Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1089 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамдарына мыналар енгізілсін:
      Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:

Жұмажанов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Бауыржан Жұмажанұлы           шаруашылығы министрлігінің Балық
                              шаруашылығы комитеті төрағасының
                              орынбасары, төраға,

Әлсейіт                     - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асанбай Мейірбекұлы           шаруашылығы министрлігінің Су
                              ресурстары комитеті Су ресурстарын
                              пайдалануды реттеу және қорғау
                              жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік
                              инспекциясының бастығы;

      Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:

Жұмажанов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Бауыржан Жұмажанұлы           шаруашылығы министрлігінің Балық
                              шаруашылығы комитеті төрағасының
                              орынбасары, төраға,

Жүнбасов                    - Маңғыстау облысы әкімінің
Мұханбет Мұратбайұлы          орынбасары,

Бұқарбаев                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Әлібек Рысжанұлы              шаруашылығы министрлігінің Балық
                              шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий
                              облысаралық балық шаруашылығы
                              бассейндік инспекциясы бастығының
                              орынбасары;

      көрсетілген құрамдардан Ромашов Юрий Төлегенұлы, Тілеулесова Анар Иманғазықызы, Боқанов Қармыс Боқанұлы, Сүлейменов Райымбек Асылбекұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады