Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1115 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 N 1002 Қаулысымен.

      "Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар Шаралар кешенінің тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына бір рет 15 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің       
      2008 жылғы 29 қарашадағы
      N 1115 қаулысымен   
      бекітілген      

      Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені

Р/с
N
Іс-шара Аяқталу
нысаны
Жауапты
орындаушылар
Орындау
мерзімі
Қаржыландыру
көздері
1 2 3 4 5 6
1. Жалпы жүйелік шаралар

1.1

Орал, Өскемен, Петропавл және Алматы қалаларында машина жасау саласындағы тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді венчурлік қаржыландыру құрылымын құру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының
Үкіметіне
ұсыныс

ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), облыстар және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді

1.2

Дамушы елдерде қолданылатын машина жасау өнімдерін экспорттаушы кәсіпорындарды ынталандыру практикасын зерделеу және оның негізінде осы тәжірибені Қазақстанда қолдану үшін ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ, АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
1 шілде

Талап
етілмейді

1.3

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жылжымалы құрамының жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ККМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Қамқор" жөндеу корпорациясы" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы
15 шілде
және
2009 жылғы
15 желтоқсан

Талап
етілмейді

1.4

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының магистралды темір жол желілері жол шаруашылығының жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
15 шілде
және
2009 жылғы
15 желтоқсан

Талап
етілмейді

2. Қаржылық-кредиттік және инвестициялық қолдау

2.1

Машина жасауды дамытуға жинақтаушы зейнетақы қорларының сақтандыру компанияларының және басқа да инвестициялық қорлардың активтерін тарту тетіктерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ, ЭБЖМ, Еңбекмині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰХ" АҚ
(келісім бойынша)

2009 жылғы
1 шілде

Талап етілмейді

2.2

Машина жасау саласында және оған ілеспелі салаларда жаңа өндіріс ұйымдарының инвестициялық жобалар қоржынын қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісім бойынша)

2009 жылғы
1 шілде

Талап
етілмейді

3. Кадр саясаты

3.1

Машина жасау кәсіпорындары үшін машина жасау мамандықтары кадрларын және менеджерлерін кәсіби-техникалық даярлаудың тиімді жүйесін жасау жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, БҒМ, АШМ, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
(келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді

3.2

Жыл сайын инженер кадрларға машина жасау кәсіпорындарының қажеттіліктеріне болжамды талдау жүргізу, олардың нәтижелері бойынша еліміздің және шет елдегі жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарының шеңберінде техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөнінде ұсыныстар енгізу

БҒМ-ға ұсыныс

ИСМ, АШМ, облыстар және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы
15 шілде
және
2009 жылғы
15 желтоқсан

Талап етілмейді

4. Машина жасау кешенінің инфрақұрылымын дамыту

4.1

Темір жол көлігі үшін, оның ішінде ірі құйманың бөлшектері үшін өндірісті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Қарағанды облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" АҚ
(келісім бойынша), "Шығысмашзауыты" АҚ (келісім бойынша)

2008 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.2

Құрастырылатын локомативтер өндірісін ұйымдастыру

Құрастырылатын локомативтер өндірісі

Астана қаласының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Локомотив лизинг" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.3

Жүк вагондарын шығаратын өндірістерді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, "ЗИКСТО" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.4

Ұңғыларды бұрғылау, игеру және жөндеу үшін сериялық жабдықтар өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Атырау облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ (келісім бойынша), "АтырауМұнайМаш" ЖШС (келісім бойынша)

2010 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.5

Кен орындарын жайластыру және мұнай мен газды алғашқы өңдеу үшін жер үсті жабдықтарының өндірісін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Атырау облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ (келісім бойынша), "АтырауМұнайМаш" ЖШС (келісім бойынша)

2010 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.6

Темір жол тораптарын салу, қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалау үшін машиналар мен жабдықтар өндірісін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.7

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ-ын және "АтырауМұнайМаш" ЖШС-ін техникалық қайта жарақтандыру базасында мұнай жабдықтарының перспективалық түрлерінің өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Атырау облысының әкімдігі, "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ (келісім бойынша), "АтырауМұнайМаш" ЖШС (келісім бойынша)

2014 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.8

Қазақстан Республикасында Екібастұз қ. "Таман" ЖШС базасында Өскемен қ. "Шығысмашзауыты" АҚ-мен бірлесіп жүк вагондарының құрылысы бойынша өндірісті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

ККМ, ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Қамқор" жөндеу корпорациясы" ЖШС (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъектілердің
қаражаты

4.9

Ірі болат вагондық құйманы өндіруді ұйымдастыру (бүйір жақтаулары, надрессорлық біліктер және автоқыстырғылар)

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

ИСМ, ККМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Шығысмашзауыты" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.10

10Д100 дизелі цилиндрінің гильзасын шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

ИСМ, ККМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Локомотив" АҚ (келісім бойынша), "Кастинг" болат құю зауыты" ЖШС (келісім бойынша), "Қамқор" жөндеу корпорациясы" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.11

10Д100 дизелі поршенін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

ИСМ, ККМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Локомотив" АҚ (келісім бойынша), "Құрал-сайман зауыты-2000" ЖШС (келісім бойынша), "Қамқор" жөндеу корпорациясы" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы
4 тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.12

P65ВП үлгісіндегі шыны пластикалық үшкір оқшаулағыш төсемдерді шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметін шығарылған өнімнің көлемі туралы хабардар ету

ИСМ, ККМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Технолоджи "ТрансПолимер" ЖШС (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізуші
субъекті лердің
қаражаты

4.13

Темір жолға жақын орналасқан елді мекендерді тазартылған сумен қамтамасыз ету

Су тазарту қондырғыларын жеткізуге арналған шарт

ИСМ, ККМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Омега" прибор құрылыс зауыты" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

4.14

Жартылай вагондар қызметінің мерзімін ұзарту бойынша зертханалар құру

Зертханалар
құру

ККМ, ИСМ, "Қамқор" жөндеу корпорациясы" ЖШС (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Шаруашылық
жүргізушісубъектілердің
қаражаты

5. Ғылыми-техникалық және инновациялық қамтамасыз ету

5.1

Бәсекеге қабілетті өнімді шығару мақсатында машина жасау бағыты бойынша даму институттары мен екінші деңгейлі банктер, облыстар әкімдіктері қолдаған инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесін құру

ИСМ-ге ақпарат

облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап
етілмейді

5.2

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыс жоспарын қалыптастыру және 2012 жылға дейінгі кезеңге республиканың машина жасау зауыттарына жаңа жабдық түрлерін игеру

ИСМ-ге ұсынылатын жоспардың жобасы

ИСМ, АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап
етілмейді

5.3

Машина жасаудың басым салалары бойынша кешенді және нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүйелік қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ, АШМ, БҒМ, ЭБЖМ

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап
етілмейді

6. Ақпараттық қамтамасыз ету

6.1

Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың сервистік (мердігерлік) компанияларының жабдықтарды сатып алу, олардың қарастырылатын кезеңге қажеттіліктері бойынша жоспарланатын және өткізілген конкурс нәтижелері туралы ақпараттың машина жасау кәсіпорындарының назарына дейін жеткізілу ашықтығын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИСМ           - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                      министрлігі
      ККМ           - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                      министрлігі
      АШМ           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                      министрлігі
      ЭМРМ          - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                      минералдық ресурстар министрлігі
      БҒМ           - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                      министрлігі
      Еңбекмині     - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                      әлеуметтік қорғау министрлігі
      Әділетмині    - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ЭБЖМ          - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                      жоспарлау министрлігі
      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ  - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
                                  қоры" акционерлік қоғамы
      "ҚазАгро" ҰХ" АҚ          - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы
                                  холдингі" акционерлік қоғамы
      "ҚТЖ" ҰК" АҚ              - "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық
                                  компаниясы" акционерлік қоғамы
      "Қамқор" жөндеу           - "Қамқор" жөндеу корпорациясы"
      корпорациясы" ЖШС           жауапкершілігі шектеулі
                                  серіктестігі
      "Пархоменко атындағы      - "Пархоменко атындағы Қарағанды
      Қарағанды машина жасау      машина жасау зауыты" акционерлік
      зауыты" АҚ                  қоғамы
      "Локомотив лизинг" АҚ     - "Локомотив лизинг" акционерлік
                                  қоғамы
      "ЗИКСТО" АҚ               - "ЗИКСТО" акционерлік қоғамы
      "Петропавл ауыр машина    - "Петропавл ауыр машина жасау
      жасау зауыты" АҚ            зауыты" акционерлік қоғамы
      "АтырауМұнайМаш" ЖШС      - "АтырауМұнайМаш" жауапкершілігі
                                  шектеулі серіктестігі
      "Шығысмашзауыты" АҚ       - "Шығысмашзауыты" акционерлік қоғамы
      "Локомотив" АҚ            - "Локомотив" акционерлік қоғамы
      "Кастинг" болат құю зауыты" - "Кастинг" болат құю зауыты"
      ЖШС                           жауапкершілігі шектеулі
                                    серіктестігі
      "Құрал-сайман зауыты-2000" - "Құрал-сайман зауыты-2000"
      ЖШС                          жауапкершілігі шектеулі
                                   серіктестігі
      "ТрансПолимер              - "ТрансПолимер Технолоджи"
      Технолоджи" ЖШС              жауапкершілігі шектеулі
                                   серіктестігі
      "Омега" прибор құрылыс     - "Омега" прибор құрылыс зауыты"
      зауыты" АҚ                   акционерлік қоғамы

       Ескерту. Ескертпеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады