"Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1107 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат, № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 7, 28-құжат) мына өзгерістер енгізілсін:
      1) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және өзге соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Жоғарғы Соттағы, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (соттар кеңселерінде) (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) сот приставтарының бөлімшелерін құрады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
      екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер «уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      «тиісінше» деген сөз алып тасталсын;
      «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 8-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «аумақтық белімнің басшысына хабарлауға міндетті, аумақтық бөлім басшысы осындай жағдайлар жөнінде» деген сөздер «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «органның» деген сөз «бөлімшенің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      «тиісінше» деген сөз алып тасталсын;
      «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Сот приставтарының қызметін бақылау
      1. Жоғарғы Соттағы және аумақтық бөлімшелердегі сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті орган сот приставтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру кезінде Жоғарғы Соттағы және аумақтық бөлімшелердегі сот приставтары қызметінің ұйымдастырылуына тексеру жүргізеді.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады