Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1122 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.28 № 1253 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне адамдардың өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдайларды болдырмау мақсатында «Медеу - Шымбұлақ» автожолының қауіпті учаскелерінде тау беткейлерін бекіту және қар тұтқыш, көшкінге қарсы құрылыстарды жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 195013000 (бір жүз тоқсан бес миллион он үш мың) теңге және Алматы қаласының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 506786000 (без жүз алты миллион жеті жүз сексен алты мың) теңге бөлінсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.28 № 1253 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3-1. Алматы қаласының әкімі 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп берсін.
      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.28 № 1253 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады