"Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға ұлғайту.
      2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту.
      3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      3.3.6-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.3.6 Автомобиль жасау
      Автомобиль паркі
      Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегментi саладағы ең үлкен iшкi сұранысқа ие және 2008 жылы жалпы машина жасау өнiмдерi көлемiнің 16 %-ын құраған, бұл ретте 2004 – 2007 жылдар кезеңiнде халық табысының ұлғаюы және соның салдары ретінде жеңiл автомобильдердi сатып алуының арқасында нарық 28 %-ға өстi.
      Қазақстан Республикасында көлік құралдарының жалпы саны 1991 жылғы 1,4 млн автомобильден 2011 жылы 4 млн автомобильге дейін ұлғайды, оның ішінде 3,5 млн. жеңіл автомобиль, 414 мың жүк автомобильдері және 98 мың автобус.
      Қазақстан Республикасында 1000 тұрғынға шаққандағы автомобиль құралдарымен қамтамасыз ету 242 бірлікті құрайды, бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда төмен болып табылады және өсім үшін әлеуеттің болуы туралы куәландырады. Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) өсімінің оң серпінін және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатының артуын ескере отырып, автомобиль техникасын ішкі тұтынуды ұлғайтуға оң алғышарттар бар.

      11-кесте. Кейбір елдерде 2012 жылы автомобиль құралдарымен қамтамасыз етілу, 1000 тұрғынға шаққанда автомобиль құралдарының бірлігі

Ел

Бірлік

Ел

Бірлік

Монако

908

Суринам

282

АҚШ

802

Мексика

276

Исландия

746

Ресей

271

Люксембург

739

Сербия

252

Жаңа Зеландия

718

Қазақстан

242

Франция

598

Таиланд

165

Германия

564

Украина

158

Ұлыбритания

523

Қытай

47

      Ақпарат көзі: «Автостат» АА

      Жеңіл автомобильдер
      Қазақстан Республикасы автомобиль нарығының қалыптасуы мыналардың есебінен болады:
      автомобильдердің ішкі өндірісі;
      жаңа автомобильдер импорты;
      қолданыста болған автомобильдер импорты.
      2007 – 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының автомобиль нарығы ұлттық экономиканың өсу қарқынын бәсеңдеткен әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың келеңсіз әсеріне ұшырады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша республикада жаңа жеңіл автомобильдер өткізу көлемі теріс рекорд – сатылған 14,8 бірлікті көрсетті. Тұтыну белсенділігін кейіннен қалпына келтіру және Кеден одағының шеңберінде кеден-тариф режимін өзгерту 2010 – 2012 жылдар кезеңінде нарықтың бес есеге өсуін қамтамасыз етті.
      Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі парк құрылымы
      Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі жеңіл автомобильдер паркінің құрылымы кестеде ұсынылған.

      11-1-кесте. Пайдалану мерзімі бөлінісіндегі жеңіл автомобильдер саны, мың бірлік

Ел

Барлығы

3 жылдан аспайтын

3 жылдан асатын, бірақ 7 жылдан аспайтын

7 жылдан асатын, бірақ 10 жылдан аспайтын

10 жылдан асатын

өзгелері

Қазақстан Республикасы

3503

108,4

360,5

247,0

2 774,9

12,3

      Ақпарат көзі: ҚР Ішкі істер министрлігі.

      Шағарылған жылы бойынша Қазақстан Республикасының автопаркі негізінен қызмет ету мерзімі 10 жылдан асатын автомобильдерден тұрады, 10 жылдан аса пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 79 %-ды құрайды. Пайдалану мерзімі 3 жылдан асатын, бірақ 7 жылдан аспайтын автомобильдер үлесі 10 %-ға тең. Пайдалану мерзімі 7 жылдан асатын, бірақ 10 жылдан аспайтын автомобильдер үлесіне шамамен автомобиль паркінің 7 %-ы келеді.
      Пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын автомобильдердің саны жалпы санның 3 %-ын құрайды.
      Жаңа автомобильдерді сату
      2010 жылға қарағанда сатылымның өсу қарқыны ұлғайды. 2011 жыл ішінде Қазақстан Республикасында ресми ұсынылған автомобильдердің 37409-ы өткізілді, бұл 2010 жылға қарағанда 116,1 %-ға көп. 2012 жылы жаңа автомобильдердің ресми сатылымы 85,7 мың бірлікті құрады.
      Қазақстан Республикасының ресми дилерлерінің сатуын бренд иесі болып табылатын елдердің бөлінісінде салыстырсақ, мынадай үрдіс байқалады:
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінен әкелінетін автомобильдер сатылымының жоғары өсімі. Сатылымдардың елеулі үлесін өзінің құнына және ҚР аумағында өндірілуіне байланысты «Lada» автомобильдері алады;
      «Chevrolet», «KIA» және «Ssang Yong» сияқты брендтердің ҚР аумағындағы өндірісінің және өндірісі Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) жолға қойылған «Hyundai Accent» және «КІА Rіо» бюджеттік седанның нарыққа шығуының арқасында автомобильдердің кореялық маркалары сатылымының өсуі.
      Сатылым құрылымы
      2012 жыл ішінде ең көп сатылатын автомобильдер «С класс», «В класс», және SUV сегменттерінде шоғырланған болатын. «В класс», «С класс» сегментіне мынадай модельдер кіреді: «Lada Priora» – 13,99 %, «Lada Samara» – 13,42 %, «Daewoo Nexia» – 6,95 %, «Lada Granta» – 5,54 %, «Hyundai Accent» – 4,93 %, «Toyota Corolla» – 1,45 %, «Kia Cerato» – 2,53 %, «ZAZ Chance» – 2,24 %, «Chevrolet Aveo» – 0,93 %, «Chevrolet Cruze» – 2,12 %.
      2012 жылы өтімділігі жоғары болған автомобильдер арасында «ықшам» SUV сұранысқа ие болды, онда «Lada 4х4» көшбасшы болып табылды – 5,3 %, бұдан әрі көшбасшы модельдер «NIVA Chevrolet» – 1,46 %, «Hyundai Tucson» – 0,97 %, «Nissan Juke» – 1,43 % болып табылды.
      «Орташа мөлшерлі» SUV арасындағы барынша көп сатылымдар былайша бөлінді: «Toyota Prado» – 1,72 %, «Ssang Yong Kyron» – 1,31 %, «KIA Sorento» - 0,9 %, «UAZ Hunter» – 0,79 %.
      Жеңіл автомобильдер импорты
      2010 жылдың басына дейін Қазақстан Республикасының автомобиль нарығы ТМД елдері арасындағы ең либералды нарықтардың бірі болды. Бұл әкелу баждарының төмен деңгейімен, алыс шетелден бұрын қолданыста болған автомобильдерді әкелуге кедергінің болмауымен, парктің жаңаруын ынталандыратын салық жүйесінің болмауымен түсіндіріледі. Бұл Қазақстан Республикасының автомобиль нарығында алыс шетелден әкелінетін, бұрын қолданыста болған автомобильдердің басым болуына әкеп соқтырды.

      11-2-кесте. 2006 – 2012 жылдарда жеңіл автомобильдер импортының серпіні, бірлік

Көрсеткіш атауы

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Жаңа автомобильдер

Саны, бірлік

43,8

79,4

35,7

20,5

22,6

40,5

74,7

Өсім, %

18,9

81,34

-56

-43

10

79

85

Бұрын қолданыста болғандар автомобильдер

Саны, бірлік

353,2

309,2

119,6

91,2

150

200,1

6,4

Өсім, %

76,3

-12,4

17

-24

64

33

-97

      Елдің Кеден одағына кіруіне және Бірыңғай кедендік тарифтің күшіне енуіне дейін жаңа автомобильдер нарығы бұрын қолданыста болған автомобильдер тарапынан қысым көре отырып, барынша баяу дамыды. Елдің Кеден одағына кіруі Қазақстан Республикасының автомобиль нарығына негізінен жаңа автомобильдер сатуға қайта бағдарлануға және соның салдары ретінде паркті жаңғыртуды жеделдетуге, Қазақстан Республикасының ішінде автомобильдер өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
      Қазақстан Республикасы нарығында жаңа жеңіл автомобильдер сатуға әсер ететін факторлар.
      Автомобиль техникасына деген сұранысқа экономикалық, әлеуметтік факторлар, сондай-ақ кедендік режимді өзгерту елеулі әсер көрсетеді. Айталық, 2008 жылы қаржы дағдарысына қатысты Қазақстан Республикасында пессимистік күтулер болды, оның нәтижесінде автомобильді пайдалану айтарлықтай төмендеді. 2010 жылы өткізілген автомобильдер саны 2009 жылы өткізілгенмен салыстырарлықтай болды. Бұл ретте құлдырау серпіні өсімге ауысты. 2010 және 2011 жылдардағы статистикалық деректер сатылымның тұрақты өскенін көрсетеді. Бұл ретте, сұраныс жаңа автомобильдер тарапына қарай ауады. Бұл үрдіс 2012 жылы бұдан да анығырақ байқалды.
      Қазақстан Республикасының автомобиль нарығына тікелей әсер еткен негізгі оқиғалар:
      1. Қазақстан Республикасы экономикасының дағдарыстан кейінгі қалпына келуі және осының салдары ретінде халықтың сатып алу белсенділігінің артуы.
      2. Қолданыста болған автомобильдерді әкелуге кедергі болатын баждардың белгіленуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кеден одағына ықпалдасуымен байланысты басқа да өзгерістер.
      3. Әйгілі маркалар модельдерінің өндірісін дамыту.
      4. Рулі оң жақта орналасқан автомобильдерді әкелуге тыйым салу.
      5. Отандық автомобильдерді мемлекеттік органдармен сатып алу.
      Коммерциялық автомобильдер
      Жүк автомобильдерінің паркі
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль паркі жүк автокөлігі құралдарының саны 414 мың бірлік болған. Оның 58,2 %-ын жеке иеліктегі жүк автомобильдері құрады.

      11-3-кесте. Қазақстан Республикасындағы жүк автомобильдері, бірлік.

Ел

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қазақстан Республикасы

223 063

224 872

281 538

311 828

359 194

414 332

410 793

397 598

414 018

      Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

      Автобустар паркі
      2011 жылы Қазақстан Республикасында автобустар паркі 98 441 бірлікті құрады. 2003 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында автобустар санының тұрақты өсімі байқалады. Аталған кезеңде автобустар саны 60 %-ға ұлғайды.

      11-4-кесте. Қазақстан Республикасындағы автобустар, бірлік.

Ел

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қазақстан Республикасы

61 391

62 894

65 698

75 042

83 372

89 220

94 824

93 956

98 441

      Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

      Коммерциялық техниканың 2011 жылғы импорты
      2011 жылы Қазақстан Республикасына жалпы сомасы 783 622,7 мың АҚШ долларына 25 773 бірлік көлемінде коммерциялық техника импортталды. Жаңа коммерциялық техника жалпы сомасы 766 474 мың АҚШ долларына 19107 бірлік көлемінде импортталды.
      Жаңа коммерциялық техника импортында Ресей Федерациясы мен Қытай ең үлкен үлеске ие болды. Көрсетілген елдердің жалпы үлесі импорттың жалпы көлемінің 79,4 %-ын құрады.
      Саны 6666 бірлік бұрын қолданыста болған коммерциялық техника жалпы сомасы 17 148 мың АҚШ долларына импортталды.
      Бұрын қолданыста болған коммерциялық техника импортында ең көп үлеске АҚШ, Германия және Ресей Федерациясы ие болды. Көрсетілген елдердің жалпы үлесі импорттың жалпы көлемінің 94,4 %-на тең.

      1-диаграмма. 2010 – 2011 жылдардағы коммерциялық техника импортының серпіні, бірлік.

      Дереккөз:
      2010 ж. – Кеден одағы елдерімен сыртқы және өзара сауда бойынша ақпарат – ҚР Қаржымині Кедендiк бақылау комитетi
      2011 ж. - Кеден одағы елдерімен сыртқы және өзара сауда бойынша ақпарат – ҚР Қаржымині Кедендiк бақылау комитетi
      2011 жылғы шілдеден бастап - Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда бойынша ақпарат – ҚР Статистика агенттігі

      Қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің ағымдағы жағдайы.
      Көлік құралдарының жеке өндірісінің ұлғаюына қарамастан, өндіріс көлемі салыстырмалы түрде төмен күйінде қалуда және көлікті импорттау жалпы сұраныстың 80 %-ынан кемін құрайды. Қазақстан Республикасында көлік құралдарын шығару бойынша өндірістік қуаттың көлемі жылына 80 мыңнан астам бірлікті құрайды, автомобиль компаниялары өскелең сұранысқа сәйкес көлік шығару көлемдерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
      Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін автоқұрастыру өндірістері қазіргі кезеңде SKD өндірісін (ірі торапты жинақтау) жүзеге асырады, ол қозғалтқышты, трансмиссияны, жүру бөлігін, автомобиль шанағына шығу жүйесін, кейіннен құю және автомобильдің барлық жүйелерін диагностикалау және сынақтан өткізе отырып, электр сымдарын коммутациялау және гидрожүйелерді қосуды монтаждау бойынша жинақтау операцияларын қамтиды. Бұған автобусты дәнекерлеу мен шанағын бояйтын автобустар өндірісі кірмейді.
      Аталған кезең әлемдік өндірушілердің техникаларын лицензиялық құрастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар бастапқы, негізгі кезең болып табылады. Қазіргі уақытта құрастыруға арналған барлық автоқұрамдауыштар іс жүзінде басты автоқұрастыру кәсіпорындарынан импортталады.
      Автомобиль жасаудың негiзгi өнiмдерiн өндiру 11-5-кестеде көрсетiлген.

      11-5-кесте. Автомобиль жасау өнiмдерiнің өндiрiсi

Көрсеткiш атауы

2008

2009

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

Жеңiл жолаушы автомобильдерi, дана

3 271

1 245

3 176

8 195

19 256

Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана

115

2

40

98

107

Жүк автомобильдерi, дана

1 013

353

501

795

1 698

Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

61

80

114

183

199

Тiркемелер және жартылай тiркемелер; контейнерлер, дана

57

38

46

50

53

      11-6-кесте. Жұмыс істеп тұрған автомобиль өндірісі

Компания

Ағымдағы жағдайы

Технологиясы

Модельдік қатар

Жобалық қуаты

Шығару көлемі

Оқшаулау

«АЗИЯ АВТО»
Жеңіл автомобильдер
2002 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 22
Lada 4х4;
Љkoda Octavia; Rapid; Superb; Yeti; Fabia.
Chevrolet; Cruze; Aveo; Orlando; Captiva; Treker Malibu.
KIA Picanto; Rio; Cerato; Sorento; Mohave; Cadenza; Sportage; Soul; Оptima; Quoris.

60 000 бірл./жыл

2011 – 7500 бірл.
2012 – 16513 бірл.

Үлгісіне байланысты адвалорлық үлесі бойынша 25-31 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Агромаш Холдинг»
Жеңіл автомобильдер
2003 жылы құрылған
Автомобильдер өндірісі 2010 жылы іске қосылған

SKD

Модельдер саны - 7
Ssang Yong Actyon; Actyon Sports; New Actyon; Rexton; Kyron; Chairman.
ZAZ Chance.

7 000 бірл./жыл

2011 – 869 бірл.
2012 – 2581 бірл.

Үлгісіне байланысты адвалорлық үлесі бойынша 25-31 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Daewoo Bus Kazakhstan»
Автобустар
2007 жылы құрылған

СKD

Модельдер саны - 4
Daewoo BS090; «BS106»; «BS 106А»; «BC 212MA»

1 200 бірл./жыл

2011 - 98 бірл.
2012 - 141 бірл.

Дәнекерлеу, бояу және шанағын, рамасын, шанақ бөлшектерін құрастыру есебінен 25 %

«СемАЗ»
Кіші тонналы жүк автомобильдері
2006 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 2
«FAWCA 1041 A және К»

2 000 бірл./жыл

2011 – 39 бірл.
2012 – 74 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«КАМАЗ-Инжиниринг»
Ірі тонналы жүк автомобильдері және арнайы техника
2005 жылы құрылған

SKD

Модельдер мен түрленімдер саны - 25
КАМАЗ жүк автомобильдері және КАМАЗ шассиі негізіндегі арнайы техника

2 000 бірл./жыл

2011 – 795 бірл.
2012 – 978 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 23 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«Hyundai Auto Trans»
Кіші, орта, ірі тоннажды жүк автомобильдері және арнайы техника, автобустар
2010 жылы құрылған

SKD

Модельдер саны - 9
Hyundai County шасси базасындағы коммерциялық техника, Hyundai HD45, HD65, HD72, HD78, HD120, HD 170, HD 270, Hyundai Porter,

10 000 бірл./жыл

2011 – 64 бірл.
2012 – 755 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %, шанағын бояу, жинақтау операциялары

«СарыАрқа Автопром»
Жеңіл автомобильдер
Кіші тонналы жүк автомобильдері және автобустар
2011 жылы құрылған

SKD

УАЗ Патриот, Пикап.
IVECO Power Daily

18 000 бірл./жыл

2011 – 0 бірл.
2012 – 59 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 13,8 % – 23,7 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

«КазБелАЗ»
Ірі тонналы карьерлік өзіаударғыштар
2010 жылы құрылған

SKD

KAZBELAZ жүк көтерімділігі 35-40 т.

35 бірл./жыл

2011 – 2 бірл.

Адвалорлық үлесі бойынша 20 %. Құрамдауыш базасы бойынша өте төмен

      Қазақстан Республикасының автомобиль нарығын дамытудың базалық сценарийі оның 2020 жылға дейінгі өсімі болып табылады. 2020 жылға қарай жаңа автомобильдердің ішкі сатылымы жылына 300 мың бірлікті құрайды, ал бұрын қолданыста болған автомобильдер сатылымы 62,5 мың бірлікті құрайды.

      11-7-кесте. Қазақстан Республикасының нарығында жаңа автомобильдерді сату болжамы, мың бірл.

Автомобиль құралдарының түрі

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жеңіл

112,2

125,4

141,5

162,7

183,6

201,8

230,9

258,3

Коммерциялық көлік

13,6

16,4

19,4

24,5

27,9

32,5

36,7

41,4

Барлығы

125,8

141,8

160,9

187,2

211,5

234,5

267,6

299,7

      Ескертпе: Коммерциялық көлік: арнайы көлік құралдарын қамтитын автобустар мен жүк автомобильдері

      Бейтарап сценарийге сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасы қаржы дағдарысына дейін болған өсім қарқынын көрсетеді.
      Сценарийді іске асыру шарттары:
      Автомобиль өнеркәсібі экономиканың салалық құрылымын жетілдіру үшін қолдау табатын стратегиялық салалар қатарына қосылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін өтпелі кезең ішінде 12 жыл бұрын шығарылған қолданылған автокөлік құралдарын кәдеге жарата отырып, жаңа автомобильдерді сатып алуға субсидия береді.
      Қазақстан Республикасында шығарылатын автокөлік құралдарын мемлекеттік сатып алу ұлғаюда. Жеке қаржы компаниялары кредит берудің жоғары мүмкіндіктері бар тұтынушылар үшін төменгі пайыздық мөлшерлемелер бойынша қарыз береді. Қазақстан Республикасының автоөндірушілері инновациялар есебінен құрастыру тиімділігін арттырады, білікті қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттырады және өндіріс ауқымдылығын үнемдеу есебінен бағаның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.»;
      3.3.7-кіші бөліммен толықтырылсын;
      «3.3.7. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын күрделі технологиялар тізбесін қоса алғанда, саланың (сектордың) инновациялық-техникалық дамуын талдау».
      Машина жасау саласында инновациялық саясатты іске асыруда басымдық түрінде технологиялық міндеттерді шешуге және жаңа озық, оның ішінде мынадай күрделі технологияларды технологиялық болжау қорытындылары бойынша айқындалған ғылыми-технологиялық бағыттарды дамытуға игерілетін болады: механикалық активтеу технологиясы, композиттік бөлшектерді өндіру, материалдарды механикалық әсерлерден, химиялық әсерден, термиялық әсерден қорғау, 3D-принтинг технологиясы, тораптарды жинау, жеке тораптар мен агрегаттарды, жинақтауыш өндіру, тұтас илемделген доңғалақтар мен орталықтарды әзірлеу, газ-турбиналық қозғалтқыштарды қалпына келтіру мен сынау.
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды нақты көріністе 2008 жылғы деңгейге қарағанда 70 %-ға ұлғайту.
      2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін нақты көріністе 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,3 есеге ұлғайту.
      3. Сала ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.
      Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері 12-кестеде келтіріледі.

      12-кесте. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірл.

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Көлік машинасын жасау, оның ішінде:








жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштарды өндіруді оқшаулау деңгейі

%

-

5

10

20

30


мамандандырылған платформа өндіру

бірл.

-

70

100

150

200


хоппер-вагон өндіру

бірл.

-

-

200

400

600

2

Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, соның ішінде:








комбайндар өндіру

бірл.

-

258

565

590

650


тракторлар өндіру*

бірл.

1000

1000

1000

1000

1000

      Ескертпе: *жыл сайынғы жоспарланған өндіріс

                                                                   »;

      «5. Саланы дамытудың негізгі бағыттары» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері»;
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Бағдарламаны орындау оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең (2010 – 2011 жылдар) – машина жасау кәсіпорындарының технологиялық аудитін жүргізу, салалық конструкторлық бюролар құру және саланың инфрақұрылымын бекіту.
      Бірінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнды 2012 жылға қарай 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      машина жасау өнімі өндірісі көлемін 2012 жылға қарай 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 2012 жылға қарай 64 %-ға ұлғайту (13-кесте).
      Екінші кезең (2012 – 2014 жылдар) – машина жасау кәсіпорындарының әлеуетін іске асыру, қарқынды өсу. Бұл кезеңде бірінші кезеңде алынған оң нәтижелерді тарату, саланы қолдау үшін қолданыстағы инфрақұрылымдарды жүйелі нығайту және жаңасын құру, саланы жүйелі нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы, электр-техникалық және теміржол машинасын жасау үшін жаңа өнім түрлері игерілетін болады.
      Екінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнды 70 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      сала ресурстарының жалпы көлемінде отандық машина жасау өндірісі үлесінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге өсімін қамтамасыз ету (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 2,3 есеге ұлғайту (13-кесте).

      13-кесте. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Негізгі көрсеткіштер

2008

2009

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Жалпы қосылған құнның 2008 жылғы деңгейге қарағанда өсуі, %

100

83,6

111,2

131,1

151,7

162,1

170

2

Еңбек өнімділігінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда өсуі, %

100

94,1

137,3

168,9

212,5

222,1

231

3

Сала ресурстарының жалпы көлемінде отандық машина жасау өндірісінің 2008 жылғы деңгейге қарағанда үлесі, %

8,1

7,2

8,9

11,5

11,7

11,9

12,1

      Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін саланы дамыту жөніндегі мынадай негізгі іс-шараларды орындау қажет:
      1. Шығарылатын ассортиментті кеңейту бойынша икемді өндірістерді құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қолданыстағы кәсіпорындарды қайта құрылымдау перспективалы технологияларды сатып алуға/енгізуге арналған инновациялық гранттарды беру, өндірістік процестерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқарушылық технологияларды енгізу арқылы машина жасау кәсіпорындарының технологиялық аудитін жүргізу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ, Өскемен қаласы, өндірістік қуаты жаңғыртылады.
      Сондай-ақ «Агромашхолдинг» АҚ, Қостанай қаласы, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету жөніндегі сауда-сервистік орталықтар жаңғыртылады.
      2. Бөлшектер мен жинақтауыш өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген инвестициялық жобалардың шеңберінде бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, мынадай ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру жобаларын іске асыру көзделеді: «Жолаушы вагондарының өндірісі», «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклді автозауытты және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу». Саладағы негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаға 2-қосымшада келтірілген.
      3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнімінің өндірісі және сервистік көрсетілетін қызметтерді (инжиниринг) дамыту жөніндегі қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
      Көлік машинасын жасауда 2015 жылға қарай оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер және жинақтауыштарды құрастыру өндірісі ұйымдастырылады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген инвестициялық жобалардың шеңберінде «Азия Авто» АҚ базасында Өскемен қаласында инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, онда жинақтауыштар, оның ішінде: пластиктен жасалған бұйымдар (бампер, панель), резеңке техникалық бұйымдар, пайдаланылған газдар, отын бактарының өндірісі ұйымдастырылады. Аталған жобаны іске асыруға арналған инвестициялар көлемі 74 млрд. теңгені құрайды.
      Теміржол машинасын жасауда локомотивтердің, жүк вагондардың өндірісі ұлғайтылады. Кейіннен қуатын жылына 200 бірлікке дейін, хопперді вагондарды жылына 600 бірлікке дейін ұлғайта отырып, мамандандырылған платформа өндірісі игеріледі. Теміржол машинасын жасау мұқтаждары үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылады.
      «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС, Екібастұз қаласы қуаты жылына 2500 бірлік болатын жүк вагондарының өндірісі. Инвестициялар көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды.
      «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Астана қаласы, қуаты жылына 50 бірлік болатын электровоздарды құрастыру өндірісі. Инвестициялар көлемі 9,9 млрд. астам теңгені құрайды.
      Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотивтер өндірісі ұлғайтылады.
      Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 200 бірлікке дейін мамандандырылған платформа, жылына 600 бірлікке дейін хоппер-вагон өндірісі игеріледі.
      Өскемен қаласында «Шығысмашзауыт» АҚ базасында ірі габаритті құйма, оның ішінде: теміржол машинасын жасаудың мұқтажы үшін бүйір рамаларының, рессор үсті балкаларының өндірісі ұйымдастырылады.
      Тікұшақтарды жинау өндірісінде жергілікті қамту ұлғайтылады.
      2015 жылға қарай қос мақсаттағы пилотсыз ұшу аппараттарын (ПҰА) жинау мен оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі орталықты ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
      Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда 2015 жылға қарай өнім шығару 2 есеге ұлғаяды.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ базасында «Essil» комбайндарының өндірісі жылына 650 бірлікке дейін ұлғаяды.
      Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бірлік «Беларусь» тракторларының өндірісі ұйымдастырылады. Инвестициялар көлемі 1,36 млрд. теңгені құрайды.
      Ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету мақсатында елдің ірі облыстарында тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады, атап айтқанда: Солтүстік Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында біреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бір-бірден.
      Мұнай-газ машинасын жасауда 2015 жылға қарай құбыржол арматурасының, сұйықтық сорғылар мен бұрғылау машиналарының өндірісі ұлғайтылады.
      Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыт» АҚ, «Машзауыт» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыржол өткізу арматурасының, сұйықтық сорғылар мен ұтқыр-бұрғылау қондырғыларының өндірісі дамитын болады.
      Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу сервистік орталығы» ЖШС базасында газ-турбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу мен оларға сервистік қызмет көрсету, оның ішінде 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясы және «Siemens» Германия компаниясы арасындағы лицензиялық келісімді іске асыру арқылы енгізіледі.
      Тау-кен металлургиясы машинасын жасауда 2015 жылға қарай «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) сияқты машина жасау кәсіпорындары мен Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары өндірісін дамыту есебінен кен өндіру өнеркәсібіне арналған үшін жабдықтар өндірісі ұлғайтылады.
      Электр-техникалық машинасын жасауда 2015 жылға қарай аккумуляторлар, трансформаторлар және оқшаулағышпен оралған сымдар өндірісі ұлғайтылады, кернеулік класы 110-220 кВ трансформаторлар өндірісі игеріледі.
      Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қуаты 600 мың бірлік қорғасын аккумуляторларының өндірісі ұлғайтылады. Бұл өндіріске инвестициялар көлемі 570 млн. теңгені құрайды.
      Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-та трансформаторлар өндірісі 2010 жылғы 2 млн. кВА-тан 2014 жылы 4 млн. кВА-ға дейін ұлғаяды, сондай-ақ кернеулігі 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн. кВА дейін трансформаторлар шығару игеріледі.
      Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Саран қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС базасында, «EAST INDUSTRY CОMPANY ltd» ЖШС базасында қуаты жылына 33 600 км оқшаулағышпен оралған сымдар өндірісі ұлғаяды. Инвестициялар көлемі 753 млн. теңгені құрайды.
      Автомобиль құрастыруда бәсекеге қабілетті артықшылықтарды құру мақсатында автомобиль өнеркәсібінің экожүйесін қалыптастыру мәселесі пысықталатын болады.
      Қазақстан Республикасында құрылатын автомобиль өнеркәсібінің негізін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімі бар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар құрайды.
      Инновацияларды қолдау, байланысты қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы автоқұрастыру кәсіпорындарының, өндірушілер мен автоқұрамдауыштарды жеткізушілердің базасында автомобиль кластерін құру қажет.
      Шетелдік автоөндірушілердің тікелей инвестициялары үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл ретте қазақстандық және шетелдік автоөндірушілердің бірлескен кәсіпорындарын құруға бағытталу қажет.
      Жаңадан құрылатын өндірістер үшін Кеден одағы бойынша әріптес елдермен келісілген жағдайлар жасалатын болады.
      Елдің автомобиль құрастыру компаниялары өнімдерді ішкі және сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жеке маркетингтік стратегияларға сәйкес дамитын болады.
      Ұзақ мерзімді перспективада құралдардың қажетті шоғырлануы мен инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар өндірісі болашақта оқшаулаудың жоғары деңгейінде жүзеге асырылатын жеңіл автомобильдердің, SUV, автобустардың, жеңіл жүк автомобильдерінің және ауыр техникалардың стратегиялық үлгілерін айқындауы қажет.
      Автоқұрамдауыштар өндірісі автоқұрамдауыштардың тәуелсіз жеткізушілерінің тікелей ықпалдасқан жүйелерін құру арқылы дамуы мүмкін. Автоқұрамдауыштар өндірісінің сапалы, сол сияқты сандық көрсеткіштері автомобиль өнеркәсібіндегі нақты қосылған құнға қол жеткізу мақсатында құрастыру өндірістерінің өсу серпініне байланысты өзгеруі тиіс.
      Автоқұрамдауыштар өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі мәселелер, оның ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерін беру арқылы, ескі автомобильдерді жаңасына (траде-ин) ауыстыру операцияларын жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығына қосарланған салық салуды алып тастау жөніндегі мәселе пысықталады.
      Халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес автомобильдердің сертификаттау және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін меншікті базаны құру жөніндегі мәселе пысықталады, бұл: шығарылатын автомобильдер сапасының деңгейін әлемдік деңгейге дейін көтеруге, шетелдік сертификаттау және сынақ орталықтарына тәуелділіктен арылуға, техникалық реттеу бойынша жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      Автомобильдерді жинаудың, сақтаудың және кәдеге жаратудың ұйымдық процестерін қамтитын автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін құру мәселесі пысықталады.
      Мынадай:
      банктік қарыз шарттары бойынша Қарыз алушылар төлейтін отандық өндірістің жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі.
      банктік қарыз шарттары және Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ретінде қарыз алушылар/лизинг алушылар төлейтін жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялау мүмкіндігі мәселелері пысықталады.
      Автобус паркін жаңарту үшін жаңа отандық автобустарды сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялау мүмкіндігі және отандық автобустарды сатып алу міндеттемесін белгілей отырып, жолаушыларды қалалық маршруттарда 12 жылға дейін, ал қалааралық маршруттарда 15 жылға дейін тасымалдау үшін автобустарды пайдалану мерзімін шектеу мәселесі пысықталады.
      Шетел өндірушілері тарапынан жосықсыз баға бәсекелестігін шектеу мақсатында тиісті мемлекеттік органдар демпингке қарсы тексерулер жүргізеді.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру
      Қазақстанның 2010 – 2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының шеңберінде мынадай инвестициялық жобалар іске асырылатын болады:
      1) локомотив құрастыру зауыты, Астана қаласы – жылына 100 локомотив және Астана қаласы ЖЭА аумағында бөлшектер мен жинақтауыштар өндіру;
      2) автомобильдердің құрастырмалы өндірісі, Шығыс Қазақстан облысы – жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен жинақтауыштарды өндіру бойынша технопарк.
      Саладағы іске асыруға ұсынылатын негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
      Қорғаныс өнеркәсібінде 2015 жылға қарай қолданыстағы проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы жергілікті қамтудың үлесін айтарлықтай ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады.
      Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларға деген неғұрлым перспективалы қажеттіліктерімен айқындалатын болады.
      Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ҒЗТКЖ саны мен сапасын арттыруға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады.
      Қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша шараларды қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.
      Мемлекеттік қолдаудың секторлық және жобалық шаралары
      Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Шығыс Қазақстан облысында автозауыт пен автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк құрылысын қажетті жер учаскесімен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.
      Каспий өңірінде кеме жасауды дамыту үшін инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Білім беру жүйесі басым кіші саланың ағымдағы қажеттілігін қажетті кадрлар санымен қамтамасыз етеді. Алайда, перспективалы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басым кіші салалардағы жаңа жобаларды іске асыру үшін кадрлық қажеттіліктер туралы деректерді ескеру қажет.
      Осылайша, білім беру жүйесі бүгінгі күннің ғана емес, сондай-ақ саланың тұтастай алғанда болашақтағы дамуын да білікті кадрлармен басым кіші салаларды қамтамасыз етуі тиіс.
      Жаңа ірі кәсіпорындарды ашу кезінде саланы қарқынды дамыту қажеттіліктері білікті кадрлардың қосымша санын қажет етеді.
      Машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік Қазақстанның ЖОО-ларында және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 005 «Білім және ғылым объектілерінің салу және қайта жаңарту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде Өскемен қаласында 2010 жылы 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығының құрылысы басталады.
      2012 жылы жылына 15000 адамды оқыту мүмкіндігі бар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Көліктегі технологиялар орталығы» пайдалануға беріледі.
      Жергілікті жерлерде жеке басшыларды бекіте отырып, өндірістік кәсіпорындарда 3 ай мерзімге өндірістік практикадан өткізу жүйесі енгізілетін болады.
      Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқарушы кадрлардың біліктілігін жоғарылату кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      Мәселен, «Агромашхолдинг» АҚ басқарушы кадрлары «SsangYong» компаниясында (Оңтүстік Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Volkswagen» концернінің зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Қазақстан» АҚ, «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстік Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз біліктілігін жоғарылатады.
      Машина жасау саласы бойынша ірі инвестициялық жобаларға кадрлық қажеттілік осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Экспортталатын өнімнің сапасын әлемдік ұқсас деңгейге дейін арттыру, шетелде отандық өнімнің тартымдылығын арттыру мақсатында технологиялық регламенттерді енгізу, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу мен енгізу болжанады.
      2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде автокөлік құралдарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналардың; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың, су жылытатын және бу қазандықтарының, шахталық көтеру қондырғыларының; көтергіш көлік құралдарының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент, сондай-ақ 169 стандарт әзірленіп, енгізіледі.
      Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарламаның шеңберінде машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жаңғыртылатын болады.
      Техникалық регламенттер мен стандарттар, сондай-ақ оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары өз қызметінде пайдалану үшін машина жасау өнімін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жіберілетін болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары Кеден одағының шеңберінде техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде отандық өндірушілердің мүдделерін қолдау бойынша белсенді саясат жүргізетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы, көлік және мұнай-газ машина жасау және аспап жасау сегменттері бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық бюро құрылатын болады.
      Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шарттармен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады.
      Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға кредиттер бойынша жеңілдікпен кредит беруге мөлшерлемелерді субсидиялау және жеңілдікті шарттармен жабдықтарды лизингке беру үшін қаражат бөлінетін болады.
      Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға іс жүзінде бұрын шеккен шығыстарды салық салу табысының 50 %-ын азайту ҒЗТҚЖ ынталандырады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау
      Саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы үшін «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын мониторинг арқылы жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының базасында отандық өндірістің техникасын жеңілдікті шарттармен лизингке алу есебінен қамтамасыз етіледі.
      Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы, сондай-ақ жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға даму институттары арқылы лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу мәселесін пысықтау арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелері үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселелері «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және оған мониторингті күшейту арқылы пысықталады.
      «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында арнайы және қосарланған мақсаттағы өнімдер өндірісі орналасады.
      Сауда саясаты
      Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету.
      Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын ілгерілету үшін қаржылық ынталандыруды ұсыну.»;
      «Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары»

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

Болжанатын шығыстар, млн. тг.

Қаржыландыру көздерi

Бюджеттiк бағдарламаның № (бар болса)

2010

2011

2012

2013

2014

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

1

Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған Машина жасау саласы үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталық салу

Пайдалануға беру

БҒМ, ШҚО әкiмдiгі

2012 - 2014

республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде


№ 005 «Білім және ғылым объектілерін салу және қайта құрастыру»

2

Дамыған елдердiң озық машина жасау кәсiпорындарында басқарушылық кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату

Бiлiктiлiктi жоғарылату туралы сертификат

ИЖТМ

жыл сайын ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Кәсiпорындардың меншікті қаражаты


2. Техникалық реттеу

3

Автокөлiк құралдарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналардың; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығының өнімдерін өңдейтін жабдықтардың, су жылытатын және бу қазандықтарының, шахталық көтеру қондырғыларының; көтергіш көлік құралдарының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент енгізу

ЭБЖТ-ге ақпарат

ИЖТМ

2012 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


4

169 стандарт әзірлеу және енгiзу

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


5

Машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жаңғырту

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


6

Автомобильдердің сертификаттық және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін меншікті базаны құру мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


3. Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

7

Ауыл шаруашылығы, электр-техникалық, тау-кен, көлiк және мұнай-газ машиналарын жасау сегменттері бойынша кәсiпорындардың қажеттiлiктерiне қызмет көрсету үшiн 5 конструкторлық бюро құру

Пайдалануға беру

ИЖТМ

2011 – 2014 жылғы ақпан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


4. Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдайлар жасау

8

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, облыстарға және республикалық маңызы бар қалаларға автомобиль техникасын басымдықпен сатып алу жөніндегі мәселені пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ

Жыл сайын, ақпан, шілде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


9

Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы жөніндегі мәселені пысықтау

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

ИЖТМ, «Самұрық- Қазына ҰӘҚ» АҚ, (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


10

Отандық өндірістің жаңа жеңіл автомобильдерін сатып алуға арналған несиелер бойынша сыйақы бөлігін субсидиялауды енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы III тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


11

Отандық жаңа автомобиль техникасын сатып алуға лизингтік мәмілелерді субсидиялауды ендіру жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы III тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


5. Сауда саясаты

12

Машина жасау өнiмiнiң экспортын ілгерілету

ИЖТМ-ге есеп беру

«КАZNEХ INVEST» АҚ (келiсiм бойынша)

Жыл сайын, ақпан, шiлде

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


13

Шетел өндірушілері тарапынан жосықсыз баға бәсекелестігін шектеу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ,

2014 жылғы II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


14

Ескі автомобильдерді жаңасына (траде-ин) ауыстыру операцияларын жүзеге асыру кезінде ҚҚС бойынша қосарланған салық салуды алып тастау жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


6. Инвестициялық жобаларды іске асыру

15

Машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды iске асыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

жыл сайын, ақпан

22773,4

263830

54380

9261

75097,75

425342,15

100-РБ, (2010 жыл) қалғаны - меншiктi және қарыз қаражаты


7. Ескі автомобильдерді кәдеге жарату

16

Автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін құру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚОСРМ

2014 жылғы IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР

Қазақстан Республикасы

ИЖТМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi

БҒМ

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

ҚОСРМ

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ТРМК

Техникалық реттеу және метрология комитеті

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы

«КАZNEХ INVEST» АҚ

«КАZNEХ INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттiгi» акционерлiк қоғамы

ШҚО әкiмдiгi

Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi».

      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады