Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1122 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақтағы «701799000 (жеті жүз бір миллион жеті жүз тоқсан тоғыз мың) теңге» деген сандар мен сөздер «195013000 (бір жүз тоқсан бес миллион он үш мың) теңге және Алматы қаласының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 506786000 (без жүз алты миллион жеті жүз сексен алты мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Алматы қаласының әкімі 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп берсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов