"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1085 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет
процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,29, 32-құжаттар):
      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) инвестициялық ұсыныс - одан әрі әзірлеу және түзету, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің қажетті сараптамаларын жүргізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайтын тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, оларға қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономиканың саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкес келуі мәніне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;
      30-2) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау мәніне техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
      30-3) бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық қорытындысы  - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі мәніне бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;
      30-4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - іс-шаралардың салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың қорытындылары негізінде өткізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкес келуі мәніне қаржы-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
      30-5) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы - бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның елдің экономикасына әсер етуі мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі мәніне заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;»;
      54) және 55) тармақшалардағы «және бюджеттік» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 14-баптың 1-тармағындағы «қоры трансферттерінің» деген сөздер «қорының кепілдік берілген трансфертінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 19-баптың 6-тармағындағы үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      6-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтері жалпы қаражатының көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы тағайындалуын ұлғайтады.»;
      4) 23-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 24-бапта:
      3-тармақта:
      «бюджетті түзету арқылы» деген сөздерден кейін «азаматтық-құқықтық мәмілелері осы Кодекстің 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бюджетінде бекітілген» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ «өткен қаржы жылының» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 26-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 30-баптың 3-тармағындағы, 32-баптың 6-тармағындағы, 59-баптың 2-тармағындағы, 64-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 65-баптың 1 және 3-тармақтарындағы, 67-баптың 6-тармағының 4) және 6) тармақшаларындағы, 10 және 13-тармақтарындағы, 71, 72, 73-баптардың 1 және 6-тармақтарындағы, 74 және 75-баптардың 3-тармағындағы, 79-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 80-баптың 3-тармағындағы, 81-баптың 2, 3 және 4-тармақтарындағы, 92-баптың 2-тармағындағы, 107-баптың 6 және 7-тармақтарындағы, 109-баптың 4-тармағындағы, 153-баптың 7-тармағындағы, 157-баптың 10-тармағының бірінші бөлігіндегі, 159-баптың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 187-баптың 2) және 3) тармақшаларындағы, 217-баптың 1-тармағындағы, 230-баптағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 32-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемімен, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерімен қоса бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.»;
      8) 45-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.»;
      9) 46-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздерден кейін «, облыстың өкілді және атқарушы органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 49-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «трансферттер» деген сөз «кепілдік берілген трансферт» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тарату рәсімдерін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот шешімі негізінде жүргізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 58-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының болжамды көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
      13) 60-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
      14) 61-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;
      2) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;
      15) 62-бапта:
      3-тармақтағы «әлеуметтік-экономикалық даму болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үшін көзделген» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, мәслихаттардың аппараттары және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі және 6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      16) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
      «65-1-бап. Бюджет шығыстарын болжамдау
      1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың көлемін болжамдауды тиісті бюджет комиссиясының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылады және ол мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бес жұмыс күнінің ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.»;
      17) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік
               бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
      1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға - бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тек бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
      2. Осы бапта көрсетілген құжаттарға нәтижелерді бағалау жүргізген жағдайда бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
      18) 67-баптың 11-тармағындағы «әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе
               стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен
               толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді
               қарау
      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі мәніне қарайды.
      2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджет және өзге заңнамаға, қолданыстағы заттай нормаларға, мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестігі және қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі мәніне қарайды, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың стратегиялық мақсаттары, міндеттерімен өзара байланысына қарайды.
      3. Қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік өтінімдер осы баптың бірінші және екінші тармақтарында көзделген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне пысықтауға қайтарады.
      4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді бюджет комиссиясы қарайды.
      Бюджеттік комиссия мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен өзара байланыста бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстардың болжамды көлемін қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының
ұсыныстарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға
пысықталған бюджеттік өтінімдерді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.»;
      20) 75-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «шығаруға құқылы» деген сөздер «шығарады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      «бір апта мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік жеті күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға», «жергілікті бюджеттік» деген сөздер алып тасталсын;
      21) 81-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта «Тиісті» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 107-бапта 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға өзгерістер енгізу көзделіп отырған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді де ұсынады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
      5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      23) 112-бапта:
      5-тармақта:
      «Үкіметіне,» деген сөз «Үкіметіне және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде ескеріледі.»;
      24) 117-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті;»;
      25) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.»;
      26) 153-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық қорытынды алу үшін бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсатының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестігі мәніне, соның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (осы әдістемені пайдалану мүмкін болғанда) қарайды және олар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне экономикалық қорытынды жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және/немесе түзетуге арналған инвестициялық ұсыныстарды қарайды және олар бойынша қаржылық қорытындыны қажетті сараптамалар мен қорытындыларды ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      27) 154-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 8-1, 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін қарайды және олар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне экономикалық қорытындыны жібереді.
      1-2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жобаларды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін қарайды және олар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысын ескере отырып, тиісті бюджет коммисиясының қарауына қаржылық қорытынды енгізеді.»;
      «8-1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін заңды тұлғаның экономикалық сараптамасын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      «9-1. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.»;
      12-тармақтағы «Экономикалық сараптаманың» деген сөздер «Экономикалық қорытындының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 155-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді және оның оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерге қажетті сараптамалар жүргізу жөніндегі экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың оң экономикалық қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      29) 155-2-бапта:
      2-тармақтағы «уәкілетті» деген сөз «орталық уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасы негізінде бюджеттен осы жобаны қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымы бар концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің оң экономикалық қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жобаларды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қарайды және оң экономикалық қорытынды негізінде концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақ «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп,» деген сөздермен толықтырылсын;
      30) 155-3-бапта:
      2-тармақтағы «қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді» деген сөздер «экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған экономикалық қорытындыны тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.»;
      31) 155-4-бапта:
      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытындысының;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық қорытындысы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасы негізінде дайындалады.»;
      32) 156-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негіздемелерін олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негіздемелерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өзіне заңды тұлғалардың қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.»;
      4-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау», «экономикалық сараптаманың қорытындысы» деген сөздер тиісінше «бюджеттік жоспарлау», «экономикалық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы ескеріле отырып жүргізіледі.»;
      «5-1. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы жергілікті атқарушы органдар белгілейтін заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасы ескеріле отырып жүргізіледі.»;
      33) 157-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджет комиссиясы қарамай және ұсынбай бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгі жобасында көзделмеген бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соқтыратын жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрауыштар енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға жол берілмейді.»;
      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
      10-тармақта:
      екінші бөлікте:
      «жоспарлау жөніндегі» деген сөздерден кейін «орталық» деген сөзбен толықтырылсын;
      «мемлекеттік жоспарлау», «тартуға құқылы» деген сөздер тиісінше «бюджеттік жоспарлау», «тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      34) 159 баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
      «жоспарлау жөніндегі» деген сөздерден кейін «орталық» деген сөзбен толықтырылсын;
      «тартуға құқылы» деген сөздер «тартады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      35) 187-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық және әлеуметтік тиімділікке, сондай-ақ бюджеттік кредит беру арқылы іске асырылатын іс-шаралардың өтелімдігіне негізделе отырып, бюджеттік кредит беру орындылығын айқындауды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытынды дайындауды;»;
      36) 203-баптың 1-тармақта:
      1) тармақшаның екінші бөлігінде:
      «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бюджетті атқару» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік
жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      37) 215-баптың 3-тармағындағы «заңды тұлғалар үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, № 22-П, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж. № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29- құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат):
      557-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж. № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., N 8 24, 133-құжат; 2010 ж. № 7, 29-құжат):
      1) 1-баптың 8-5) тармақшасындағы «, экономикалық және бюджеттік» деген сөздер «және экономикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9-бапта:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы «экономикалық» деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасы негізінде:
      концессиялық ұсыныстардың қорытындысын;
      техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық қорытындысын;
      конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
      концессионерді іріктеу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге қорытындысын;
      концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі қорытындысын;
      концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына қорытындысын дайындайды.»;
      2) тармақшадағы «экономикалық сараптамасының» деген сөздер
«экономикалық қорытындысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақшада:
      «конкурстық құжаттаманы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
      «және концессия шарттарының жобаларын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) концессиялық міндеттемелердің қаржылық шектерін және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгілейді;»;
      4) 15-1-бапта:
      1-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі» деген сөздерден кейін «орталық» деген сөзбен толықтырылсын;
      5-тармақтағы «уәкілетті», «қорытындысы негізінде техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді немесе түзетуді», «тиісті бюджет комиссияларының қарауына» деген сөздер тиісінше «орталық уәкілетті», «сараптамасы негізінде техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету бойынша экономикалық қорытындыны», «бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға жібереді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың экономикалық қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджеттік  комиссиялардың қарауына енгізеді.»;
      5) 15-2-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасы негізінде концессиялық жобалардың әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық қорытынды дайындайды және осы Заңда айқындалған мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын түрлерін қамтитын экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің оң экономикалық қорытындысы негізінде бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына енгізеді.»;
      6) 16-баптың 3-тармағындағы «экономикалық сараптамасының
нәтижелерін» деген сөздер «экономикалық қорытындысын» деген сөздермен
ауыстырылсын;
      7) 20-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда
жазылсын:
      «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған экономикалық қорытындыны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына енгізеді.».
      4. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж. № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3,18-құжат; 2010 ж. № 7,29-құжат):
      20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджетті атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады