингтік стратегияларға сәйкес дамитын болады.
      Ұзақ мерзімді перспективада құралдардың қажетті шоғырлануы мен инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар өндірісі болашақта оқшаулаудың жоғары деңгейінде жүзеге асырылатын жеңіл автомобильдердің, SUV, автобустардың, жеңіл жүк автомобильдерінің және ауыр техникалардың стратегиялық үлгілерін айқындауы қажет.
      Автоқұрамдауыштар өндірісі автоқұрамдауыштардың тәуелсіз жеткізушілерінің тікелей ықпалдасқан жүйелерін құру арқылы дамуы мүмкін. Автоқұрамдауыштар өндірісінің сапалы, сол сияқты сандық көрсеткіштері автомобиль өнеркәсібіндегі нақты қосылған құнға қол жеткізу мақсатында құрастыру өндірістерінің өсу серпініне байланысты өзгеруі тиіс.
      Автоқұрамдауыштар өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі мәселелер, оның ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерін беру арқылы, ескі автомобильдерді жаңасына (траде-ин) ауыстыру операцияларын жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығына қосарланған салық салуды алып тастау жөніндегі мәселе пысықталады.
      Халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес автомобильдердің сертификаттау және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін меншікті базаны құру жөніндегі мәселе пысықталады, бұл: шығарылатын автомобильдер сапасының деңгейін әлемдік деңгейге дейін көтеруге, шетелдік сертификаттау және сынақ орталықтарына тәуелділіктен арылуға, техникалық реттеу бойынша жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      Автомобильдерді жинаудың, сақтаудың және кәдеге жаратудың ұйымдық процестерін қамтитын автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін құру мәселесі пысықталады.
      Мынадай:
      банктік қарыз шарттары бойынша Қарыз алушылар төлейтін отандық өндірістің жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі.
      банктік қарыз шарттары және Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ретінде қарыз алушылар/лизинг алушылар төлейтін жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялау мүмкіндігі мәселелері пысықталады.
      Автобус паркін жаңарту үшін жаңа отандық автобустарды сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялау мүмкіндігі және отандық автобустарды сатып алу міндеттемесін белгілей отырып, жолаушыларды қалалық маршруттарда 12 жылға дейін, ал қалааралық маршруттарда 15 жылға дейін тасымалдау үшін автобустарды пайдалану мерзімін шектеу мәселесі пысықталады.
      Шетел өндірушілері тарапынан жосықсыз баға бәсекелестігін шектеу мақсатында тиісті мемлекеттік органдар демпингке қарсы тексерулер жүргізеді.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру
      Қазақстанның 2010 – 2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының шеңберінде мынадай инвестициялық жобалар іске асырылатын болады:
      1) локомотив құрастыру зауыты, Астана қаласы – жылына 100 локомотив және Астана қаласы ЖЭА аумағында бөлшектер мен жинақтауыштар өндіру;
      2) автомобильдердің құрастырмалы өндірісі, Шығыс Қазақстан облысы – жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен жинақтауыштарды өндіру бойынша технопарк.
      Саладағы іске асыруға ұсынылатын негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
      Қорғаныс өнеркәсібінде 2015 жылға қарай қолданыстағы проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы жергілікті қамтудың үлесін айтарлықтай ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады.
      Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларға деген неғұрлым перспективалы қажеттіліктерімен айқындалатын болады.
      Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ҒЗТКЖ саны мен сапасын арттыруға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады.
      Қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша шараларды қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.
      Мемлекеттік қолдаудың секторлық және жобалық шаралары
      Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Шығыс Қазақстан облысында автозауыт пен автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк құрылысын қажетті жер учаскесімен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.
      Каспий өңірінде кеме жасауды дамыту үшін инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Білім беру жүйесі басым кіші саланың ағымдағы қажеттілігін қажетті кадрлар санымен қамтамасыз етеді. Алайда, перспективалы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басым кіші салалардағы жаңа жобаларды іске асыру үшін кадрлық қажеттіліктер туралы деректерді ескеру қажет.
      Осылайша, білім беру жүйесі бүгінгі күннің ғана емес, сондай-ақ саланың тұтастай алғанда болашақтағы дамуын да білікті кадрлармен басым кіші салаларды қамтамасыз етуі тиіс.
      Жаңа ірі кәсіпорындарды ашу кезінде саланы қарқынды дамыту қажеттіліктері білікті кадрлардың қосымша санын қажет етеді.
      Машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік Қазақстанның ЖОО-ларында және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 005 «Білім және ғылым объектілерінің салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде Өскемен қаласында 2010 жылы 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығының құрылысы басталады.
      2012 жылы жылына 15000 адамды оқыту мүмкіндігі бар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Көліктегі технологиялар орталығы» пайдалануға беріледі.
      Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, өндірістік кәсіпорындарда 3 ай мерзімге өндірістік практикадан өткізу жүйесі енгізілетін болады.
      Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқарушы кадрлардың біліктілігін жоғарылату кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      Мәселен, «Агромашхолдинг» АҚ басқарушы кадрлары «SsangYong» компаниясында (Оңтүстік Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Volkswagen» концернінің зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Қазақстан» АҚ, «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстік Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз біліктілігін жоғарылатады.
      Машина жасау саласы бойынша ірі инвестициялық жобаларға кадрлық қажеттілік осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Экспортталатын өнімнің сапасын әлемдік ұқсас деңгейге дейін арттыру, шетелде отандық өнімнің тартымдылығын арттыру мақсатында технологиялық регламенттерді енгізу, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу мен енгізу болжанады.
      2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде автокөлік құралдарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналардың; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың, су жылытатын және бу қазандықтарының, шахталық көтеру қондырғыларының; көтергіш көлік құралдарының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент, сондай-ақ 169 стандарт әзірленіп, енгізіледі.
      Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарламаның шеңберінде машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жаңғыртылатын болады.
      Техникалық регламенттер мен стандарттар, сондай-ақ оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары өз қызметінде пайдалану үшін машина жасау өнімін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жіберілетін болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары Кеден одағының шеңберінде техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде отандық өндірушілердің мүдделерін қолдау бойынша белсенді саясат жүргізетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы, көлік және мұнай-газ машина жасау және аспап жасау сегменттері бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық бюро құрылатын болады.
      Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шарттармен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады.
      Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға кредиттер бойынша жеңілдікпен кредит беруге мөлшерлемелерді субсидиялау және жеңілдікті шарттармен жабдықтарды лизингке беру үшін қаражат бөлінетін болады.
      Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға іс жүзінде бұрын шеккен шығыстарды салық салу табысының 50 %-ын азайту ҒЗТҚЖ ынталандырады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау
      Саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы үшін «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын мониторинг арқылы жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының базасында отандық өндірістің техникасын жеңілдікті шарттармен лизингке алу есебінен қамтамасыз етіледі.
      Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы, сондай-ақ жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға даму институттары арқылы лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу мәселесін пысықтау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелері үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселелері «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және оған мониторингті күшейту арқылы пысықталады.
      «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында арнайы және қосарланған мақсаттағы өнімдер өндірісі орналасады.
      Сауда саясаты
      Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету.
      Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын ілгерілету үшін қаржылық ынталандыруды ұсыну.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны қаржыландыру даму институттары қаражатының, кәсіпорындардың меншікті қаражатының, отандық және шетелдік инвестициялардың есебінен және республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет есебінен қажетті қаржыландыру көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды:
      100 млн. теңге технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құруға;
      2 330,182 млн. теңге саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқу орнын соғуға.
      Оның ішінде:
      2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
      2011 жылы - 1 991,009 млн. теңге;
      2012 жылы - көзделмеген;
      2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға бюджетті бекіту кезінде көзделеді.
      Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы негізінен кәсіпорындардың меншік қаражаты және қарыз қаражаттар есебінен жоспарланып отыр, барлығы - 425 242,15 млн. теңге.
      Оның ішінде:
      2010 жылы - 22673,4 млн. теңге;
      2011 жылы - 263 830 млн. теңге;
      2012 жылы - 54 380 млн. теңге;
      2013 жылы - 9261 млн. теңге;
      2014 жылы - 75 097,75 млн. теңге.

7. Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі
2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1469 қаулысымен.

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

Болжанатын шығыстар, млн. тг.

Қаржыландыру көздерi

Бюджеттiк бағдарламаның № (бар болса)

2010

2011

2012

2013

2014

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

1

Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған Машина жасау саласы үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталық салу

Пайдалануға беру

БҒМ, ШҚО әкiмдiгі

2012 - 2014

республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде


№ 005 «Білім және ғылым объектілерін салу және қайта құрастыру»

2

Дамыған елдердiң озық машина жасау кәсiпорындарында басқарушылық кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату

Бiлiктiлiктi жоғарылату туралы сертификат

ИЖТМ

жыл сайын ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Кәсiпорындардың меншікті қаражаты


2. Техникалық реттеу

3

Автокөлiк құралдарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналардың; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың, су жылытатын және бу қазандықтарының, шахталық көтеру қондырғыларының; көтергіш көлік құралдарының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент енгізу

ЭБЖТ-ге ақпарат

ИЖТМ

2012 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


4

169 стандарт әзірлеу және енгiзу

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


5

Машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жаңғырту

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


6

Автомобильдердің сертификаттық және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін меншікті базаны құру мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


3. Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

7

Ауыл шаруашылығы, электр-техникалық, тау-кен, көлiк және мұнай-газ машиналарын жасау сегменттері бойынша кәсiпорындардың қажеттiлiктерiне қызмет көрсету үшiн 5 конструкторлық бюро құру

Пайдалануға беру

ИЖТМ

2011 – 2014 жылғы ақпан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


4. Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдайлар жасау

8

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, облыстарға және республикалық маңызы бар қалаларға автомобиль техникасын басымдықпен сатып алу жөніндегі мәселені пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

Жыл сайын, ақпан, шілде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


9

Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы жөніндегі мәселені пысықтау

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ИЖТМ, «Самұрық- Қазына ҰӘҚ» АҚ, (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


10

Отандық өндірістің жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алуға арналған несиелер бойынша сыйақы бөлігін субсидиялауды енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы III тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


11

Отандық жаңа автомобиль техникасын сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялауды ендіру жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы III тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


5. Сауда саясаты

12

Машина жасау өнiмiнiң экспортын ілгерілету

ИЖТМ-ге есеп беру

«КАZNEХ INVEST» АҚ (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


13

Шетел өндірушілері тарапынан жосықсыз баға бәсекелестігін шектеу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ,

2014 жылғы II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


14

Ескі автомобильдерді жаңасына (траде-ин) ауыстыру операцияларын жүзеге асыру кезінде ҚҚС бойынша қосарланған салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


6. Инвестициялық жобаларды іске асыру

15

Машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды iске асыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

жыл сайын, ақпан

22773,4

263830

54380

9261

75097,75

425342,15

100-РБ, (2010 жыл) қалғаны - меншiктi және қарыз қаражаты


7. Ескі автомобильдерді кәдеге жарату

16

Автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін құру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚОСРМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР

Қазақстан Республикасы

ИЖТМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi

БҒМ

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

ҚОСРМ

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ТРМК

Техникалық реттеу және метрология комитеті

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы

«КАZNEХ INVEST» АҚ

«КАZNEХ INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттiгi» акционерлiк қоғамы

ШҚО әкiмдiгi

Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi».

Қазақстан Республикасында
машина жасауды дамыту
жөніндегі 2010-2014 жылдарға
арналған бағдарламаға
1-қосымша

Машина жасау саласының 2010 - 2014 жылдарға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру үшін еңбек ресурстарындағы болжамдық қажеттіліктер туралы мәліметтер

Жұмыс орындарының        салу кезеңінде: 4053      пайдалану
жалпы саны: 12381                                  кезеңінде: 8328
Олардың ішінде           салу кезеңінде: 229       пайдалану
қажеттілік: 6299                                   кезеңінде: 6070
Оның ішінде кәсіби-біліктілік бөлігінде:

Жобаның, өңірдің атауы

Кәсіп (мамандық) атауы

Біліктілік деңгейі (разряд), мамандандыру

Пайдалану кезеңінде

2010

2011

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қостанай облысы

1

«Агромашхолдинг» акционерлік қоғамы, ауыл шаруашылығы техникасын сату және оған қызмет көрсету сауда-сервистік орталықтарын кеңейту және жаңғырту

жоғары білімі бар

жоғары






техникалық-кәсіптік білімі бар

бастауыш

4

6

4



біліктілікті талап етпейді


4

4

4




Жоба бойынша жиыны



8

10

8



2

«Агромашхолдинг» акционерлік қоғамы, ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс техникасын және автобус шығару

жоғары білімі бар

жоғары


7

7

7

7

техникалық-кәсіптік білімі бар жүргізуші-сылақшы


3

3

3

3

слесарь


37

39

42

42

слесарь


18

20

18

18

слесарь


6

6

9

9

біліктілікті талап етпейді



1

1

3

3


Жоба бойынша жиыны




72

76

82

82

Маңғыстау облысы

3

Баутино кенті, шағын кемелерді жөндеу зауыты

жоғары білімі бар

Кеме жөндеу машиналық жұмыстарының механигі

4

4

2

2

2

Кеме дизельдік жабдығының механигі

4

4

2

2

2

техникалық-кәсіптік білімі бар

Электр-газбен дәнекерлеуші (алюминиймен кеме жұмысы бойынша)

7

7

4

4

4

бояушы

2

2

1

1

1

Құм себуші

2

2

1

1

1

Электромонтер

2

2

1

1

1

Кеме тұрқын жасаушы-жөндеушілер

2

2

1

1

1

Алюминий және болаттан бұйымдар дайындаушы (жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл)

3

2

2

2

2


Жиыны



26

25

14

14

14

Атырау облысы

4

Газ турбиналық жабдықты жөндеу және оған сервистік қызмет көрсету зауытын салу («ҚазТурбаЖөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

жоғары білімі бар


29





техникалық-кәсіптік білімі бар


45





біліктілікті талап етпейді


3






Жиыны



77





Павлодар облысы

5

«Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

жоғары білімі бар


32

23




арнайы орта білімі бар


20

18




бастауыш кәсіптік білім


80

47





Жиыны



132

88




6

«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

жоғары білімі бар


28

113

24





арнайы орта білімі бар


60

78

107




Жиыны



88

191

131



Батыс Қазақстан облысы

7

Газ айдаушы агрегаттар мен газ турбиналық электр станцияларын әзірлеу және дайындау

арнайы орта білімі бар







техникалық-кәсіптік білімі бар


30

30

30

30

30


Жиыны



30

30

30

30

30

Шығыс Қазақстан облысы

8

«Өскемен арматура зауыты» акционерлік қоғамы, өндірістік қуаттарды жаңғырту, өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту

жоғары білімі бар


0

3

8

7

5


техникалық-кәсіптік білімі бар


40





Жиыны



40

3

8

7

5

9

«ЕА5Т ІNDUSTRI СОМРАNI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, күштік бақылау кабельдерін өндіретін цехты дамыту

жоғары білімі бар







техникалық-кәсіптік білімі бар


15






Жиыны



15





10

«Шығысмашзауыт» акционерлік қоғамы, № 10 шойын құю цехтың болат құю өндірісін қайта жаңарту

жоғары білімі бар


36

2

0

4

2

техникалық-кәсіптік білімі бар


262

31

36

37

29

біліктілікті талап етпейді


18

3

2

3

1


Жиыны



316

36

38

44

32

11

"Азия Авто" акционерлік қоғамы, толық циклді авто зауыт салу

жоғары білімі бар


115

120

195

275

400

техникалық-кәсіптік білімі бар


120

250

395

835

1235

біліктілікті талап етпейді


10

10

10

10

20

Жиыны



245

380

600

1120

1655

Облыс бойынша жиыны



602

397

600

1120

1655

Қарағанды облысы

12

«КазБелАз» бірлескен кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жоғары білімі бар


9

3




техникалық-кәсіптік білімі бар


16

12

2


33

біліктілікті талап етпейді


2

8

3


12


Жиыны



27

23

5


45

13

«Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жоғары білімі бар


8

27

30



техникалык-кәсіптік білімі бар


4

14

18



біліктілікті талап етпейді


46

80

140




Жиыны



58

121

188




Сала бойынша ЖИЫНЫ



1047

994

1098

1297

1863

Қазақстан Республикасында
машина жасауды дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған
бағдарламаға 2-қосымша

САЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ИНВЕСТИЦЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Жобаның атауы

Жоба бойынша іс-шаралар

Жобалардың мақсаты

Жобаның ҚЭН және/немесе ТЭН бар болуы кандай кезенде екендігі (әзірлеу, пысықтау, бекіту)

Ұсынылатын өңірлік орналастыру

Іске асырудың басталуы

Жобаның іске асырылуының аяқталуы

Жауапты орындаушы

Инвестициялардың көлемі млн.теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Пысықталған жобалар

1

Газ турбиналық қондырғыларды жөндеу  және оларға сервистік қызмет көрсету зауытын салу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Мұнай-газ машина жасауды дамыту

Бар

Атырау облысы, Атырау қаласы

2007

2010

Атырау облысының әкімдігі

5 250

Меншікті -160, қарыз — 5090

2

Перспектив алық мамандандырылған платформаларды (контейнер тасушы) әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Вар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2009

2010

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

108,4

Меншікті -8,4, жергілікті бюджет-100,0

3

1520 табанды жүк вагондарының перспективалық арбасын (үш элементті, штампптең дәнекерленген) әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Бар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2011

2015

Солтүстік Қазақстан облысыныд әкімдігі

597,75

Меншікті -75, қарыз -522,75

4

Астық тасымалдау үшін жабық вагон - хоппердің (астық тасымалдаушы) перспективалық үлгісін әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Бар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2010

2012

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

127,0

Меншікті - 30, қарыз - 97,0

5

Жүк вагондарын шығару

жоба нәтижелерінің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту, өндірістік  әртараптандыру

Бар

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2009

2011

"Самұрық Қазына" АҚ (келісім бойынша)

7 650

Меншікті - 1260, қарыз - 6390

6

Өндірістік қуаттарды жаңғырту, өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту

жоба нәтижелерінің мониторингі

Машина жасау саласын дамыту

Бар

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

2010

2012

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

2250


Перспективалық жобалар

7

Жеңіл автомобильдерді құрастырып шығару

жер учаскесін беру және қажетті инфрақұрылым жүргізу

Көліктік машина жасауды дамыту және меншікті автобөлшектер өндірісін құру

Бар

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

2010


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

74 500

Меншікті -  14500, қарыз - 60000 (ЕБД және ЕҚДБ)

автозауыт салу

2010

2011

іске қосу және жобалық қуатқа шығу

2011

2015

8

Ауылшаруашылығы, жол-құрылыс техникасын және автобус шығару

нәтижелердің мониторингі

Отандық машина жасауды дамыту

Бар

Қостанай қаласы

2003

2012

Қостанай облысының әкімдігі

13 798

Меншікті және қарыз

9

Электровоздарды құрастырып шығару

нәтижелердің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту

Бар

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы

2008

2011

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

234 920

Меншікті және қарыз

10

Болат вагон құю өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрам өндірісіндегі жергіліктендіру деңгейінің ұлғаюы

Бар

Өскемен қаласы

2006

2010

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

7 129

Меншікті -743,750, қарыз -6385,102

11

Сауда-сервистік орталықтарын кеңейту және жаңғырту

нәтижелердің мониторингі

Жаңа нарықты игеру және қызмет көрсету сапасының жақсаруы

Бар

Қазақстан өңірлері бойынша 9 филиалдан тұратын желі жұмыс істейді

2008

2010

Қостанай облысының әкімдігі

2 136

Қарыз -2136

12

«Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «КЕGОС» АҚ және т.б. мұқтаждықтары үшін резервтік, авариялық қоректендіруге арналған индустриялық (стационарлық, тартуға арналған) аккумуляторлар

жоба нәтижелерінің мониторингі

Электрлік-техникалық машина жасауды дамыту

Бар

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

2009

2011

Алматы облысының әкімдігі

570

Меншікті -170, қарыз -400

13

Газ айдаушы агрегаттар мен газ турбиналық электр станциялары өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Мұнай-газ машина жасауды дамыту

Бар

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, Орал қаласы

2007

2010

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

3 000

Қарыз - 3000

14

Баутино кентіндегі шағын кемелерді жөндеу зауыты

жоба нәтижелерінің мониторингі

Солтүстік Каспийде жұмыс істейтін барлық кеме түрлеріне ағымдағы және рейс аралық жөндеуді және доктік жөндеуді жүзеге асыру

Бар

«Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС

2007

2010

Маңғыстау облысының әкімдігі

2250

Қарыз, меншікті

15

Аударма бағыттамалары өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту

Бар

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2011

2013

«ҚТЖ»ҰҚ» АК (келісім бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

9261

Меншікті - 926, қарыз - 8335

16

Ірі вагон құймасы өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрамы өндірісінде жергіліктендіру деңгейінің ұлғаюы

Бар

Қарағанды қаласы

2010

2011

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысы әкімдігі

1470


Тауаша жобалар

17

Аспалы жабдық өндірісі

Жұмыс істеп тұрған қуатты машина жасау кәсіпорындарында аспалы жабдық өндірісін ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту


Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облыстары






18

Тракторлар мен комбайндар шығару

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу

Ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту


Көкшетау қаласы

2010

2013

ИЖТМ


Бизнес жоспары жоқ

19

Құрастыру және ауыл шаруашылық техникаларын іске асыру бойынша сервистік-сауда орталығын кеңейту

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жаңа нарықты игеру және қызмет көрсету сапасының жақсаруы


Ақтөбе облысы

2010


Ақтөбе облысы әкімдігі

200

Қарыз қаражаты

20

Көп функционалды топырақ өңдейтін үлгідегі құрастырмалы өндірісті құру

жоба нәтижелерінің мониторингі

Импортты алмастыратын ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру

Бар

Ақтөбе облысы

2010

2011

Ақтөбе облысы әкімдігі

110

Меншікті - 46,5 қарыз - 63,5

21

Ақтау қаласында кеме құрылысы зауытын салу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық кемелерді жөндеу құру

Бар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

2010


Маңғыстау облысының әкімдігі

2700

Меншікті -1890 қарыз -810

22

Жолаушы вагондарының өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Вагон парктерін жаңарту

Бар

Астана қаласы

2010


«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

14 700


23

Дизельдік рельсті құрамдағы вагондар өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Вагон парктерін жаңарту

Бар

Алматы қаласы

2010

2011

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

4410


24

Тұтастай тегістелген дөңгелек өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрамы өндірісінде жергіліктендіру деңгейінің ұлғайуы

Бар

Екібастұз қаласы

2010

2012

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім  бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

2205


25

Р-65 рельс өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жоғарғы жол құрылысын жақсарту

Бар

Павлодар қаласы

2010

2012

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

36000

Меншікті - 7200, Қарыз - 28800

26

Жетекші автоконцерндермен бірлесіп жеңіл және коммерциялық автомобильдер шығару

«Солерс» ААҚ

Отандық автомобиль жасауды дамыту

Өңделуде

Қарағанды қаласы

2010

2014

Қарағанды облысының әкімдігі



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      «Самұрық-Қазына»
      ҰӘҚ» АҚ             - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                            акционерлік қоғамы
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ        - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
                            акционерлік қоғамы
      «ҚазАгроҚаржы» АҚ   - «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы
      «Қазақтелеком» АҚ   - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
      «КЕGOC» АҚ          - «КЕGОС» акционерлік қоғамы
      «Батыс Қазақстан    - «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы»
      машина жасау          акционерлік қоғамы
      компаниясы» АҚ
      «Маңғыстау          - «Манғыстау облысының кеме жөндеу зауыты»
      облысының кеме        жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      жөндеу зауыты» ЖШС
      «Солерс» ААҚ        - «Солерс» ашық акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады