"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1013 Қаулысы

      Ескерту. Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 30.05.2016 № 308 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
генді-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 2-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130- құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңы):
      мынадай мазмұндағы 275-2-баппен толықтырылсын:
      «275-2-бап. Адамды клондау
      1. Адамды клондау,-
      екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған немесе бірнеше рет жасаған нақ сол әрекет,-
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж, № 23, 416-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж, № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж, № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж, № 18, 142-құжат; 2004 ж, № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж, № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж, № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж, № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж, № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар, № 24, 121, 122, 152, 127, 128, 130-құжаттар, 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электронды үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      192-баптың бірінші бөлігі «алуға қатысты),» деген сөздерден кейін «275-2-бабында,» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж, № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж, № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж, № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж, № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж, № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж, № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж, № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж, № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж, № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2,1, 4, 5-құжаттар, № 5,23-құжат, № 7, 28, 32-құжаттар, № 8, 41-құжат, № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 329-1 баппен толықтырылсын:
      «329-1-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласында ақпарат ұсынбау
                  немесе жалған ақпарат ұсыну
      1. Авария болған жағдайда ол туралы ақпаратты гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға ұсынбау,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. гендік-инженерлік қызмет түрлерімен айналысуға және өзгертілген тірі организмдерді және генетикалық түрлендірілген объектілерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген кезде жалған ақпарат ұсыну,
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың төрт жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер,
      гендік-инженерлік қызметті 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі «328,» деген цифрлардан кейін «329-1 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 557-баптың бірінші бөлігі «323 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «329-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 576-9-баппен толықтырылсын:
      «576-9-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті
                  орган
      1. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 329-1-бабында (бірінші, екінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары құқылы.
      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1)тармақшасында:
      он екінші абзац «328» деген цифрдан кейін «329-1 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «гендік-ииженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның (329-1 (үшінші бөлігі) уәкілетті лауазымды адамдардың құқығы бар;».
      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 5, 23-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өзгертілген тірі организмдер - гендік инженерия әдістерін пайдалану нәтижесінде алынған, тұқым қуалайтын генетикалық материалдық өсімін молайтуға немесе беруге қабілетті, генетикалық материалдың жаңа комбинациясына ие кез келген тірі организмдер/микроорганизмдер;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан және (немесе) микробтан алынатын өнімдер;»;
      2) 194-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы, 195-баптың 5-тармағындағы, 40-тараудың тақырыбындағы «генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды», «генетикалық түрленген өнімдер мен организмдер» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 248-баптағы «генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару» деген сөздер алып тасталсын;
      4) 281-бапта:
      бірінші абзацтағы «генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдерді» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өзгертілген тірі организмдердің және генетикалық түрлендірілген объектілердің орман шаруашылығы саласындағы, гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органдар және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат берген тізбе шеңберінде ғана пайдаланылуы қамтамасыз етілуге тиіс»;
      5) 282-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада «генетикалық түрлендірілген өнімдердің» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      «генетикалық түрлендірілген организмдер» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы және гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3), 4) тармақшалардағы «генетикалық түрлендірілген организмдер», «генетикалық түрлендірілген организмдерден» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада:
      «генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыәғы саласындағы мемлекеттік органға, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға олардың талап етуі бойынша және гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «өнім» деген сөз «объект» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «генетикалық түрлендірілген тағам өнімдері мен жемге» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Генетикалық түрлендірілген» деген сөздер «Өзгертілген тірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «организмдерді» деген сөз «объектілерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Гендік-инженерлік қызмет Қазақстан Республикасының гендік-инженерлік қызмет туралы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
      5. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан және (немесе) микробтан алынатын өнімдер;».
      2) 146-баптың 4-тармағында:
      «генетикалық түрлендірілген объектілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Генетикалық түрлендірілген объектілерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібі «гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».
      6. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      13-бапта:
      3-тармақтағы «(генетикалық түрлендірілген)» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Гендік инженерия (генетикалық түрлендірілген) негізінде алынған тұқым сорттарын себу «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
      7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж, № 17, 82-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      19-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
      «тағамдық өнімдердің» деген сөздер «объектілердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «генетикалық түрлендірілген организмдер» деген сөздер «өзгертілген тірі организмдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж, № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 123, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; 2010 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      көрсетілген Заңға қосымшадағы 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік орган:
      1) білім беру жүйесіндегі бақылау;
      2) гендік-инженерлік қызметті бақылау.».
      9. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2008 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат):
      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан және (немесе) микробтан алынатын өнімдер;»;
      2) 6-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы «генетикалық түрлендірілген объектілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Генетикалық түрлендірілген объектілерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібі «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Генетикалық түрлендірілген объектілерді қоспағанда мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «генетикалық түрлендірілген объектілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
      4, 5-тармақтардағы «генетикалық түрлендірілген объектілердің», «генетикалық түрленген объектілірдің» деген сөздер алып тасталсын.
      10. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат):
      25-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «организмдер», «организмдерден» деген сөздер тиісінше «объектілер», «объектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады