Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы "__"_______ № ___ Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Техникалық және
кәсіптік білімді жаңғырту жобасы)
201 __ жылғы "__" ________ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы келісті:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, онда Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің олар үшін жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда бекітілген мәндері болады.
II БАП - ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімге (Жобаға) 1-қосымшада сипатталған жобаны қаржыландыруды қолдау үшін осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімге және шарттарда жиырма тоғыз миллион екі жүз отыз мың АҚШ долларына ($ 29,230,000) тең соманы (қарыз) беруге келісті.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-косымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқықты.
2.03. Қарыз алушы Банкке қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының (0,25%) төрттен бір пайызына тең комиссия төлейді. Қарыз алушы комиссияны қарыз алу туралы Келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең ішінде Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған пайызды есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спрэдті қосқанға тең ставка бойынша сыйақы төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер алынған қарыз қаражаты сомасының кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалған және отыз күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері Жалпы шарттардың 3.02 (d) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі.
2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
III БАП - ЖОБА
3.01 Қарыз алушы өзінің Бағдарламаның мақсаттарын және оны іске асыруды жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатпен Жобаны ҚР БҒМ арқылы Жалпы шарттардың V-бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
3.02 Осы Келісімнің 3.01 бөлімінің ережелері үшін шектеу жоқ және егер Банк пен Қарыз алушы арасында басқаша келісілмеген болса, Қарыз алушы осы Келісімнің 2-қосымшасының ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV-БАП - ҚАРЫЗДЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ
4.01. Қарыз алудың күшіне енуінің қосымша шарттары төмендегілерге қатысты:
(a) ЖБТ ҚР БҒМ арқылы Қарыз алушымен құрылған, оның кұрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін ыңғайлы болып табылады.
(b) Консультативті Кеңесті Қарыз алушы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін ыңғайлы болып табылады.
(c) Банк үшін қолайлы Жобаға операциялық басшылық жасауды Қарыз алушы бекіткен болатын.
4.02. Осы Келісімнің датасынан кейін жүз сексен (180) күн өткен соң келетін күн Күшіне енуінің соңғы мерзімі болып табылады.
V-БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЫ
5.01. Қарыз алушының өкілі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) 7-7172-717785
5.03. Банктің мекенжайы:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
1818 Н Street, N.W.
Вашингтон, O.K. 20433
АҚШ
Жоғарыда көрсетілген күні мен жылы _________ , ___________ КЕЛІСІЛГЕН.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
Уәкілетті өкіл
1-қосымша
Жобаны сипаттау
Жобаның мақсаты саяси тетіктер мен институционалдық әлеуетті жетілдіру жолымен техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) өзектілігін, сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Жоба мынадай құрамдауыштардан тұрады:
1-құрамдауыш: Техникалық және кәсіптік білім беруді бағалау мен кәсіптік стандарттар
Тауарларды, консультациялық қызметтерді көрсету және келесі мақсаттарға арнап оқыту: (а) ұлттық біліктілік жүйесін және ұлттық біліктілік шеңберін құру; (b) кәсіптік стандарттар әзірлеу және біліктілікті бағалау жүйесін қайта қарау; (с) тәуелсіз институционалды аккредиттеу үшін әдістер мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу.
2-құрамдауыш: Техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру және басқаруды жаңғырту
Тауарларды, консультациялық қызметтерді көрсету және келесі мақсаттарға арнап оқыту және қосымша операциялық шығыстарды қаржыландыру: (а) басшылық жасау және басқару жүйесі, сондай-ақ ТжКБ жүйесінің рәсімдері мен институционалдық құрылымы саласындағы саяси тетіктерді жаңғырту; (b) таңдап алынған салаларда ТжКБ мекемелерін жан басына шағып қаржыландыру жүйесін енгізу; (c) ТжКБ мониторингі мен оны бағалаудың тиімді тетіктерін құру және енгізу; (d) Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару процесін қолдау.
3-құрамдауыш: Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әлеуетін күшейту
(а) Мемлекеттік деңгейдегі құзыреттілікке негізделген білім беру стандарттары мен үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында тауарларды, консультациялық қызметтерді көрсету; (b) құзыреттілікке негізделген, мұғалімдерді даярлаудың іріктелген өңірлік орталықтарында модульдік бағдарламаларды енгізу үшін жұмыс орнында оқытушыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу үшін кіші жобаларды іске асыру үшін бенефициарларға кіші гранттар ұсыну және (с) Институционалдық даму жоспарын (ИДЖ) әзірлеу және іске асыру жөніндегі кіші жобаларды жүзеге асыру үшін бенефициарларға кіші гранттар ұсыну.
2-ҚОСЫМША
Жобаны орындау
I бөлім Іске асыру тетіктері
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа уағдаластықтарға сәйкес Жобаны іске асыруы тиіс:
1. Жобаның Үйлестіру комитеті (ЖҮК) Жобаны қадағалау және Жобаның Операциялық басшылығында (ЖОБ) көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдық тетіктер мен операциялық рәсімдерге сәйкес стратегиялық басшылық жасау үшін жалпы жауапты болады.
2. Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы, Жобаны Консультативтік Кеңестің (ЖКК) сараптамалық қолдауы кезінде Жобаның Операциялық басшылығында және қоршаған ортаны басқару стратегиясында көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруы тиіс және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаның немесе ҚОБС-тың қандай да бір ережелерін біреуге бермеуі, өзгеріс енгізбеуі, кейінге қалдырмауы немесе олардан бас тартпауы тиіс.
3. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде Қарыз алушы Жобаны Үйлестіру Комитетінің, Жобаны Басқару Тобының және Жобаның Үйлестіру Кеңесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс, олардың құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қанағаттанарлық болып табылады.
4. Қарыз күшіне енген сәттен бастап отыз күннен кешіктірмей Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Банк үшін қолайлы нысанда ЖБТ бухгалтерлік есеп жүйесін жаңартуды жүзеге асырады.
В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Қарыз алушы Жобаны Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басшылығының ережелеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді.
С. Кіші-жобалар
1. Жобаның 3 (b) және 3 (с) құрамдауыштарын орындау мақсатында Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Жобаның Операциялық басшылығына негізделген іріктеу өлшемдері мен рәсімдеріне сәйкес бенефициарларға кіші гранттар береді, олар мыналарды қамтиды: (а) Кіші жобалар бойынша ұсыныстар Жобаны Операциялық басқарумен, Сатып алу жөніндегі басшылықпен, Консультаттарды жалдау жөніндегі басшылыққа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басшылыққа және ҚОБС-қа негізделген қағидаттар мен рәсімдерге сәйкес іріктелетін, іске асырылатын және бағаланатын болады.
2. Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Банк мақұлдаған шарттарда Кіші грант туралы келісім шеңберінде әрбір Бенефициарға әрбір кіші грантты береді, олар мыналарды қамтуы қажет:
(а) Кіші гранттар Теңге немесе АҚШ долларына номинацияланатын болады; және
(b) Қарыз алушы өзінің және Банктің мүдделерін қорғау үшін тиісті құқықтарға ие болады: мыналарды: (і) Бенефициардың кіші грант қаражатын пайдалану немесе Кіші грант туралы келісімнің шеңберінде Бенефициардың қандай да бір міндеттерін орындамаған жағдайда кіші грант сомасының барлық немесе бір бөлігін өтеуді сұрау құқығын тоқтата тұру немесе жою; және (іі) әрбір Бенефициардан мыналарды талап ету: (А) (1) Қарыз алушыдан басқа қарыз қаражатын алушыларға таратылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін қоса алғанда, Банк үшін қолайлы тиісті техникалық, экономикалық, қаржылық, басқару, экологиялық және әлеуметтік стандарттарға және практикаға сәйкес өзінің кіші жобасын дұрыс және тиімді іске асыру; (2) қолданыстағы объектілерді жөндеу және/немесе қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға тыйым салу; және (3) Қоршаған ортаны басқару (ҚОБЖ) жоспарын талап ететін немесе ҚОБЖ мен ОРП-да көрсетілгендей жұмыстардың нақты учаскесі үшін қоршаған ортаға әсерін бағалауды талап ететін, қажетті ҚОБЖ-ны немесе ҚОБЖ-ны уақтылы жасау және Банк үшін қолайлы экологиялық стандарттарды сақтау мақсатында жұмыстардың нақты учаскесі үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау, осы 2-қосымшаның ІІ.А. Бөлімінде көрсетілген іске асыру барысы туралы есептердегі олар жұмыстардың нақты учаскесі үшін тиісті ҚОБЖ мен ОВОС іске асыру жөнінде дұрыс ақпаратты қамтиды; (В) нақты мақсаттар үшін талап етілетін ресурстарды уақытылы ұсыну қажет; (С) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес кіші грант қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу; (D) Банк үшін қолайлы, кіші жобаның іске асырылу барысы мен оның мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштеріне сәйкес мониторингті және бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты ережелер мен рәсімдерді белгілейді; (Е) (1) Банк үшін қолайлы бухгалтерлік есептің дәйекті түрде пайдаланылатын стандарттарына сәйкес қаржылық басқару жүйесін қолдау және қаржы есептерін дайындау, олар кіші жобаның шеңберінде операцияларды, ресурстар мен шығыстарды дұрыс көрсетеді; және (2) Банктің немесе Қарыз алушының талабы бойынша Банк үшін қолайлы аталған қаржы есептеріне тәуелсіз аудит жүргізу және Қарыз алушыға мен Банкке аудиттен өткен есептерді уақтылы ұсынады; (F) Қарыз алушыға немесе Банкке кіші жобаға, оны іске асыру барысына, сондай-ақ кез келген жазбалар немесе құжаттарға тексеру жүргізуге мүмкіндік береді; және (G) Қарыз беруші мен Банке жоғарыда баяндалғандарға қатысты негізделіп сұратылған ақпаратты дайындауға және беруге құқылы.
3. Қарыз алушы әрбір Кіші грант туралы келісімнің шеңберінде Қарыз алушы мен Банктің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қарыздың мақсаттарына қол жеткізу үшін өзінің құқықтарын жүзеге асырады. Банк басқаға келісімін Берген жағдайда ерекшелік ретінде Қарыз алушы қандай да бір Кіші грант туралы келісімді немесе оның қандай да бір ережесін бермеуі, өзгерістер енгізбеуі, одан бас тартпауы қажет.
II Бөлім. Жоба мониторингі бойынша есептілік және бағалау
А. Жоба бойынша есептер
1. Қарыз алушы Жобаның іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді және бағалауды жүзеге асырады және Жалпы Шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуы және Банкке аталған есеп қамтитын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кейін кешіктірмей ұсынылуы қажет.
2. Қарыз күшіне енген мерзімнен кейін он бес айдан (15) кешіктірмей Қарыз алушы Банкпен бірлесіп, Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогреске орта мерзімді шолу (бұдан әрі "Орта мерзімді шолу") жасайды. Орта мерзімді шолу басқалардың арасында мыналарды көрсетуі тиіс: (а) Жобаның мақсатына қол жеткізудегі прогресс; және (b) Осы Бөлімнің 1-тармағында аталған Жобаны тиімді іске асыру индикаторларымен салыстыра отырып Жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері.
3. Қарыз алушы Банкке Орта мерзімді шолуға дейін 4 апта бұрын жобаның әрбір құрамдауышының іске асырылу барысымен жеке есеп және Жобаны жалпы іске асыру туралы жиынтық есеп береді.
В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит
1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізу мен енгізуді бақылауға міндетті.
2. Қарыз алушы Банкке әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей Банк үшін қолайлы нысан мен мазмұн бойынша Жоба бойынша тоқсанға аралық аудирленбеген қаржы есебін дайындайды және ұсынады.
3. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді. Қаржылық есептің әрбір аудиті Қарыз алушының 1 (бір) қаржы жылының кезеңін қамтуы тиіс. Осындай кезеңнің аудиторлық тексерістен өткен әрбір қаржылық есебі Банкке әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірмей ұсынылады.
III Бөлім. Сатып алу
А. Жалпы ережелер
1. Тауарлар мен жұмыстар. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I Бөліміндегі немесе оларға сілтеме жасалған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің тиісті ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2. Консультанттардың қызметтер көрсетуі. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың барлық қызметтері Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары консультанттарды іріктеу мен жалдау жөніндегі нұсқаулықтың (консультанттар жөніндегі нұсқаулық) I және IV Бөліміндегі сілтемелері бар талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3. Анықтамалар. Нақты жағдайға қатысты консультанттар бойынша Нұсқаулықта немесе сатып алу жөніндегі нұсқаулықта жазылған тиісті әдіске сай белгілі бір келісімшарттарды банктің қарау әдісі немесе сатып алу әдісін сипаттау үшін осы Бөлімде төменде пайдаланылған бас әріптерден басталатын терминдер.
В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың айырықша әдістері
1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер басқаша төмендегі 2-тармақта көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың өзге де әдістері. Кестеде тауарларға қатысты пайдаланылатын халықаралық конкурстық торгтардан басқа сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспары оларда анадай немесе мынадай әдіс пайдаланылатын жағдайлар болуы мүмкін.
Сатып алу әдісі |
(а) Ұлттық конкурстық сауда-саттық осы 2-қосымшаға Қосымша қосымшада көрсетілген қосымша шарттарға жатады. |
(b) Қозғалысты сатудағы сатып алу |
(с) Тікелей келісімшарттар жасасу |
С. Консультанттар қызметтерін сатып алудың айырықша әдістері
1. Сапа мен құн негізіндегі іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу сапа мен құнның негізінде Іріктеу рәсіміне сәйкес тағайындалған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Консультанттар қызметін сатып алудың өзге де әдістері. Кестеде төменде консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде пайдаланылуы мүмкін болатын сапа мен құн негізіндегі Іріктеуден басқа сатып алудың әдістері берілген. Сатып алу жоспары анадай немесе мынадай әдіс пайдаланылатын жағдайларды қамтуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) Белгіленген бюджет кезіндегі іріктеу |
(b) Құны ете аз болғандағы іріктеу |
(с) Консультанттардың біліктілігі негізіндегі іріктеу |
(d) Бір көзден сатып алулар |
(е) Жеке консультанттарды іріктеу үшін олардың Нұсқаулығының 5.2 және 5.3-параграфтарында белгіленген рәсімдер |
(f) Конкурстық емес негізде жеке консультанттарды іріктеу |
D. Сатып алу жөніндегі шешімдерді Банктің қарауы
Сатып алу жоспарында Банк алдын ала қарауға жататын келісім-шарттардың тізімі көрсетіледі. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейін қарау мәні болып табылады.
IV Бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу
А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін Жалпы шарттардың II бабының осы Бөлімінің ережелеріне және Қарыз алушыға Банк хабарламада көрсететін қосымша нұсқауларға сәйкес (кезеңділікпен қайта қаралатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамырмен күні қойылған "Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражатын игеру жөніндегі басшылығын" қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесіне сәйкес ала алады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан ("Санат") қаржыландырылатын құқықтық шығыстар санаты, әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы және әрбір Санат бойынша Құқықтық шығыстар ретіндегі қаржыландырылуға жататын шығыстардың пайыздық үлесі айқындалған.
Санат | Қарыздың бөлінген сомасы (доллар баламасында) | Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі (салықтарды қоспай) |
(1) Тауарлар мен жұмыстар, консультанттардың қызметі, қосымша операциялық шығыстар мен Жоба жөніндегі оқыту | [3,600,000] | 100 % |
(2) 3 (b) Компонентінің шеңберіндегі кіші гранттар мен Жобаның 3 (с) компоненті | [25,630,000] | 100 % |
Жалпы сомасы | $ 29,630,000 |
Жоғарыда көрсетілген кестені орындау мақсатында:
(а) "Қосымша операциялық шығыстар" деген термин мемлекеттік қызметшілердің жалақыларынан басқа офистік үй-жайды жалға алуға, коммуналдық қызметтер, көлік, кеңселік керек-жарақтарға фотокөшірме, баспа, жарна, банктік төлемдер, коммуникациялық қызметтер, жол жүру және тәуліктік шығыстар мен көмекші қызметкерлерге Жобаны басқару тобының (ЖБТ) Жобасын іске асыру барысындағы негізделген шығыстарды білдіреді; және
(b) "Оқыту" Жобаның шеңберіндегі оқыту турларын, оқыту курстарын, семинарлар және тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған келісім-шарттар тізіміне кірмеген, оқу материалдарына, үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға, ел ішіндегі жол жүрулерге, білім алушылардың тәуліктік шығындарына және оқытушылардың қызметтерін төлеуге, сондай-ақ аударма қызметтеріне жұмсалатын шығыстарды қоса басқа да оқу іс-шараларын білдіреді.
В. Алу шарттары; Алу кезеңі
1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережесіне тәуелсіз қаражат мынадай жағдайларда алынбауы тиіс:
(а) Қарыз шотынан Банкке қарыз қаражатын резервілеуге комиссия толық көлемде төленбейінше; не
(b) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша.
2. Жабылу күні - 2013 жылғы 31 желтоқсан.
2-ҚОСЫМШАҒА
Қосымша
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауданың рәсімдері төмендегідей ережелерді сақтаған жағдайда Жобаның шеңберінде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар олар заңды және қаржылық түрде тәуелсіз екендігін растаған жағдайда және коммерциялық құқыққа сәйкес әрекет ететін және тапсырыс берушінің тәуелді агенті болып табылғанда ғана конкурстық саудаға қатысуға құқылы. Бұдан әрі, мемлекеттік кәсіпорындар басқа қатысушылар сияқты қауіпсіздік талаптары мен ұқсас конкурс шарттарына қатысады.
В. Конкурстық құжаттар
Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшін қолайлы тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін конкурстық құжаттарды пайдаланады.
С. Ұсыныстарды ашу және бағалау
(а) ұсыныстар конкурстық ұсыныстарды берген мерзім аяқталғаннан кейін кешіктірмей жариялы түрде ашылатын болады;
(b) ұсыныстарды бағалау конкурстық құжаттарда көрсетілген ақшалай көрсетілген өлшемдерге қатаң сәйкестікпен жүзеге асырылады;
(с) жеңілдіктер отандық өндірушілер мен өнім жеткізушілерге қатысты қолданылмайды; және
(d) келісімшарттар конкурстық іріктеуден өткен, ешқандай келіссөздерсіз төменгі бағалық ұсынысқа сәйкес келетін қатысушыларға беріледі.
D. Бағаны түзету
Ұзаққа созылатын құрылыс жұмыстары (он сегіз (18) айдан астам) бағаны түзету туралы тиісті ережені қамтиды. Ұзақ емес мерзімге құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттар (он сегіз (18) ай немесе одан да аз) бағаны түзету туралы тиісті ережелерді талап етпейді.
E. Сауда-саттықтан бас тарту
Тендерді өтті деп санамау немесе жаңа ұсыныстарды тарту Банкпен алдын ала келісу кезінде ғана жүзеге асырылады.
F. Нақты ұсыныстардан бас тарту
Жекелеген ұсыныстар мынадай жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін:
(а) Сауда-саттыққа қатысушылар конкурстық талаптарға сәйкес
келмейді;
(b) Сауда-саттыққа қатысушылар тапсырыс берушінің Тендерлік Комиссияның өз конкурстық ұсынысына арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамайды; және
(с) Сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттарға қатысты талаптарға жауап бермейді.
3-қосымша
Өтеу кестесі
1. Келесі кестеде негізгі қарызды өтеу күні көрсетілген және негізгі қарызды ("Өтеу бөлігі") өтеудің әрбір күніне арналған өтеуге жататын Қарыздың жалпы сомасының пайызындағы үлесі көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеудің бірінші күнінде толық алынған болса, онда негізгі қарызды өтеудің әрбір осындай күніне қарай Қарыз алушыға өтеуге жататын Қарыздың негізгі сомасын қосу жолымен Банк белгілейтін болады: (а) негізгі қарызды өтеудің бірінші күніне алынатын Қарыз сомасы және (б) негізгі қарызды өтеудің әрбір күніне төлемнің өтеу үлесі.
Негізгі қарызды өтеу күні | Өтеу үлесі (пайыздық көрсеткішпен) |
2014 жылғы 15 шілдеден бастап әрбір 15 қаңтар мен 15 шілдеден 2024 жылғы 15 шілдені қоса алғанда | 4,55 % |
15 қаңтарға, 2025 | 4,55 % |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеудің бірінші күніне толық алынған болмаса, онда негізгі қарызды өтеудің әрбір осындай өтеу күніне Қарыз алушы өтейтін Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
(а) Негізгі қарызды өтеудің бірінші күніне алынған Қарыздың кез келген қаражатына қарай Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнде алынған қарыздың сомасын өтеуі тиіс.
(б) Негізгі қарызды өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома негізгі қарызды өтеудің әрбір күнінде өтелуі қажет, осындай алған күнінен кейін негізгі қарызды өтеудің осындай күні үшін осы Қосымшаның 1-тармағында көрсетілген өтеу үлесінің алғашқы сомасы болып табылатын сандық бөлуді көбейту жолымен Банк айқындаған сома.
3. (а) негізгі қарызды өтеудің кез келген төлеміне жататын негізгі қарыздың сомасын есептеу үшін ерекшелік ретіндегі негізгі қарызды төлеудің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік айдың ішінде алынған Қарыз сомасы алынды деп және алынған күннен кейін негізгі қарызды өтеудің екінші күнінде өтелді деп есептелмейді және алынған күннен кейін негізгі қарызды екінші күнінен бастап негізгі қарызды өтеудің әрбір күніне өтелуге жатады.
(б) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін берілетін төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы тармақшаның ережесі шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған осындай алуға қолданылмайтын болады.
ҚОСЫМША
I БӨЛІМ. Анықтамалар
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі нұсқаулық" осы Қосымшаның III Бөлімінде көрсетілген өзгерістерімен 2006 жылғы 15 қазандағы "ХҚДБ қарыздары қаражатынан және ХДА кредиттері мен гранттарынан қаржыландырылатын жобалардағы айлакерлік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі нұсқаулық" деген ұғымды білдіреді.
2. "Бенефициар" Операциялық нұсқаулықта көрсетілгендей, Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрамдауышының шеңберінде кіші грант алушы деген ұғымды білдірсе, "Алушылар" бір алушыға қарағанда көп дегенді білдіреді.
3. "Санат" осы Келісімге 4-қосымшаның IV Бөлімінің кестесінде көрсетілген санат дегенді білдіреді.
4. "Консультанттар жөніндегі нұсқаулық" Банктің 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған "Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаулық" деген мағынаны білдіреді.
5. "ҚОБС" Қарыз алушы дайындаған және Банк үшін қолайлы, 2010 жылғы 12 ақпанда ел ішінде жарияланған және Банк үшін Infoshop веб-сайтында 2010 жылғы 26 ақпанда орналастырылған, ережелерді сипаттайтын, қоршаған орта әсерін бағалау нұсқаулары мен рәсімдерін басқаратын, сондай-ақ Банк тарапынан алдын ала жазбаша келісім болған жағдайда уақыт өте келе өзгерістер мен толықтыруларға ұшырауы мүмкін шарттарды сақтау бойынша тиісті іске асыруды және тұрақты кері байланысты қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық және мониторинг пен есептілік тетіктерімен қатар Жоба шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты қолайсыз әсерлерді азайту, жеңілдету немесе жою шараларын қамтитын қоршаған ортаны басқару стратегиясы деген мағынаны білдіреді.
6. "ҚОБЖ" Жобаның 3 (b) және 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберінде Бенефициар жүзеге асыратын іс-шараларға қатысты "ҚОБС" талаптарына сәйкес санаттардың кіші жобалары үшін нақты жұмыс учаскесі бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалаумен қатар Бенефициар дайындайтын, Банк үшін қолайлы нақты жұмыс учаскелері үшін қоршаған ортаны басқару жоспары; және "Қоршаған ортаны басқару жоспарлары" бір ҚОБЖ-дан көп деген мағынаны білдіреді.
7. "Жалпы Шарттар" - осы Қосымшаның II Бөлімінде көрсетілген өзгерістер ескеріле отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі (2008 жылғы 12 ақпандағы түзетулерімен) "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздары үшін жалпы шарттар".
8. "ҚР БҒМ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, яғни Қарыз алушы немесе оның кез келген құқықтық мирасқоры немесе құқықтық мирасқорлары деген мағынаны білдіреді.
9. "Жобаны операциялық басқару" ҚОБС-ты қоса алғанда, Жобаны іске асыруға арналған операциялық және әкімшілік міндеттерді, рәсімдер мен ережелерді, Банк тарапынан алдын ала жазбаша келісім болған жағдайда уақыт өте келе өзгерістер мен толықтыруларға ұшырауы мүмкін Жобаның 3 (b) және 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберінде кіші жобалардың қаржылық рәсімдері, өлшемдері мен іріктеу рәсімдері бойынша нұсқаулықты анықтайтын осы Келісімнің 4.01.(с) Бөлігіне сәйкес Қарыз алушының бекітуіне жататын нұсқаулық деген мағынаны білдіреді.
10. "ЖБТ" - құрамына Жобаның 1 және 2 Құрамдауыштары үшін Жобаның директоры (і); сатып алулар бойынша маман (іі); қаржылық басқару бойынша маман (ііі); үйлестіруші (іv); Жобаның 3 Құрамдауышы үшін үйлестіруші (v); және әкімші ассистент/аудармашы (vi) кіретін, міндеті Жобаны күнделікті басқару болып табылатын, осы Келісімнің 4.01 (а) Бөліміне сәйкес құрылған ҚР БҒМ жанындағы Жобаны басқару тобы.
11. "Сатып алу бойынша нұсқаулық" Банк 2004 жылғы мамырда жарияланған және 2006 жылғы қазанда және 2010 жылғы мамырда қайта қаралған "ХҚДБ қарыздары мен ХДА кредиттері шеңберіндегі сатып алу бойынша нұсқаулық" деген мағынаны білдіреді.
12. "Сатып алулар жоспары" көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен түзетілуі мүмкін сатып алулар бойынша Нұсқаулықтың 1.16-тармағында және консультанттар бойынша Нұсқаулықтың 1.24-тармағында сілтемесі бар 2010 жылғы 12 мамырдағы Жобаға арналған Қарыз алушының сатып алу жоспары деген мағынаны білдіреді.
13. "Жобаның Консультативтік Кеңесі" Операциялық нұсқаулыққа сәйкес ЖБТ-ға арналған сараптау консультацияларын ұсынуға жауапты, осы Келісімнің 4.01 (b) Бөліміне сәйкес құрылатын техникалық сарапшылар кеңесі деген мағынаны білдіреді.
14. "Жобаның Үйлестіру Комитеті" ҚР БҒМ шеңберіндегі комитет, Жобаны қадағалауға, стратегиялық басқаруға, сондай-ақ ҚР БҒМ-нің Жауапты хатшысының немесе жеке сектордан және тиісті үкіметтік органдардан шешуші мүдделі тараптарды қосуы тиіс тағайындалған өкілдің басшылығымен Жобаны жалпы үйлестіруге жауапты жоба деген мағынаны білдіреді.
15. "Қоныс аудару" (і) ғимараттарды және егінді өзімен бірге алатын: (А) орын алу немесе баспанасын жоғалту; (В) мүліктен немесе мүлікке қол жеткізуден айрылу; немесе (С) табыс көзін немесе өмірлік әрекет құралын жоғалту, жәбірленушілердің басқа орынға қоныс аударуы қажет пе немесе қажет емес пе, аталған жерде не өседі немесе тұрақты бекітілген - барлығын қоса алғанда, жерді еріксіз алу; немесе (іі) заңмен белгіленген парктерге немесе жәбірленушілердің өмірлік әрекетіне қолайсыз әсер беретін, парк маңайында немесе қорғалатын аумақтарда тұратын адамдарға немесе Жобаны іске асыру уақытында және іске асырып болғаннан кейін парктің аумағында немесе қорғау аумағында өмір сүруін жалғастыратындарға қатысты ресурстарды пайдалануды қорғау органдарына баруға еріксіз шектеу деген мағынаны білдіреді.
16. Банк үшін тиімді, Бенефициар дайындайтын іс-шараларға қатысты ҚОБС-тың талаптарымен сәйкес, Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберінде Бенефициар жүзеге асыратын "ҚОЫБ нақты жұмыс аумағы үшін" нақты жұмыс аумағы үшін Жобаның бағалау әсерін білдіреді, жағдайға байланысты басқаларды қосады: (і) жобаның іс-шаралары өтетін жерде, жұмыс аумағы/территориясының сипаттамасы; (іі) жоғарыда (і)-тармағында айтылған іс-шараларға әлеуметтік, экологиялық жағымсыз әлеуетті және нақты әсері; және (ііі) ҚОБС-қа сәйкес қажет жеңілдету шараның, мониторингтің, сонымен қатар интитуционалдық шараның сипаттамасы.
17. "Кіші грант" Бенефициарға Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберіндегі кіші жобаның шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және консультанттардың қызметтерін қаржыландыру үшін берілген немесе ұсынылған грант деген мағынаны білдіреді.
18. "Кіші грант туралы келісім" Жобаның 3 (b) және 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберінде Кіші жобаны қаржыландыру мақсатында Қарыз алушы мен Бенефициар арасында жасалған келісім деген мағынаны білдіреді.
19. "Кіші жоба" кіші грант қаражаттарын пайдалану арқылы Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрамдауыштарының шеңберінде Бенефициар іске асыратын нақты Жоба деген мағынаны білдіреді.
20. "Теңге" Қарыз алушының заңды валютасы деген мағынаны білдіреді.
ІІ Бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер
Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілген:
1. 2.07 Бөлімнің (а) Параграфы мынадай редакцияда айтылады:
"2.07 Бөлім. Қайта қаржыландыруға дайындау үшін аванс; Қарыз бен сыйақыны ашу үшін комиссияны капиталдандыру
(а) Егер қарыз туралы келісім Банктің немесе Қауымдастықтың ұсынған Қарыз қаражатынан аванс төлеуді қарастырса ("дайындық үшін Аванс"), онда Банк Қарыз туралы келісім тарапынан Кредиттік шоттан осы соманы алынған күні өтеуге алынған және өтелмеген аванс сомасы үшін қажет болатын мұндай соманың күшіне ену датасына дейін немесе кейін Кредиттік шоттан алу және егер де олар қолданылатын болса, осы датаға аударылатын, аванс сомасына барлық есептелген және төленбеген жиынтығын төлеу қажет. Банк алынған бұл соманы жағдайға байланысты өз пайдасына немесе Қауымдастықтың пайдасына төлейді және алынбаған аванс сомасын жоюы тиіс".
2. 7.02 Бөлімнің (1) Параграфы мынадай редакцияда айтылады:
"7.02-бөлім. Банктің Келісімді тоқтатуы
(1) Қойылатын талаптарға сәйкессіздік. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыға (Мемлекет-мүшесінен басқа) немесе Банктен қандайда бір қаржыландыруды алу үшін ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдарды немесе Банк пен немесе Қауымдастықпен толықтай немесе бөлшектеліп қаржыландырылатын, кез-келген жобаны дайындауда немесе іске асыруға қатысқан Банк немесе Қауымдастық нәтижесінде:
Нәтижесінде Қауымдастық: Банк немесе Қауымдастық айқындау кезінде, яғни жобаны іске асыру бойынша Қарыз алушы немесе ұйым алдамшы, сыбайлас жемқорлық, күштеу іс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық ұсынған кез келген қаражатты пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысатын болса; және/немесе басқа қаржыландыру мекемесі жасаған өтініш, яғни жобаны іске асыру жөніндегі Қарыз алушы (мүше мемлекеттерден басқа) немесе ұйым жобаны іске асыру бойынша аталған қаржылық мекеменің қаржысын алуға құқығы жоқ, немесе аталған қаржы мекемесі ұсынатын кез келген қаражатты пайдалануға байланысты алдамшы, сыбайлас жемқорлық, күштеу іс-әрекеттерге қатысатын болса.
III Бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер мынадай редакцияда беріледі:
1. 5-бөлім 5(а) бөлім ретінде қайта нөмірленген және мынадай редакцияда 5(b) жаңа бөлім қосылған:
"...(b) Аталған Нұсқаулық Банктің Қарыз алушыға (мүше мемлекеттерден басқа) қолданатын санкциялары мен тиісті шараларын қарастырады немесе нақты тұлға немесе заңды тұлға аталған мекеменің анықтауы нәтижесінде басқа қаржы мекемесімен шеттетілетін жағдайда Қарыздың қаражатын алушы болып табылатын басқа тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға немесе (Қарыз алушы немесе нақты тұлға немесе заңды тұлға аталған қаржы мекемесі ұсынған қаржылық қаражаттарды пайдалануға байланысты алдамшы, сыбайлас жемқорлық, күштеу іс-әрекеттерге қатысатын болса.
2. 11-бөлім (а) келесі редакцияда өзгертілді:
"...(а) Қарыз алушыға (мемлекет мүшесінен басқа) (fn 14) немесе нақты тұлғаға немесе заңды тұлғаға, Қарыз алушының жария арызын қоса (шектеусіз), нақты тұлғаға немесе құқық берілмеген заңды тұлғаға, немесе белгісіз мерзім немесе нақты кезең уақытына санкция салу Банк рәсімдері мен саясатына (fn 13) сәйкес санкцияларын Қолдану: (і) Банк жағынан тұлға үшін қаржыландыру келісімін алу үшін; (іі) немесе Банкпен қаржыландырылатын, қаржы және басқа қатынаста, қосалқы мердігер ретінде, келісімнің пайда алушы ретінде қызмет ету; және (ііі) жобаны немесе басқа жобаны іске асыру немесе әзірлеуге қатысу, Банк ішінара немесе толық қаржыландырылатын, аталған Қарыз алушы, нақты тұлға немесе заңды тұлға алдамшылық, жемқорлық, еріксіз әрекет немесе қаржыландыру қаржысын қолданумен байланысты бәтуаласуда, егер, Жобаны іске асыру жөніндегі Қарыз алушы немесе ұйым жобаны іске асыру бойынша аталған қаржылық мекеменің қаржысын алуға құқығы жоқ, немесе аталған қаржы мекемесі ұсынатын кез келген қаражатты пайдалануға байланысты алдамшы, сыбайлас жемқорлық, күштеу іс-әрекеттеріне қатысуға жол бермеу туралы мәселелерін орындау мақсатында қаржыландыру мекемесі Банкпен бірлесіп келісім жасады (fn 15)".
Сілтемелер:
"13. Банктің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес санкция салу бойынша рәсімдер аяқталған соң, немесе Банк тыйым салу туралы келісімге екі жақты қол қойылған басқа қаржы мекемесімен салынған ағымдағы санкция салуға байланысты немесе санкциядан кейінгі рәсімдердің шеңберінде уақытша шеттету немесе ерте уақытша шеттету, қаржы мекемесі берген ақпараты нәтижесінде фирма немесе нақты тұлға алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлі іс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдалануға байланысты ымыраласуға қатысқан нақты тұлға немесе заңды тұлға Банк қаржыландыратын келісімді беру үшін заңсыз тұлға ретінде анықталуы мүмкін."
"14. Мүше мемлекет Сатып алу бойынша нұсқаулықтың 1.8 (b) тармағының шеңберінде конкурстық саудаларға қатысуға немесе Консультанттар бойынша нұсқаулықтың 1.11(с) тармағының шеңберінде қатысуға құқығы жоқ ұлттық үкіметтің немесе оның саяси немесе әкімшілік бөлімшелерінің және мемлекеттік мекемелер мен агенттіктердің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінен тұрады."
"15. Банк санкциялар бойынша Кеңес құрды, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау мақсатында тиісті рәсімдерді жасады. Санкциялар бойынша Кеңес рәсімдері Банкте қолданылатын санкциялардың толық жинағын айқындайды. Сонымен қатар, Банк ішкі хаттаманы қабылдады, онда басқа қаржы мекемелері жүргізетін шеттетулер жүзеге асырылу кезінде назар аударылуға тиіс үдерісі қамтылған, сондай-ақ тоғыспалы жол бермеу Банктің веб-сайтында қалай жарияланатындығын және қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың назарына жеткізілгендігін түсіндірілген.".